20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Өзбектер жігіттерінің рухын көтеру мен жігерлендіруде қалталы азаматтары аянып жатқан жоқ

27 июль 2021, 12:30
Өзбектер жігіттерінің рухын көтеру мен жігерлендіруде қалталы азаматтары аянып жатқан жоқ
Токио қаласында 23 шілде күні Токио қаласында XXXII Жазғы олимпиада ойындары басталды. Биыл Қазақстан олимпиадалық құрамасы Токио төрінде спорттың 27 түрінен бақ сынайды. Осы уақытқа дейін ел қоржынына дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлетикадан Игорь Сон және Зүлфия Чиншанло үш қола медаль салды.

Бүкіл әлем көз тіккен Олимпиада да спорттың қай түрінен медальді көп иеленуіміз мүмкін, өзбек боксшыларының қазақ боксшыларынан басым түсуінің себебі неде, садақ спортын неге дамыта алмай отырғанымыз туралы Azattyq Rýhy тілшісі белгілі спорт журналисі Қыдырбек Рысбекпен әңгімелесті.

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӨЗБЕК БОКСЫ ЖАЙЛЫ

- Қазақ бокс мектебі техникалық жағынан, бокс сауаттылығы, сапасы және дәстүрі жөнінен өзбек мектебінен жоғары. Рио олимпиадасында медаль, нәтиже жағынан өзбек бауырларымыздың бізден басым болу себебі – олардың федерациясы, қалталы азаматтары AIBA-мен, спорттың басы-қасындағы адамдармен тығыз жұмыс істеп, спортшыларының жеңісі үшін қолдан келген бар әрекетін жасады. Сол Олимпиада ойындарында өзбек ағайындар өз жігіттерін сәл жеңіліп тұрған жағдайдың өзінде желкелерінен сүйрегендей қылып келесі сатыға алып шыққан жағдайлар да кездесті. Тіпті, Рио олимпиадасы аяқталар тұста Еуропа мен Американың мықты бапкерлері біздің құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа келіп, бокстың техникасы, бокстың сапасы, спортшылардың шеберлік деңгейі, ұлттық құраманың жүйелі дайындығы жөнінен «қазақ құрамасы өзбектерден мықтысыңдар» деп мойындаған. Күні кеше сол Риода Василий Левит ресейлік Тищенконы талқанын шығарып жеңеді. Бүкіл дүниежүзінің алдында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томаш Бах, сол тұстағы AIBA президенті доктор Ву осы айқасты көріп отырды. Сол сәтте әлемдік спорттың тізгінін ұстап отырған қожайындардың әділдікке басып, «жігіттер, дұрысы былай» деуге шамалары келмеді.

Иә, өзбектер жігіттерінің рухын көтеру үшін, оларды жігерлендіру үшін қалталы азаматтары аянып жатқан жоқ. Осыны сезінген өзбек боксшылары «Өлсем рингте өлейін, өлмесем жеңіс менікі!» деген сұрапыл мінезге басуға дағдыланып алды. Ал біздің федерация бұл жағынан сәл «ұстамдылық» танытқан тәрізді. Әйтпесе, Рио олимпиадасында Данияр Елеусіновпен бірге Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит чемпиондыққа әбден лайық болды.

Бекет Махмұтов ағамыз АИБА-ның бірінші вице-президенті кезіндегі Сидней олимпиадасындағы боксшылардың жетістігі қазақ спортының мәртебесін көтеріп тастады. Төрт жігітіміз финалға шығып, екі алтын, екі күміс медаль алды. Бұл жерде ұлтты жанымен сүйетін - Бекет ағаның ерен еңбегін ерекше атауымыз керек.

Соңғы 25 жылдағы нәтижелерді сараптайтын болсақ, қазақ боксы нәтиже мен сапа жағынан болсын, спортшылардың техникалық шеберлігі тұрғысынан болсын, дүниежүзіндегі алғашқы үштікте тұр. Білген адамға жер жүзіндегі 7 млрд халықтың ішінде 20 миллион қазақтың бокс спортынан әлемнің үштігіне енуі - сұрапыл нәтиже. Етіміздің үйреніп кеткен соншалық, бокстан өтетін қандай бәсекеден болсын, тек алтын жүлдені аңсап тұрамыз. Үндістанда 1,3 млрд, Индонезияда 330 млн халық тұратынын мұндай кезде ұмытып кетеміз. Немесе Ресейдің 140 млн халқы барын ескермейміз. Мысалы, Ресейдің Мәскеу, Петербор, Омбы, т.б. қалаларында қандай бокс мектептері бар?! Ресейден озғанда «осындай алып империядан оздық-ау», деп қанағат қылмаймыз. Тек қана «алтын алсақ» дейміз. Бұған бізді мықты бапкерлеріміз бен боксшыларымыз үйретті. Бір жағынан бокстың асқар шыңына аяқ тіреген соң, содан түспеуге ұмтылғанның еш айыбы жоқ.

