20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Қажылыққа деп 3,5 млн теңгеден бердік». Туристік компания 40-тан аса адамның ақшасын қайтармай отыр

02 август 2021, 16:30
«Қажылыққа деп 3,5 млн теңгеден бердік». Туристік компания 40-тан аса адамның ақшасын қайтармай отыр
Биыл мамыр айында 40-қа жуық адамды үлкен қажылыққа апарамыз деп ақша жинап, уәдесін орындай алмаған Алматыдағы «Зәм-Зәм» туристік компаниясы халықтың ақшасын қайтармай отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне Алматы тұрғыны Панар Дүкенбаева айтып берді.

«Маусым айында жолдасым екеуміз үлкен қажылыққа барамыз деп «Зәм-зәм» компаниясына құжаттарымызды өткіздік. Компанияға адам басына 3 млн 400 мың теңгеден 6 млн 800 мың теңге бердік. «ПТР-ға адам басына $200-дан дайындайсыздар, тамаққа, құрбандыққа $700 алыңыздар» деді. Біз компанияға барғанда жасы 80-ге таяп қалған қарт әжей отырды. Ол кісі сәуір айында кіші қажылыққа барамын деп ақша өткізген екен. Сол кісінің визасы шыққан екен «Сіз үлкен қажылыққа баратын болдыңыз, үстінен ақша төлеңіз» деп қызын шақыртып, ақша төлетіп жатты. Сонда олар қалай Умраға баратын адамды үлкен қажылыққа жіберіп жатыр? Сол кезде бізден алған ақшаны қосып, 26 адамды қажылыққа жіберген болып тұр ғой. Бірақ ол кісілерде қажылығын өтей алмай, Мединадан қайтып келіпті. Біз қаражатымызды өткізгелі үшінші айға аяқ басты. «Қаражаттарыңыз тамыз айынан кейінгі үш айдан соң есептеліп беріледі» дейді. Карантин күшейіп жатқан қазіргі кездің өзінде Умраға адамдарды аттандырғалы ақша жинап жатыр», - деді кейіпкеріміз.

«БАРМАҒАН САПАРҒА 1 МИЛЛИОН 300 МЫҢ ҰСТАП ҚАЛМАҚШЫ»

«Зәм-зәм» туристік компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасына кірсек, қызметкерлер ұсақ ақша жинайтын сандықша (копилка) сатып, конкурс ұйымдастырумен белсенді айналысуда.

«Қажылыққа деп 3,5 млн теңгеден бердік». Туристік компания 40-тан аса адамның ақшасын қайтармай отыр


«Бұл компания ары қарай да адамдарды алдауын тоқтатар емес. Бізді сабырға шақырып, whatsapp-тағы ортақ чатқа түрлі видеолар мен жазбаларды жіберіп қояды. Қолдарына банк арқылы 7 миллион теңге беріп кеттік. Компания бастығы «сотқа берсеңіздер де, ақшаны аласыздар» дейді. «Визаның ақшасы бір адамға 650 мың теңге, соны ұстап қаламыз» деп отыр. Жолдасым екеуміздікі 1 миллион 300 мың шығады. Сонда біз бармаған қажылық үшін ішпей-жемей жинаған ақшамызды төлеуге тиіс екенбіз. Бұл дегеніңіз барып тұрған алаяқтық қой. Бізден басқа 40 адам бар. Бұл компанияда ақша жоқ. «Елдерді Умраға жіберген соң ғана ақшаларыңызды қайтарамыз» деп отыр. Директоры да, қызметкерлері де алаңсыз әлеуметтік желіде копилка сатып, қажылыққа жолдама ойнатып жүр. Компанияның мұндай құйтұрқы әрекетінен бейхабар адамдарды желіде отырып тектен-текке алданып қалмауға шақырамын. Компаниямен заңды түрде соттасайық деп отырмыз», - деді Панар Дүкенбаева.

«ЗӘМ-ЗӘМ» ҚҰЖАТ БОЙЫНША БАНКРОТҚА ҰШЫРАҒАН

Azattyq Rýhy тілшісі аталған мәселеге байланысты «Зәм-Зәм» компаниясына хабарласқан еді, компания өкілі жауап беруден бас тартты.

«Мен сіздің журналист екеніңізді қайдан білемін? Шағымданған адам біздің офиске келсін, сөйлесіп, бар жағдайды түсіндіреміз. Сіздің сұрақтарға жауап бере алмаймыз», - деді телефон арқылы ер кісі.

Кейіннен компания өкілдері Панар Дүкенбаеваға хабарласып, журналистерге шағым түсірмеуін өтініпті. Uchet.kz контрагенттік порталында «Зәм-Зәм» ЖШС басшысы Жетпісбаев Бахытжан Оразбекұлы деп көрсетілген.



Ондағы мәліметтер бойынша, «Зәм-Зәм» ЖШС банкротқа ұшыраған, салық және кедендік төлемдер бойынша мемлекетке қарыз, құжат жағынан тіркеуі жарамсыз, жалған кәсіпорын.

ҚАЖЫЛЫҚ САПАРЫМЕН КІМДЕР АЙНАЛЫСА АЛАДЫ?

Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан мұсылмандар басқармасына жүгінген еді, Мүфтият баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы жекелеген туристік компаниялардың басқармаға қарамайтынын жеткізді.

«Елімізде қазір 20 қажылық компаниясы жұмыс істейді. Ол компанияларды діни басқарма арнайы іріктеуден өткізеді. Онда компанияның 5 жылдық тәжірибесі, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кеңсесі болуы қарастырылады, сондай-ақ, діни басқармамен меморандумға отыру сынды талаптар бар. Осы талаптардан өткен компанияларға діни басқарма қажылық сапарын өткізуге ресми түрде рұқсат береді. Ал діни басқарманың талаптарын орындамаған, келісімге сәйкес шешім қабылдамаған қажылық компаниялары діни басқарманың қажылық квотасын ала алмайды. Діни басқарманың сараптау комитетінен өтпеген туристік компаниялардың іс-әрекетіне біз жауап бермейміз», - деді ол.

БІРІНШІДЕН, Қазақстан азаматтары үшін қажылық сапары ҚМДБ-ға қарасты Қажылық миссиясының ұйымдастыруымен және миссияның тиісті талаптары мен нұсқамалары негізінде жүзеге асады.

ЕКІНШІДЕН, ҚМДБ және Сауд Арабия корольдігінің Қажылық министрлігі арасында қабылданған ресми келісім құжатына сәйкес, қажылыққа қатысты ресми құжаттарды рәсімдеу, тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізу, т.б. іс-шаралар Діни басқарма тарапынан орындалады.

ҮШІНШІДЕН, ҚМДБ қажылық сапарының Ислам шариғаты мен Әбу Ханифа мәзһабы негізінде орындалуын қадағалайды.

ТӨРТІНШІДЕН, қажылық сапарына ниет еткен азаматтар ҚМДБ Қажылық бөлімінің нұсқамалары, кеңестері мен ресми ақпараттарына сәйкес шешім қабылдауы қажет екенін жеткіземіз.

БЕСІНШІДЕН, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті хадис-шарифтерінің бірінде: «Бізді алдаған адам бізден емес» деген. Қажылық сапары алдында жалған құжат жасап, шариғат пен заң талаптарына сәйкес келмейтін әрекетке бару күнә әрі қылмыстық іс екенін жеткіземіз.
Просмотров материала: 950

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 717 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 540 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 508 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 442 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 426 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 744 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 465 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 377 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 297 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 445 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 447 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930