19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бүгін - Дүниежүзілік аллергия күні

08 июль 2021, 12:53
Бүгін - Дүниежүзілік аллергия күні
Дүниежүзілік аллергия күні 8 шілдеде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтеді.Аллергия күнін белгілеудің өзі әлемде осы дертке шалдыққандар қатарының жыл сайын артып келе жатқандығын білдіреді. ДДСҰ аталған аурумен күресті күшейтуге назар аудартып, ем-шарасын жетілдіру мақсатында 2000 жылы 8 шілдені ресми бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл бұл күн қалыптасқан жағдайға байланысты «Аллергиямен ауыратындарға қамқорлық жасау COVID-19 кезінде де тоқтатылмайды» деген ұранымен өтуде.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республикалық аллергологиялық орталығының басшысы, ҚР аллергологтар, иммунологтар мен иммунореабилитологтар қоғамының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Таир Нұрпейісовтың айтуынша, осы кезең аллергиялық аурулардың ең көп таралуына себеп болатын арамшөптердің гүлдену кезеңінің басталуына сәйкес келетіндігін ескере отырып, қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн.

«Жалпы аллергияның вакцина жасауға және COVID-19 қарсы вакцина жасауға қарсы көрсеткіштері жоқ. Республикалық аллергология орталығы мамандарының ұстанымы халықаралық мәліметтермен, оның ішінде Еуропалық аллергология және клиникалық иммунология академиясының (ЕАКИА) келісім құжатында жарияланған мәліметтермен сәйкес, яғни вакциналармен немесе инъекциялық дәрі-дәрмектермен байланысты емес респираторлық, тағамдық (соның ішінде тауық жұмыртқасына), эпидермальдық, жәндіктерге, сондай-ақ латекске болатын аллергиялық реакциялар COVID-19 вакцинасына қарсы көрсеткіш емес. Аллергиялық аурулардың асқынуы вакцина жасауға уақытша қарсы көрсеткіш болып табылады. Мұндай пациенттерге ауру симптомдарының болмаған кезінде вакцина жасауға болады. Уақытша медициналық қарсы көрсеткіштің ұзақтығын тікелей дәрігер шешеді»,- дейді дәрігер.

Сонымен қатар, ол бронх демікпесі, оның ауыр түрі вакцина жасау үшін қарсы көрсеткіш емес екенін тілге тиек етті. Бірақ вакцина жасар алдында аурудың деңгейін бағалау үшін дәрігерге қаралған жөн.

Дегенмен, кез келген вакцинаға, COVID-19-ға да қарсы вакцина жүргізген кезде қарсы көрсеткіштер болады:

- Вакцинацияға абсолютті қарсы көрсеткіш - адамның өміріне қауіпті ауыр реакцияларға шалдыққандардың (анафилактикалық шок, асфиксиямен болатын Квинке ісігі, Лайелл синдромы және т.б.), расталған құжаттарының, сондай-ақ вакцинаның компоненттеріне жеке төзбеушілігінің болуы. Вакцинаның әр түрінің компоненттері түбегейлі ерекшелінеді, сондықтан Қазақстанда қолжетімді басқа өндірушінің вакцинасын таңдай аласыз.

- Вакцинация жасауға уақытша қарсы көрсеткіш - созылмалы (оның ішінде аллергиялық) аурулардың асқынуы. Бұл жағдайда вакцина жасауды 2-4 аптаға шегеріп, дәрігерге қаралып және емдеу курсынан өткен дұрыс.

«Халық арасында вакцина жасаған кезде жедел реакция болады деген қорқыныш бар. Әдетте, жіті анафилактикалық реакция инъекция жасағаннан кейін 5-20 минут өткен соң пайда болады, көп жағдайда бірден болады.

Бұл кезде адамдар вакцина жасалған жердегі медицина қызметкелерінің бақылауында болады. Егер сіздің анамнезіңізде аллергиялық ауру бар болса, вакцинацияны медицина ұйымдарында жасағаныңыз дұрыс (тіпті стационардың жанындағы емханалардың базасында жасауға да мүмкіндік бар)»,-дейді Таир Нұрпейісов.

Сонымен қатар, маман аллергиктерге арналған қажетті кеңестер ұсынды:

- Аллергиктер аллергиясы жоқ адамдарға қарағанда КОВИД-19 жиі ауырады. Демікпеге қарсы препараттарды қабылдау тіпті коронавирустық пневмонияның жеңіл ағымына әсер ете алады.

- Аллергиялық риниттің белгілері COVID-19 симптомдарына ұқсас болуы мүмкін (иіс пен дәмді сезбеу, жөтел, әлсіздік, дене қызуы, бас ауруы және т.б.).

- Антибиотиктер аллергиялық реакцияның себебі ретінде басқа дәрілердің ішінде бірінші орында (80%-ға дейін) тұр. Профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдамаңыз, өз бетінше емдеумен айналыспаңыз, бұл өте қауіпті болуы мүмкін!

- Аллергиялық ауруларды, оның ішінде демікпені емдеу КВИ қаупінен тоқтатылмауы тиіс. Аллергологтың нұсқауларын орындаңыз, базистік терапияны қабылдаңыз! - Аллергиялық аурулардың қатты асқынуын күтпей-ақ, аллергологтан алдын ала консультация алыңыз.

- Егер сіз аллергияға шалдығып, басқа препараттарды шұғыл қабылдауға мұқтаж болсаңыз, бұл ретте олардың қауіпсіздігіне сенімді болмасаңыз – оларды қабылдауды заманауи антигистаминді дәрілік заттар (мысалы, левоцетиризин) аясында бастаңыз. Олар шоктың даму қаупі мен басқа аллергиялық асқынулардың қаупін азайтады. -

Биологиялық белсенді қоспалар, поливитаминдер және өсімдіктен жасалған препараттардан бас тартыңыз – олардың пайдасы болуы мүмкін, алайда қауіптілігі нақтырақ.

- «Табиғатта», ауылшаруашылық жұмыстарында, өсімдік, жәндіктермен тығыз байланыста болуды шектеңіз. - Өзіңізді хлордан және қоғамдық орындарда себілетін басқа антисептиктерден қашықта ұстаңыз, олар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, үйде химияны пайдалануды шектеңіз.

- Диета ұстаңыз. - Дүрбелеңге жол бермеңіз, аллергияны тоқтатуға арналған дәрілік заттар қолжетімді және олар сатылымда бар. - Ғаламтордағы «сарапшылардың» «пайдалы» кеңесін тыңдамаңыз. Мамандармен кеңесіңіз.
Просмотров материала: 579

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 566 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 388 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 358 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 293 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 273 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 438 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 201 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 225 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 658 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 791 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 689 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 251 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 402 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930