БОКСТАН МЕДАЛЬҒА ҮМІТТІ СПОРТШЫЛАР ТУРАЛЫ

- Бұл олимпиадада туымызды ұстап шыққан Қамшыбек Қоңқабаев ең ауыр салмақта әлем чемпионатының 2017, 2019 жылдардағы екі дүркін күміс жүлдегері. Әлем чемпионатында екі рет күміс алу оңай емес. Мұхтархан Ділдәбеков бір рет әлем чемпионатының, бір рет олимпиаданың күмісін олжалады. Сондықтан Қамшыбек те медальдан үміткер. Бағы жанса, алтын алып кетер. Оның мықты қарсыластары бар, соның ішінде ең мықтысының бірі – Баходир Жалолов деген өзбек боксшысы. Біздің жігіт 29 жаста, бұл ауыр салмақтағы боксшы үшін нағыз піскен, шыңдалған кез.

Одан кейін 24 жастағы жамбылдық Әбілхан Аманқұл деген азаматымыз бар. Жамбыл боксы деген – Серік Қонақбаев, Бақтияр Артаев, Ермахан Ыбрайымов, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Болат Жұмаділовтай саңлақтарды баптаған күшті мектеп. Әбілхан әлем чемпионатының күміс, Азияның қола жүлдегері. Нағыз жұлқынып, шабынып тұрған кезі. Оның да басты қарсыластарының бірі – Исраил Мадринов деген өзбек боксшысы. Екеуінің текетіресі, айқасы тең жағдайда өрбіп жатыр. Бақ шаба ма, бап шаба ма, Токиода жолдары түйіссе, қай бабы келіскені ұтатыны анық.

Абылайхан Жүсіпов екі рет әлем чемпионатының қола медаль иегері атанды. 69 келі салмақ біздің қазақтың оң жамбасына келетін салмақ. Жасы 24-те, нағыз ширығып, бұлықсып тұрған шағы. Қарағанды бокс мектебінің түлегі, өзі өте мәдениетті азамат. Абылайхан тарих пен әдебиеттен хабары бар, интеллектуал жігіт. Алла жазса, Абылайханның нағыз шарықтайтын кезі - осы тұс.

29 жастағы шымкенттік Сәкен Бибосынов та әлем чемпионатының қола жүлдегері. Дүниежүзілік деңгейде үштікке кіріп жүрген 57 келі салмақтағы боксшымыз. Бұл жігіттің де «алтын» алып қалуы бек мүмкін. Мысалы, марқұм Бекзат Саттарханов Қазақстан чемпионаты мен Азия чемпионатының күміс жүлдегері болып барып, Олимпиаданың «алтынына» қол жеткізді. Сондықтан жоғарыдағы жігіттердің бәрінен үміт күтеміз.

23 жастағы маңғыстаулық жас жолбарыс Бекзат Нұрдаулетов 81 келі салмақта дүние жүзінің чемпионы. 2019 жылы Ресейде болған әлем чемпионатында дүние жүзінің чемпионы болды. Бұл жігіттің де басты қарсыласы – Дильшотбек Урузумбетов, оны Бекзат әлем чемпионатында жеңді.

Сосын Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Василий Левит деген жігіттер бар. Олимпиада ойындарынан медаль олжалау бер жағы, спортшыларымыздың жеңісі арқылы ұлттың рухы көтеріледі. Спорт дегеніміз – ұлттық рухты көтерудің төте жолы. 2000 жылы Бекзат пен Ермахан олимпиададан «алтынмен» елге оралған кезде Алматының әуежайына ұшақ таңғы 4:30-да қонған. Сонда 4 мың жанкүйер қос чемпионды және Мұхтархан Ділдәбеков пен Болат Жұмаділовты күтіп алуға барды. Сонша мың адамды әуежайға таң бозында дедектіп апарған ұлттық рух, бауырға деген махаббат пен құрмет емес пе?! Қазір Токиода жүрген спортшыларымыздан үміттеніп, тілектес болып отырмыз. «Жақсы сөз жарым ырыс» деген, спортшыларға жақсы сөзімізбен дем беріп, оларға қолдау көрсете білейік.


