17 сентября 2021 г.

Мы в соц сетях:



Жаңа әкімдер жаңа саяси лидерлерді алып шығады - Б.Серікбаев

Жаңа әкімдер жаңа саяси лидерлерді алып шығады - Б.Серікбаев
"Сайлау өтті! Үш жағдай бар.

Біріншісі, саяси партиялардың ресурстық әлеуеті мен саяси тәжірибесі әртүрлі. Бұл жағынан «Nur Otan» партиясы көш бастап тұр. 627 ауыл әкімі «Nur Otan» партиясынан сайланды. Қалғаны өзге партиялардан. Өзін-өзі ұсынып әкім болғандар саны - 33. Ауыл партиясынан - 33 әкім. Адал - 15. Ақ жол - 11. ҚХП - 10. ЖСДП - 1.

Регион қала емес. Көптеген саяси партиялардың аудандарда өкілдігі де жоқ. Мұны ел аралап жүріп талай көрдік. Ол нені білдіреді? Аймақтармен жұмыстың жоқтығын көрсетеді. Ал, фейсбукта, әлеуметтік желіде анау да мынау әңгіме айтып, сайлауда жеңіп кетемін деген дүние Қазақстан шарттарында практикада іске аспайды. Мүмкін емес. Халықтың 43% ауылда тұрады. Ал аймақтарда негізінен консервативті принциптерге берік, көзбен көріп, қолымен ұстаған дүниесіне сенетін электорат шоғырланған. Астана мен Алматыда отырып айтқан, өзі көрмеген адамға сеніп, шапқылай бермейді. 2019 жылғы сайлаудан кейін бұл өз деңгейінде барынша артты.

Екіншіден, «Nur Otan» партиясы аймақтардағы беделді адамдардың басым бөлігін қарамағына тарта білген. Сол азаматтар ауыл әкімі сайлауына түсті. Халық сол партия лидерлерінің беделіне, сөзіне, уәдесіне сенді. Турасын айтқанда қазір аймақтарда халыққа сенің жұмыс істейтін не істемейтін адам екенің басты сұрақ. Ал халық бір-бірін танитын ауылды жерде сайлауға түсіп жатқандардың кім екенін, өткен жолын, әулеті мен ата-бабасына дейін жақсы біледі. Билікте отырған партияның тактикалық тұрғыда ұтқан жері осы. Ауылда мықты, беделді тұлғаларды сайлауға түсірген.

Үшіншіден, аймақтарда Президент, Парламент сайлауында ғана белсенетін саяси партиялардың әрекеттері халықтың ығырын шығарған. Бұл аксиома. Келеді, сайлаудан кейін «Nur Otan» партиясынан басқасын көрмедік дегенді талай естідім. Бұл реализм. Өзге партиялар жұмыс істеуі керек.

Сайлаудың алғашқы этапы аяқталды. Не алдық?..

Біріншіден, барлық партиялар ауыл әкімінде өз үлесін алды. Енді ауыл халқы 4 жылдың көлемінде әр партия өкілінің қандай жұмыс атқарғанын салыстыра алады. Бұл саяси бәсекені арттырады. Қатар отырған екі ауылда екі партияның әкімі екі түрлі жұмыс істесе халық та келесі сайлауда кімге дауыс беру керектігін түсіне бастайды.

Екіншіден, әкім жұмысы ауыл кеңесінің бақылауында болады. Ауылда 11 салықтан түскен бюджет қалады. Оны қайда жарату керектігін әкім ауыл кеңесімен бірлесіп шешеді. Демек халық белсенді болуы керек. Әкімнің жұмысын бақылап, араласып, көмектесіп бірлесе шаруаны шешуді меңгеруі тиіс.

Үшіншіден, әкім жұмысы ұнамаса ауыл кеңесі әкімді орнынан алу туралы бастама көтере алады. Бұл әкімнің халық алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Төртіншіден, руға бөлініп кетеді деген риск болған. Бірді-екілі факттер болмаса сайлау жалпы республика деңгейінде тыныш, сауатты өтті. Бұл халықтың қазіргіден де үлкен реформаларға біршама дайын екенін көрсетті.

Жалпы алғанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның биылдан бастап ауыл әкімдерін, 2024 жылдан бастап аудан әкімдерін сайлаймыз деген бастамасын халық қолдап отыр. Дұрыс бағыт. Ауыл әкімдерін сайлау әлі жалғасады. Қазір 700-ден астам ауыл әкімі сайланды. Өкілеттік мерзімінің бітуімен келесі этаппен өзге ауылдардың да әкімі сайланатын болады"

Жаңа әкімдер жаңа саяси лидерлерді алып шығады. Келешекте осы әкімдер аудан әкімі сайлауына түсіп, арасынан мықты саяси лидерлер шығатынына сенімдімін. Бұл саяси бәсеке мен саяси мәдениетті арттырады.

