20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан ананың төрт баласы аш отыр

30 июнь 2021, 9:58
Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан ананың төрт баласы аш отыр
Ауыр дертке шалдыққан алматылық Ләззат Алдаберген өзінің мүгедектігі мен балаларына берілетін жәрдемақының ақшасын жалдамалы баспанаға төлейді. Өлместің күйін кешіп жатқан тағдырлы ана жергілікті биліктен көмек сұрағанымен, Алмалы аудандық әкімдігі 5 келі вермишель, сұйық маймен ғана шығарып салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

44 жастағы Ләззат өзінің қатерлі дертке шалдыққанын былтыр қазан айында бір-ақ білген. Одан бір жыл бұрын екі рет тексерілгенде дәрігерлер қауіптенетін түк жоқ екенін айтып, шығарып салған екен. Ауру жанына батса да төрт баласын асырауды ойлаған жас ана қауіпті дерт анықталғанға дейін жұмыс істеп жүре берген.

«4 рет химиотерапия курсынан өттім. Әбден әлсіредім. Шашым түсіп жатыр. Үш жерге барып анализ тапсырам, ешкім алып кетпейді, бәріне бару қиын болса да шыдауға тура келеді. 2019 жылы Ақтауда және Алматыда екі рет дәрігерлерге қаралып, скрининг жасағанда саусың деген. Былтыр әкем қайтыс болғанда уайымдағаннан болса керек, бірден ауру асықынып, қауіпті обырдың 4-ші сатысына жеткені анықталды.

Қазір ауруханаға барғанда қасыма 8 жастағы ұлымды ертіп алам. Балаларым бірден есейді. Қосылып жылай береміз. Өзімнен бұрын баспанасы жоқ, кішкентай балаларымды ойлап жылай берем. Иммунитетті көтеретін балық, ет, арасында көкеніс сынды жемістер же дейді дәрігерлер. Оны алатын ақша қайда? Жәрдемақыға 46 мың, 2-топтағы мүгедектік үшін 56 мың теңге алам. Ол ақшаны пәтер ақысына төлеймін, осы үйге ай сайын жүз мың теңге береміз. Тамаққа, балаларыма қажетті киім, өзге де тұрмыстық дүниелерге ақша жоқ. Ауру әбден асқынды. Баспанасыз балаларымың ертеңгі күйі не болады деген ой іштен жеп барады», - деді үйінде төсек тартып жатқан Ләззат Алдабергенова.



Ләззатттың екі қыз, екі ұлы бар. Үлкені 16-ға толса, кішісі 5 жаста. Өзі Атыраудан 3 жыл бұрын отбасымен бірге жұмыс іздеп Алматыға келген. Содан бері әлі пәтер жалдап келеді. Күйеуі Ресейдің Орынборынан. Екі елдің ортасында жүрген отағасы әйелінің қауіпті дертке шалдыққанын білгенде оны бірден тастап кеткен.

Ананың жүзіне жәутеңдеген балалары үнемі ашқұрсақ. Айт кезінде қайырымды жандар әкелген азық таусылып, тамақтан тек вермишель ғана қалған. Оны да балалар жеуден жалықты дейді Ләззат.



Анасын ауруханаға сүйрелеп жүрген батыл Байсал болса екі күн бұрын 8 жасқа толған. Ол спорттық гимнастикамен өз бетінше көшеде айналысады. Секцияға баруға мүмкіндік жоқ. Інісі Мұхамедәли болса 5 жаста. Ол да анасының ауыратынын біледі.

«Ең бірінші арманым – анам жазылып кетсе деймін, жанымда болса екен деймін. Сосын телефоным мен компьютерім болса екен», - дейді 5 жасар бала.

Байсал болса спорттан үлкен жетістіктерге жетуді армандайды.

«Хабибпен кездескім келеді. Жақында дзюдодан үшінші орын алдым. Гимнастикамен де айланысып, түрлі трюктер жасай алам. Анам жазылса екен деп армандаймын, Сосын спортпен айналысатын үйірмелерге барғым келеді», - дейді Байсал Алдабергенов.
Алматыда қатерлі ісікке шалдыққан ананың төрт баласы аш отыр



Тағыдырдың ауыр тәлкегіне ұшыраған Алдабергеновтер отбасы жоқшылықпен де, меңдеген ауыр дертпен де тоғыз айдан бері күресіп келеді. Жандары қысылғанда әкімдіктен көмек сұраған. Алайда, Алматының Алмалы аудандық әкімдігі тек сұйық май және вермишель берумен ғана шектелген. Отбасына шенеуніктер көмектеспесе де қайырымды жандар анда-санда қол ұшын созады.

«Бұл отбасының өте қиын жағдайға қалғанын танысым арқылы білдім. Үйдің жалғыз тірегі – аналары аурумен күресіп жатыр. Ол дертті жеңсем, балаларымның ер жеткенін көрсем деп армандайды. Біз жиі келмесек оңашада өзін тастап жібереді. Рухтандырып, үміт беретін сөздермен демеген боламыз. Өзін демейтін кітаптар әкелдік. Балалар Байсалдың туған күнінде торт тұрмақ, тойып тамақ та іше алмаған екен.

Біздегі химиотерапия өте улы, Германияда емделсе, ел көмек берсе деп үміттенеміз. Ләззат балаларының жеке баспанасы болғанын қалайды. Қол ұшын беретін адамдардан көмек сұраймыз. Екі үлкен қызы 9 және 11 сыныпқа көшті. Балаларының болағашына алаңдайды. Қазір жаз келді, мерекелік күндер көп елімізде. Кіші ұлдары жеміс-жидек, йогурт сұрайды, бірақ олардың сұрағанын беруге, тойдырып тамақтандыруға мүмкіндігі жоқ. Балаларының күйзеліс пен мазасыз өмір сүруі аналарының да ауруын күшейтеді. Әкімдік қол ұшын беруге құлықсыз», - деді қайырымдылқпен айналысатын алматылық Раиса Ғалимова.

Алмалы аудандық әкімдігі жағдайды білетіндерін, кейін өздері хабарласатындарын айтып, телефон тұтқасын қоя салды. Ал, қауіпті дерттің 4-сатысына өтіп кеткен Ләззат Айдынғалиқызын алда ауыр ота күтіп тұр. Көмек қолын созам деген қайырымды жандар Ләззаттың жеке карточкасына ақша аудара алады. Kaspi Gold: +7 702 697 78 23.

«Алматыда бір компанияда жұмыс істедім, ешкімге күнімді қаратпадым. Енді аяғыма тұрайын деп жүргенде осындай диагнозды қойды. Химиядан соң тағы тексеруден өтіп жатырмын. Ауырғанымды естіген әкем көтере алмай қайтыс болып кетті. Қатерлік ісік анықталған соң биыл наурыз айында жұмысқа жарамсыз деген 2-топтағы мүгедектік құжатын алдым.

Байсал тез есейіп кетті, ұлым мен қызым кезек кезек ауруханаға апарады. Осы балаларымды уайымдаймын. Кім ойлаған бұндай болады деп? Тамақ бір күні бар, бір күні жоқ. Балапандарымның жеке пәтері болса екен деп армандаймын. Ертең бармын ба, жоқпын ба, білеймін ғой. Бірдеме боп қалсам мына балалар кімге керек?», - деді көз жасына ерік берген Ләззат Айдынғалиқызы.
Просмотров материала: 8 160

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 711 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 534 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 502 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 437 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 420 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 742 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 296 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 446 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930