13 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әкімдер сайлауында қандай заң бұзушылықтар болды

27 июль 2021, 10:07
Әкімдер сайлауында қандай заң бұзушылықтар болды
Өз отбасы мүшесіне дауыс бермек болды. Кеше ғана өткен ауыл әкімі сайлауында бірқатар заң бұзушылықтар тіркелгені белгілі болды. Партиялық емес байқау орталығының мәліметінше, кейбір пысықайлар құжатсыз келсе, өзгесі дауыс беру кабинасына екі адам болып кіруге әрекеттенген. Сондай-ақ өз туысқанына дауыс беруге асыққандар да бар.

Ал сарапшылар сайлауға оң баға беріп отыр. Ауыл тұрғындары үшін аса маңызды сайлау жайлы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

730 елді мекенде өткен ауыл әкімі сайлауы өз мәресіне жетті. Тіркеуден өткен 2 297 кандидат бақ сынады. Енді алдағы күнде жеңіске жеткен кандидаттар белгілі болады.

Ал сайлау барысында 1 419 адам өзін-өзі ұсынса, 878 кандидат саяси партиялардан қатысқан. Халықтың дауысы арқылы әкім болудан үмітті 2 297 азаматтың 1 839-ы ер адам, 458-і әйел. Әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен үгіт-насихат жұмысына 220 000 теңге бөлінген болатын.

Cайлауды партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділовтың айтуынша, кешегі өткен саяси додада Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облысының ауыл тұрғындары белсенділік танытқан.

Төлеген Күнәділов, "Партиялық емес байқау орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Барлық өңірлерде де халықтың сайлау белсенділігін атап өткен жөн. Біздің мәлімет бойынша Шығыс пен Жамбылда өте үлкен көрсеткіш 90 пайызға жуық ауыл тұрғындарын сайлау учаскесінде дауыс беріп кетті. Ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау мен Батыста. Маңғыстауда 14-ақ учаске болды.

Жалпы Қазақстан бойынша 6 322 ауыл бар, онда 7 миллионнан аса адам тұрады. Жергілікті сайлау комиссиялары жасақтаған дерекке сәйкес, өңірдегі әкімі сайланатын ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала мен кент тұрғындарының 90 пайызы өз таңдауын жасаған.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

Ең төменгі деген көрсеткіштің өзі 73,5 пайыз. Ақмола облысында тіркелгенмен ол өте үлкен пайыздық көрсеткіш. Ол 40-50 пайыз емес, халықтың басым бөлігі қатысты. Кешегі партиядан тыс бақылау орталығы жіберді, сайлау бірқалыпты ұйымдастырған деңгейде өтті. Ауыл тұрғындары азаматтық ұстанымы жақсы болды.

Жалпы 1845 сайлау учаскелерінде Партиялық емес байқау орталығының 2000-ға жуық байқаушылары сайлауды бас-аяғы бақылапты. Жалпы еліміз бойынша 12 заңбұзушылық тіркелген. Олардың ішінде санитарлық талаптардың орындалмау, арақашықтық сақталмау, бюлетень толтыру кабинкаларына екі адамның кіріп кетуі және де өз отбасы мүшесіне дауыс беру әрекеттері тіркелген. Десе де олар сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығына әсер етпеді, дейді мамандар.

Просмотров материала: 1 070

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 681 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 378 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 881 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 929 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 287 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 076 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 097 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 442 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 147 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 163 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 367 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 962 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 094 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 586 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 643 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 823 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 578 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 993 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 770 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 439 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 278 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 648 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 515 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 013 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 452 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 331 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 566 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 965 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 311 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 247 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 392 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 327 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 587 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 703 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30