1 июля 2022 г.

Мы в соц сетях:



Автотұрақ ақысын төлемегені үшін айыппұл салу заңсыз – заңгер

28 июнь 2021, 16:48
Автотұрақ ақысын төлемегені үшін айыппұл салу заңсыз – заңгер
Алматының орталығында жұрт көлігін қоятын орын таппай қиналып кетті. Көше-көшелердің жиегі түгел ақылы болып кеткелі қашан. Тұрақ ақысын төлемесең, айыппұл салады тағы. Ал әділет министрлігі не дейді? Әділеттің орнына бұл министрлік бірде әлеуметтік желілерде хайп жасайтын, биліктің тірлігі мен қабылданған заңдардың дұрыс емес екенін жазғыш заңгерлерді жазалау керек дегенді жеткізген астарлап, деп жазады "Жас Алаш".

Ал, шындығында, заңгерлер көбіне Қазақстандағы өмірдің нақты проблемаларын атап көрсетеді сол әлеуметтік желілерде. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын Жангелді Сүлейманов деген заңгер қала көшелерінде еш ережеге бағынбай, жүйткіп жүретін электросамокаттардың заңсыз екенін жазған еді. Осыған миы жету үшін ішкі істер министрлігіне екі жыл мен қалада самокатпен адам қағудың бірнеше қайғылы оқиғасының орын алуы қажет болды.

Сол Сүлейманов енді басқа мәселені көтеріп отыр. Былай дейді заңгеріміз:

"2015 жылы ақылы автотұрақтың ақысын төлемегені үшін деген жаңа айыппұл енгізілді. Бірақ бұл айыппұл құқық принципіне өрескел қайшы. Өйткені көлік жүргізушілері мен ақылы тұрақ ұйымдастыратын компаниялардың арасындағы қарым-қатынас азаматтық-құқықтық сипатта құрылады. Бұл кәдімгі келісімшарт, тұрақ компаниясы жүргізушіге тұрақ қызметін ұсынатын. Мұндай келісімшарт ҚР Азаматтық кодексінің 33-тарауымен реттеледі емес пе? "Ақылы қызмет көрсету" деген. Ендеше егер жүргізуші тұрақ ақысын төлемесе, онда тұрақ қызметін ұсынған компанияның көрсеткен қызмет ақысын өндіру мақсатында сотқа жүгінетін құқығы бар. 100 теңге үшін болса да. Заң бойынша тұрақ компаниялары тұрақ ақысын тек қана осындай жолмен өндіре алады.

Бірақ біздің қазіргі Қазақстанымыз ерекше мемлекет. Онда заңды ешкім сыйламайды. Биліктегі баз біреулер ақылы автотұрақпен айналысатын компаниялардың қу тірлігіне көмектесу мақсатында келісімшарт талабы бұзылғаны үшін осындай ақылға қонбайтын заңсыз айыппұл ойлап тапты. Айтпақшы, айыппұл сомасы қарыз сомасынан жүздеген есеге асып түседі. Бұл қалай? Не деген сұмдық? Көлігі 10 минут тұрақта тұрғаны үшін 16 теңгені төлеуді ұмытып кеткен байғұс жүргізушіге 8751 теңге айыппұл салады бұл мемлекет! Бұл екі-үш есеге емес, 546 есеге көп қой! Турасын айтқанда, мемлекеттің жекеменшік тараптар арасындағы қарым-қатынасқа араласуына ешқандай заңдық негізі жоқ.

Ендеше неге басқа да қаптаған қызметтердің ақысын төлеуден жалтару үшін айыппұл жоқ? Ондай қызметтердің жүздеген түрі жетіп-артылады. Мысалы, құрылыс қызметі, жарнамалық, консультациялық, заң қызметтерін ұсыну бар емес пе? Ондай келісімшарттардың барлығында төленбеген қарыздар тек қана азаматтық сот арқылы өндіріледі.

Егер елімізде заң бәріне бірдей болсын десек, онда енді кез келген қызмет пен тауар ақысын төлеуден жалтарғандарға айыппұл салайық. Айтпақшы, айыппұл сомасы қарыз сомасынан 546 есеге көп болсын. Мысалы, біреу өзінің ісін жүргізген заңгердің қызметі үшін келіскен 100 мың теңгені төлемесе, оған 54 600 000 теңге айыппұл салсын.