Өзбектер жігіттерінің рухын көтеру мен жігерлендіруде қалталы азаматтары аянып жатқан жоқ

Архив: Бауыржан Омаров, Мұстафа Өзтүрік, Қыдырбек Рысбек

ЕРКІН КҮРЕСТЕГІ ЕЛ ҮМІТТЕРІ

- Еркін күресте де үміт артар жігіттер бар. Бұл саланың көшін Дәулет Ниязбеков бастап тұр. Дәулет әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері және еркін күрестен Азияның үш дүркін чемпионы болған жалғыз қазақ балуаны. Қарапайым ғана отбасынан шыққан жігіт. 5-6 жасынан бастап шешесіне қолғабыс жасап, белінен келетін шелекпен көмір тасып, қара жұмыспен шыңдалған еңбекқор бала. Жасы 32-де. Екінші үміткер - 28 жастағы Данияр Қайсанов. Әлем чемпионатының қола медалисі, Азияның екі дүркін чемпионы.

Одан кейін Нұрислам Санаев деген сібірдегі тыва халқының өкілі бар. Ақтөбеге келіп, қазақтың тілін үйреніп, ислам дінін қабылдап, Нұрислам деген ғажап есімді иеленген азамат. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жасы 30-да, бір медальға қол созатын спортшының бірі. Ерғали Әлішер ауыр салмақтағы жігіттің бірі, тәжірибесі кемдеу. Олимпиадада бабы мен бағы қалай болатынын бір Алла біледі.

Аса бір үміт күттіріп отырған жігіттердің бірі Юсуп Батырмырзаев, ұлты ноғай. Азияның екі дүркін чемпионы, Дағыстаннан Қазақстанға күресемін деп келген түйе балуан. Ноғайлармен түбіміз бір, тіліміз де бір ұлтпыз. Осы Юсуп Қазақстанға медаль сыйлауы әбден мүмкін.



Архив: Қыдырбек Рысбек, Жақсылық Үшкемпіров

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ

- Бізде Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Даулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев сынды азаматтар шыққан дәстүрі өте күшті грек-рим мектебі бар.

Токиоға үш балуан жолдама алды. Оның бірі - ақтөбелік Мейрамбек Айнағұлов. Қоржынында әлем чемпионатының бір күміс, бір қола медалі бар. 2017 жылғы әлем чемпионатында финалда қарсыласымен тең күресті. Ең соңғы ұпай жапонға берілгендіктен, алтын медаль жапондық спортшысына бұйырды. Мейрамбектен үміт күтеміз.

Грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев Алматы облысының тумасы. 2017 әлем чемпионатының жылғы күміс жүлдегері, 28 шілде күні Токиоға жолға шығады. Бұл жігіттен де үлкен үміт күтеміз. Үшінші балуан - Нұрсұлтан Тұрсынов, Азия чемпионы, оның тәжірибесі кемдеу. Осы үш балуанымызға да шын пейілден тілектеспіз.



Архив: Дәулет Тұрлыханов, Қыдырбек Рысбек

«САДАҚ АТУ СПОРТЫН ДАМЫТА АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ»

