20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қыздардың шетелге кетуінің басты себебі – қаржылық қиындық

29 июнь 2021, 10:27
Қыздардың шетелге кетуінің басты себебі – қаржылық қиындық
Соңғы кезде жат жерде жан тапсырған қазақ арулары туралы қаралы хабар толастамай жатыр. Өссін, өркендесін, білім алсын, оқысын деп қызғалдағын қиырға жіберген қаншама ата-ана ұшақтан табыт құшақтап түсті. Өзге мемлекетте қаза болған аруларымыздың ата-аналары, туған-туыстарымен тағы бір әңгімелесіп, перзентін шет мемлекетке жібергісі келіп жүрген жандарға мамандардың ақыл-кеңесін ұсынбақпыз, дейді "Еуразия" бірінші арнасы.

Ғалияш Мақашева психолог:

Қазіргі таңда қыздарымыздың шетелге кетуінің бірден-бір себебі - қоғамдағы қаржылық қиындық. Яғни жұмыс, табыс іздеп кетеді. Біздің қыздар отбасындағы қаржы тапшылығымен орын алатын проблемалардың барлығын өз мойнына іліп алған. Себебі бүгінде басым отбасында болып жатқан жағдай бізге мәлім. Қазір көп жанұяларда билікті де қаржылық жауапкершілікті де әйелдер өз қолына алған. Ал ер азаматтарымыз қандай да бір стресс болған жағдайда тез беріліп, не ішімдікке не болмаса басқа жолға түсіп, салы суға кетіп жатады. Екіншіден: Білім қуып кетіп жатады. Бұл тағы да өз еліндегі білім сапасына көңілі толмау. Бұл өте ауқымды проблема!

Жуырда ғана Грузия елінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның туыстары марқұмның қырқын берді. Отбасының айтуынша Әсел нәпақа үшін шетел асқан. Бала күнінен бар арманы ата-анасының ескіріп, тозығы жеткен үйін жөндеп беру болған екен. Ол өз отбасының жұпыны тұрмысына намыстанып, жастайынан еңбекке араласып, ақша тапқан.

Менің қызымда "ИӘ", "ЖОҚ!" деген екі ұстаным ғана болатын. Ол адамның көңіліне қарауды білмейтін, тік, ер мінезді еді. Қызыма ұрсып та алатынмын, осы мінезіңнен опық жеп қаласың, кісі көңіліне қарасаңшы деп. 22-сәуірде хабарласып, төлқұжатын тауып қойуымды сұрады. Бүгін-ертең Грузияға кетемін. Ол жерде жақсы жұмыс бар екен. Мен ақша тауып, үйді жөнедеп беремін деді. Жүрегім бір сұмдықты сезгендей бармай-ақ қоюын өтініп едім, қызым тыңдамады. Әкесінің ұрсқанына да қарамады. Жат елге жіберуіміздің тағы бір себебі туыстарымызбен, яғни күйеубаламызбен бірге бара жатыр ғой, бас-көз болар деген үміт те болды, деді Әселдің анасы Айсұлу.

Қызының өлімінен кейін екі жыл өтсе де өзекті өртеп, ана жүркеті езгілеген сұм қайғы басылар емес. Мәскеу қаласында қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна қызының қазасына әлі де сенбейді. Біреу есік қақса, қызым келді деп елең ете түседі. Тек әр жексенбі қызының зиратына барып, топырақ құшып жылағанда ғана оның келмеске кеткенін мойындауға тура келеді.

Менің Томпиым, өте ашық-жарқын, айналасымен тез тіл табысып кететін жан еді. 20 күн бойы ол жансақтау бөлімінде жатып, өмір үшін күресті. Мен мәскеуге жеткенше дәрігерлер оған бірнеше ота жасап үлгерген екен. Үміт бар деп сендірді. Бірақ ол 4-қабаттан құлағанда денесінің сау тамтығы қалмаған. Соттағы құжаттарда оның алған жарақаты туралы жазбалар бір жарым бетте сүйреттелген екен. Өмірге құштар қызымның өздігінен терезеден секіріп кетті дегенге сенбеймін. Ақиқат жолында 3 жыл соттастым. Жете алмадым! Дағыстандық жігіт толығымен ақталып шықты. Ендігі айтарым, баласын шет елге жіберуді жоспарлап жүрген ата-анаға мың ойланып барып шешім қабылдаңыздар. Сол сападағы білімді өз елімізде де алуға мүмкіндік бар, деді Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова.

Арман мен білім қуып, сонау Австралияға кеткен Сағынай Батырханова да сол жерден қаза табам деп ойламаған болар. Осыдан он жыл бұрын орын алған оқиға "емші" дейтін уақытқа да бағынбай, артында қалған ата-анасы мен туыстарына әлі күнге дейін ауыр. Ол оқуға барған жылы тайланттық жігітпен танысып, Джаккопон есімді азаматпен көңіл қосады. Жасыл құрлықта азаматтық некеде тұрып жатқан Сағынай бір жылдан кейін сәбилі болады. Баласын босанғаннан кейін тайланттық күйеуі оны бүлдіршіннің көзінше пышақтап тастайды.

Ғалияш Мақашева психолог:

Біздің қыздардың шетелге барғанда өзге ұлт жігіттерімен тез көңіл жарастыру себептері неліктен деп ойлайсыз? Бұл біздің қазақ жігіттерімізге деген сенімсіздік. Оған себеп біздің қоғамдағы ажырасудың көптігі. Үйленгеннен кейін отбасында қиындықтар пайда бола бастағанда жігіт қызды қайта төркініне апарып тастауында, ажырасқаннан кейін арадағы балаға да әйелге де көмектеспей, алимент төлеуден қашып кетуінде негізгі себептер жатыр.

Шетелде опық жеген отандасымыздың бірі Ақжарқын Тұрлыбаеваның оқиғасы ешбір қазақстандықты бейжай қалдырмаған шығар?! Ол Алматыға арман қуып барып, халықаралық наркомафияның құрбаны болды. Қытайдан тауар тасимыз, әр барғаның үшін 1000 доллар береміз дегенге өрімдей қыз кәміл сенген. Гуанчжоу әуежайында Қытай полицейлері оның жүгінен 4 келі есірткі тапқан. Қытай өкіметінде мұндай қылмыстың жазасы тым ауыр екені айтпаса да белгілі. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылып, сол елдегі темір торға жабылды. Арада 7 жыл өтсе де Ақжарқынды ең болмағанда өз еліміздегі түрмеге де қайтара алмай отырмыз.

Ғалияш Мақашева психолог:

Біз әдемі баланы көруге тырысамыз, жақсы баланы көруге тырысамыз. Тіпті қазақта сөз бар "Жамандығыңды көрсетпе!" деген. Ата-анасынан қорыққан бала, осындай сөздерден кейін отбасы мүшелерімен ашылып сөйлеспейді. Олар мені жек көріп қалмасын деген үреймен өмір сүреді.

Соңғы 5 жылда, жыл сайын бірнеше қазақстандықтың денесі жүк секілді табытқа салынып келеді дейіді әуежай мамандары. Арман қуып кеткен баласының өлігін алу да арман кей ата-анаға. Әрине елді, жерді көрмек керек. Білім үшін, таным үшін баланы шетелге жібермек керек. Тек баланы алыс сапарға аттандырар алдында қандай кеңестер айтылу керек екенін білмек керек.
Просмотров материала: 1 300

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 710 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 533 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 501 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 436 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 419 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 741 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 295 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 445 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930