Ең сорақысы, мұны бәріміз түсініп отырмыз. Бірақ үндемейміз. Қорқамыз бірдеңе деуге. Сол себепті бұл елде біз ештеңені түзете алмаймыз", – дейді заңгер.

Просмотров материала: 437

Поделиться материалом


17:30 Өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, алаяқтық... 68 Просмотров

17:25 Қаңтарда қаза тапқандардың тізімін ғана емес, неден... 59 Просмотров

17:12 Қазақстанда qurban2022.kz сайты іске қосылды... 78 Просмотров

17:09 Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, азаптаудан өлген адам саны... 58 Просмотров

17:06 Оралда егде жастағы әйел автобустан валидатор ұрлап кеткен... 60 Просмотров

15:41 Обнародовать список погибших в январских событиях хотя бы... 50 Просмотров

15:19 LRT в Шымкенте: Решение ещё впереди - аким... 61 Просмотров

14:51 Токаев будет играть в Российской Суперлиге по футзалу... 64 Просмотров

14:38 На IVI и Кинопоиск стартовал детективный сериал «Спроси... 70 Просмотров

14:19 Тенге ослаб за июнь на 13,3%... 87 Просмотров

13:49 График работы ЦОНов изменили в Казахстане... 131 Просмотров

13:44 Рассылка о выплате в 72 тысячи тенге - фейк. НИКОМУ НЕ... 123 Просмотров

13:38 Необходимости масочного режима пока нет, – глава Минздрава... 131 Просмотров

12:53 «Бағаны өсірмеңіздер»: Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында... 191 Просмотров

12:46 Теңге неге әлсіреп жатыр... 112 Просмотров

12:41 Алматыдағы саябақтардың бірінде оқушыны тоқ соқты: бала... 154 Просмотров

12:23 Тоқаев мүлік иелерінің бірлестігіне көшуді кейінге қалдыру... 160 Просмотров

12:08 40 градусқа дейін ыстық болады – шілде айына ауа райы... 242 Просмотров

12:06 Ввести школьный предмет «Букварь человечности» предложили в... 146 Просмотров

12:03 Қазақстанның бірде-бір елмен шиеленісті қарым-қа­ты­насы... 146 Просмотров

11:59 Ажар Ғиният маска режимі туралы: Ауруханалардың жүктелімі... 148 Просмотров

11:56 Науқастардың ішінде ревакцинация уақыты өтіп кеткендер көп... 137 Просмотров

11:49 Число заболевших COVID-19 растет: 189 новых случаев... 142 Просмотров

11:28 Еліміздің қазба байлығынан түскен қаражат қайда жұмсалып... 144 Просмотров

11:25 Штраф в 6 миллионов тенге грозит выбросившим герб на свалку... 131 Просмотров

11:24 Павлодар облысында мал суғаратын көлді жалға беріп жіберген... 122 Просмотров

11:23 Сигареты подорожали с 1 июля в Казахстане... 128 Просмотров

11:18 Водителям в Казахстане можно будет ездить вообще без... 106 Просмотров

11:08 Алматы облысындағы жеке қоқыс полигонына қатысты дау... 113 Просмотров

10:57 «Болашақ» бағдарламасына ауыл квотасымен құжат тапсырса,... 107 Просмотров

10:36 Алматыда үшем дүниеге келді... 284 Просмотров

10:13 Қазақстанда мұнай нарығындағы қатысушылар санын арттыру... 116 Просмотров

10:00 Тоқаев дипломаттардың басты міндетін атады... 107 Просмотров

09:40 Отандық мектептерде педагог-ассистенттердің саны екі есе... 404 Просмотров

08:58 Қазақстандықтар ескі вагондардан әзір құтылмайды... 160 Просмотров

08:50 9 шілдеде Құрбан айт мейрамы басталады... 154 Просмотров

08:37 Бүгін Шығыста халықаралық айтыс пен Balkaragai Tunes... 134 Просмотров

08:05 Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді... 180 Просмотров

07:25 Президент қаржы пирамидаларымен күресу қажеттігін мәлімдеді... 158 Просмотров

07:22 Қызылордада су тапшылығынан 11 мың гектар күріш алқабы... 164 Просмотров





Опрос


«    Июль 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031