Бір түсінетін дүние бар. Саясат әлеуметтік желіде отырып, бәрі білетін бір нәрсені сөзін айналдырып, қайталап жаза беру емес. Саясат нақты практикалық жұмыс. Ауыл әкімдерін сайлау науқаны елге қызмет етемін деген жастарға жаңа мүмкіндік ашып отыр. Мұны өзінің қалауына келсе пайдаланып, нақты практикалық жұмыспен халыққа жақындау қажет.

Саясаттанушы Бауыржан Серікбаевтың әлеуметтік желідегі жазбасы.
Автор: Бауыржан Серікбаев -
Жаңа әкімдер жаңа саяси лидерлерді алып шығады - Б.Серікбаев
Просмотров материала: 464

Поделиться материалом


16:12 Алматы орталығында өрттен шыққан қою түтін тұрғындарды... 29 Просмотров

16:11 В Алматы горит крыша жилого дома... 30 Просмотров

15:57 Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды: зардап шеккен... 57 Просмотров

15:54 "Қазақстанның білім сапасы төмен" деген рейтинке БҒМ жауап... 59 Просмотров

15:49 Заморозки ожидаются в Казахстане... 34 Просмотров

15:37 Казахстанцы распространяют фейк о переходе на дистанционное... 68 Просмотров

15:29 Бір топ жігіт жабылып ұрған 20 жастағы жігіт өзіне қол салды... 84 Просмотров

15:26 Баласы сал ауруына шалдыққан ана жанұшыра көмек сұрады... 46 Просмотров

15:23 Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге декларацияны... 95 Просмотров

15:22 Новую финансовую пирамиду выявили в Казахстане... 80 Просмотров

15:20 Қазақстанда ресейлік зымыран сынақтан өтті... 73 Просмотров

15:12 Найден автор фейкового сообщения о смерти школьника в... 81 Просмотров

14:59 60 дач сгорело в пожаре под Степногорском... 87 Просмотров

14:45 Эксперты: Регулирование социальных сетей – это мировой тренд... 81 Просмотров

14:37 Какие специальности будут востребованы в 2025 году... 89 Просмотров

14:29 Павлодарда шенеунік онлайн-қабылдауда дауыс көтеріп... 87 Просмотров

14:25 20 қыркүйекте 328.00 нысанын ұсыну мен жанама салықтар... 86 Просмотров

14:22 Почему казахстанцы продолжают покидать страну... 96 Просмотров

14:11 Тараз маңындағы жарылыстар: қаза болған әскери прокурор... 95 Просмотров

12:57 Тыйым салынған діни мазмұндағы аудионы сақтаған... 145 Просмотров

12:55 Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті... 95 Просмотров

12:54 Взрыв произошел в подвале дома в Костанае: двое мужчин... 108 Просмотров

12:35 Кызылординца задержали за хранение запрещенных... 112 Просмотров

12:32 Әли Ахмедов "Пантера" лақап атымен танымал боксшыны... 99 Просмотров

12:28 ШҚО-да есірткі қойып кету үшін өзге қаладан арнайы келген 8... 106 Просмотров

12:21 Смертельное ДТП в Мангистау: врачи рассказали о состоянии... 92 Просмотров

12:07 Курс доллара вырос... 92 Просмотров

11:57 БҚО-да қаза тапқан қыз кім екені анықталды: күдікті ұсталды... 143 Просмотров

11:53 Тоқаев Иран президентімен кездесті... 128 Просмотров

11:43 Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлері вакцинация паспортын... 399 Просмотров

11:40 Трех медиков задержали за подделку паспортов вакцинации в... 85 Просмотров

11:33 Семейде пәтерде қамалып қалған балалар құтқарылды... 126 Просмотров

11:28 Задержан подозреваемый в убийстве 21-летней девушки в... 119 Просмотров

11:26 Желідегі кибербуллинг: Мәжіліс депутаты бірінші оқылымда... 109 Просмотров

11:17 Около 3 миллиардов тенге вложили жители Актау в финансовую... 110 Просмотров

11:17 ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің... 102 Просмотров

11:04 Мужчина зверски убил свою жену и сбросил её тело в Большой... 112 Просмотров

10:46 В Костанае зарубивший топором сына пенсионер просит... 126 Просмотров

10:38 Баню переделали в подпольное казино в Алматы... 89 Просмотров

10:31 Туркестан: Шардаринский район газифицирован на 50%... 125 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930