- Садақ ату ата-бабамыздың оң жамбасына келетін, ғасырлар бойы ата-әжелеріміздің қолынан түспеген қару ғой. Садақ спортына «бұл біздің ұлттық спортымыз ғой, осыны дамытайық» деп жанын беріп, көңіл бөлген басшылар кемде кем.. 2001 жылы республикалық Қажымұқан спорт-интернатының директоры кезімде садақ атудан қазақ тобын аштым, Шымкенттен жаттықтырушы шақырттық. Белден басып, намысқа салып отырып қазақ тобы өмірге келді. Сол топтағы спортшылардан бірнеше Қазақстан чемпионы шықты. Бірнеше жыл бойы чемпионаттарға, турнирлерге таза қазақ командасымен барып отырдық. Сол топтан шыққан Бибігүл Ізбасарова, Әйгерім Қалиева және Бауыржан Жолдыбаев деген жігітіміз қазір Ақмола облысында, Нұр-Сұлтан қаласында бапкер болып жүр. Спорттың басындағы азаматтар ұлттық мәселеге жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отыр. Садақшы Санжар Мұсаев әлем кубогының кезеңдерінде жақсы нәтиже көрсетті. Олимпиада ойындарына садақтан жолы түскен бірінші қазақ. Садақ ату спортын әлемде ғылыми негізде дамытқан Оңтүстік Корея мемлекеті. Олар садақ спортына ұлттық қазына, ұлттық мұра ретінде қараған халық. Өкінішке қарай, біздің спорт басшылығы бұл салаға өгейсіне қарады. Садақ спортына жете көңіл бөлсек, әр олимпиадалық цикл сайын алтын медаль олжалайтын мүмкіндігіміз бар. Біздің қазақта мергендіктің - қол мерген, дыбыс мерген, көз мерген деген үш түрі болған. Сондықтан бұл спорт түрі біздің қанымызда, ұлттық кодымызда тұр, тек соны әрі қарай дамытуды қолға алуымыз қажет.



Архив: Қыдырбек Рысбек жазушылармен

ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫН ҚАЛАЙ ДАМЫТАМЫЗ?

- Қазақстан командасы жазғы Олимпиада ойындарында 12-ші орынға дейін көтерілді. Осы уақытқа дейін озық 30 елдің қатарында болып келдік, мықты спорттық дәстүрі бар елміз. Спортты дамытып, мол олжаға кенелу үшін ұлттық намыс керек. Ұлттық рухың көтерілмей, тілің қалпына келмей, салт-дәстүрің оянбай, олимпиада ойындарында ұлттың нағыз потенциалын көрсету мүмкін емес.

Кавказдық спортшылар неге күшті? Біріншіден - оларда иман күшті. Иман бар жерге ұят ұялайды, иманы бар адам ата-анасын сыйлайды, ұяты бар адам Отанын сүйеді, ұлтының намысын ойлап, тілін сақтайды. Тілін сақтаған халық салт-дәстүріне берік болады. Кавказдықтардың тағы бір ерекшелігі – кішкентайларынан бастап таудың суын ішеді. Таудың, бұлақтың суын ішкен адамның ағзасы таза әрі қуатты болады, тынысы кең, санасы тұнық болып, ауыр еңбектен кейін ағзасы тез қалпына келеді. Қобыланды батыр жырындағы Құртқа Тайбурылға қырық күн қулықтың (бірінші құлындаған бие) сүтін берген, тағы қырық күннен кейін қысырақтың сүтін берген. Жылқы бағудың да ғылыми жүйесі бар, оны аталарымыз терең білген. Сосын «түтікпенен су берді, түндікпенен күн берді» дейді. Түтікпен бұлақтың суын берген, бұл ат баптаудың ертедегі ғылыми жүйесі. Ал біз спорттың заманауи ғылыми жүйесін жасай алмай отырмыз. Спорттың ғылыми жүйесін жасап, бапкерлік мектепті күшейтсек, қазақ халқы Кубаның, Ресейдің деңгейіне жетіп, кей спорт түрлерінен миллиардтан астам халқы бар Қытай мен Үндістаннан кем соқпайтын спорттық державаға айналуға қабілетті. Кейінгі жылдары он бапкердің тоғызы қолына қалам ұстамай, жадағай жұмыс істегеннің өзінде біз әлемдік деңгейге шығып тұрмыз. Он бапкердің бесеуі ғылыми жүйе жасаса, Алатаудың қиясынан асып кетер едік. Қазір ғылыми жүйені санаулы бапкерлер ғана ұстанады. Спорт ғылымын дамытуға облыстық басқармалар мүдделі емес, ешкім олардың қолын байлап отырған жоқ. Айқассыз, талас-тартыссыз, ізденіссіз ештеңе болмайды. Ғылым мен білімді қажетсінбейтін адамдар биік мансапты қызметтерге жетіп алған соң ізденетін, ғылыми сараптама жасайтын адамдардың жолын жауып отыр. Жер-жердегі қазақ азаматтары осы жағына терең үңілсе деген тілегім бар.
Просмотров материала: 7 761

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 779 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 602 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 571 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 506 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 488 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 450 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 235 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 671 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 803 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 769 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 319 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 470 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930