29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СҚО-да ауыл тұрғындары жайылым жерінен айырылып қалды

СҚО-да ауыл тұрғындары жайылым жерінен айырылып қалды
Есіл ауданына қарасты Бірлік ауылының тұрғындары жайылымсыз қалды. Елді мекен іргесіндегі жайылымдық жер жекенің қолына өтіп кеткен. Биылғы құрғақшылық салдарынан шабындықта да шөп жоқ. Төрт түлікпен күнін көріп отырған халық малын арзанға сатуға мәжбүр. Ал аудандық әкімдіктен ешқандай көмек жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.


«ЖЕРДІ ЕШКІМГЕ БІЛДІРМЕЙ САТЫП ЖІБЕРГЕН...»

Бірер күн бұрын «Нан-Тілеп» серіктестігінің техникасы ел іргесіндегі жерді жырта бастаған. Ауылдық округ әкімі Оралбек Қоңқабаевтың айтуынша, биыл шекара белгіненіп, келер жылы шаруа қожалығы учаскені оны өз мақсатына пайдаланбақ. Мүлік 2019 жылы аудандық комиссия шешімімен жекенің қолына өтіп кеткен. Ал ауыл тұрғындары мұндай ақпараттан бейхабар болып шықты.

«Жерімізді жыртып жатыр. Халыққа хабарланған жоқ, бізбен ешкім ақылдаспады. Көпшілік болып тракторларды тоқтаттық. Бұл жер өте қолайлы. Шабындыққа жарамаса да, мал жаюға шөбі құнарлы. Жанында көл бар. Ауылда мал ұстаудан басқа амал жоқ. Талай рет жер сұрап әкімдікке бардық. Конкус өтер кезде жарияланбайды. Біз білмейміз. Құр алақан қалып отырмыз. Мына жерді де ешкімге білдіртпей сатып жіберген. Әкім кім үшін жұмыс істеп отыр? Туыстары үшін бе, халық үшін бе?», - дейді Бірлік ауылының тұрғыны Қуатбек Ақышев.

ҚЫМБАТҚА АЛҒАН МАЛДЫ АРЗАН САТУҒА МӘЖБҮР

Бірлік ауылында 47 түтін бар. Жартысынан көбі - тарихи Отанын аңсап Қытайдан келген қандастар мен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден көшіп келген азаматтар. Елді мекенде мектептен басқа ешқандай нысан жоқ. Жұмыс болмаған соң көпшілік мал бағып, бала-шағасын асырап отыр.

Нұрғожа Құрманғали өткен жылы несиеге бірнеше сиыр мен жылқы алған. Жоспары - мал басын көбейту. Алайда, биыл азықтан таршылық көргендіктен малын алған бағасынан 15-20 пайызға арзан сатуға мәжбүр. Оның өзі күйі болмағандықтан өтпей жатыр. Ауыл тұрғыны қалғанын аман алып қалу үшін күнде 10 шақырым жерден ат арбамен шөп шауып әкеледі.

«Далада шөп жоқ. Күйіп, шіріп жатыр. Ат-арбамен күніне екі рет барып келемін. Сондағысы орманның ішіндегі шөп пен көл жағасындағы қамысты шауап жүрмін. Өзімізге жер жетпей жатқанда, ауыл іргесіндегі жайылымды жыртып тастады. Халықтың қамын ойлаған ешкім жоқ. Бұл дұрыс емес қой», - дейді ауыл тұрғыны.



ӘКІМДІК ҰСЫНҒАН ЖЕРДЕ ЕРМЕН ҒАНА ӨСЕДІ

Аудандық әкімдік жайылым ретінде басқа жер ұсынған. Ол учаскіде ащы ерменнен басқа шөп кездеспеді. Мал оны жегенімен, еті мен сүті тұтынуға жарамсыз болып қалады. Сәрсембай Жәнеттің 12 бас жылқысы бар. Былтыр Қытайдан көшіп келген бетте 2 млн теңгесін шығындап, үлкен қоршау салған. Енді малын қамап бағуға мәжбүр. Бір орында тұрған 4 биесі құлын тастаған. Басын көбейтем деп баққан малы керісінше, азайып жатыр.

«Үш баламды бие байлап, қымыз сатып асырап отырмын. Ауылда басқа жұмыс жоқ. Мал бағу қиын. Ешқайда шығара алмаймыз. Ауыл іргесі егін. Жайылым жоқ. Былтыр айыппұл салды. Қазір малымды, үйімді, қоршауды сатып, басқа жаққа кетейін десем, оны ешкім алмайды. Осы жерде тұрақтайын, мал өсірейін деп келген едім. Осындай қиыншылыққа тап болдық», - дейді Сәрсембай Жәнет.

Шаруаға малын бір қыс асырап шығу үшін жемді былай қойғанда, шөптің өзіне 800 мың теңге қажет. Қазіргі шөптің бағасын кез келген адамның қалтасы көтере бермейді.

БИЫЛ ШӨП ҮШ ЕСЕ ҚЫМБАТ

Асқар Мұхамедқанұлының да ешкі шаруашылығын ашпақ болған жоспары жүзеге аспай қалды. Өнім алмай жатып, малын сатуға мәжбүр.

«Былтыр екі жігіт бірігіп 200 бас ешкі сатып алдық. Мыңға жеткізбек жоспарымыз болған. Қыс қатты болды. Міне, енді шөп жоқ. Көктемде серіктесім 70 ешкісін сатып жіберді. Мен де сата бастаймын. Жайылым жоқ. Ауылдың екі басы да сатылып кеткен. Шабатын да жер жоқ», - дейді ол.


СҚО-да ауыл тұрғындары жайылым жерінен айырылып қалды

Ауыл тұрғындарының мәселесін арқалап Есіл ауданының әкімі Медет Оспановқа жолықтық. Шенеунік Бірлікте жайылым да, шабындық те жеткілікті екенін айтты.

«Биыл қуаңшылыққа байланысты шөп аз. Сондықтан «Нан-Тілеп» серіктестігінің жұмысын тоқтатып қойдық. Бірақ ол жерді келесі жылы игеріп, шөп егіледі. Алқап 2019 жылы шаруашылыққа комиссия шешімі бойынша берілген. Онда заңсыздық жоқ. Қазір егін өсіп тұрған жерлер бұрыннан бері сол мақсатқа пайдаланылған. Халықтың даурығып отырғаны орынсыз. Олар малын бос жібергісі келеді. Егінді бассын дейді, өздері бақпайды. Әйтпесе жайылым да, шабындық та жетеді», - дейді ол.

Былтыр Солтүстік Қазақстанда шөптің кішкентай орамасы орта есеппен 2500 теңге болды. Қазір бағасы кей аудандарда екі, облыс орталығына жақын жерлерде үш есеге дейін қымбат. Биыл құрғақшылықпен қатар келген әкімдік шешімі жығылған халыққа жұдырық болып тиді. Жарнамалық сайтта «қой, сиыр, жылқы сатамын» деген хабарламалардан көз сүрінеді. Саудаға шығарылған күйі жоқ мал өтпей жатыр.
Просмотров материала: 1 399

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 610 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 449 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 435 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 372 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 328 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 636 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 293 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 447 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031