19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ДСМ мен ӘМСҚ қорының кезекті өтірігі ашылып қалды

28 июнь 2021, 9:34
ДСМ мен ӘМСҚ қорының кезекті өтірігі ашылып қалды
Коронавируспен ауырғандар шипажай-санаторийлерге жолдама ала алмады, деп жазады Inbusiness.kz.

Қазақстанда жүздеген мың адам сауықтыруға зәру. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, 27 маусымдағы жағдай бойынша COVID-19 індетінен жазылғандар саны 391 мың 596 адамды құрайды. Бұл сан күн сайын шамамен 1 мыңдай адамға (бүгін 1 025 адам) көбейіп отырады.

Бұған қоса, 27 маусымдағы жағдайға сәйкес, 52 мың 143 адам КВИ нышандары бар пневмониямен ауырып, айыққан.

Осылайша, қазірдің өзінде жалпы саны 443 мыңнан астам адам мемлекет есебінен санаторийде демалуға, сауықтырудан өтуге мүмкіндік алуға тиіс болатын.

"Сүйінші" сұраған жаңалығы жалған ба?

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" өзінде сақтандырылған және ай сайын үзбей жарна төлеп отырған азаматтарға сондай мүмкіндік ұсынылатынын мәлімдеп, қуантты. Қордың хабарлауынша, COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауырған науқастар әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен оңалту қызметтерін алады. Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрлігі халыққа "Медициналық оңалту көрсету қағидаларына" тиісті толықтырулар енгізді.

Науқастарды COVID-19-дан кейін қалпына келтіру бірнеше кезеңнен тұрады. Ауруханаға жатқызу кезеңінде – қалпына келтіру шараларының кешені басталады, олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынулардың дамуын азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Ауруханадан шыққаннан кейін ауру ағымының ауырлығына, ілеспе патологиялардың болуына байланысты пациент медициналық оңалтудың 2-кезеңіне немесе бірден 3-кезеңге жіберілуі мүмкін. Ол кезең амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәуліктік стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда жүргізіледі. Айта кету керек, ковидтан кейінгі синдром психологиялық қолдау шараларын да қажет етеді, – деп мәлім етті қордағылар.
ӘМСҚ тіпті ауруханаға жата алмай, үйде емделуге мәжбүр болған ковид-сырқаттар да сақтандырудың осы игілігінен қағылмайтынын, 3 кезеңді оңалтуға қол жеткізе алатынын баса айтты.

Әрбір пациент үшін оңалту курсы ағзасының ерекшеліктерін, оның қосалқы ауруларының болуын, жасын және басқасын ескере отырып, жеке таңдалады. COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды оңалтуға жіберу тәртібі келесідей: ол үшін сіз учаскелік дәрігермен кеңесуіңіз керек. Ол дәрігер пациенттің жағдайын бағалау үшін реабилитолог немесе көп салалы мамандар тобының кеңесіне жолдама береді. Тексеру кезінде тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілігі (Бартел индексі) ескеріледі, – деп түсіндірді қор.
Оңалту қызметтерін көрсету мақсатында ӘМСҚ тіпті 559 жеткізушімен шарттар жасасқанын жеткізді.

Уәденің ақыры не болды?

Еске сала кетсек, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" осындай соңғы мәлімдемесін 2020 жылғы 6 қарашада қайталап жариялаған. Содан бері сегіз айдай уақыт өтті. Алайда айтылған сөз айтылған жерінде қалған. Бүгінге дейін Президент әкімшілігі, Мәжіліс пен Сенат, министрліктер, ұлттық компаниялар қызметкерлерінен басқа (оларға онсыз да жыл сайын жолдама үлестіріледі), былайғы жұрттың – коронавируспен ауырғандардың бірде бірі медсақтандыру қоры арқылы шипажайда сауықтырудан өтуге жолдама ала алмаған!

Халық болса, алаңдаулы.

Менің 72 жасар әжем 2021 жылғы сәуірде COVID-19 күрделі түрін бастан өткерді. Қолымызда осыны растайтын медициналық құжаттар бар. Өткен жылғы қыркүйекте ақпарат құралдары сақтандырылған кез келген адам санаторийлерде реабилитациядан өте алады деген жаңалықты жарыса таратты. Әжем мемлекет есебінен сақтандырылған. Биылғы маусымда ол санаторийге реабилитациялық емдеуге бағыттама алу және порталға кезекке тұру үшін өзі тіркелген №15 емханасындағы учаскелік терапевтіне жүгінді. Алайда медициналық ұйым оның өтінішін орындаудан бас тартыпты. Емханадағылардың айтуынша, себебі, денсаулық сақтау басқармасынан бұған қатысты ешқандай бұйрық түспеген, оның үстіне емханада тиісті нұсқаулық та жоқ. Сонда бұл қалай? Қаншама айлар өтті ғой! – деп қайран қалады алматылық Анна Чумаченко министр Алексей Цойға хатында.

Талғат Досмағамбетов те медсақтандырылған азаматтардың бірі. Бірақ оның қызығын көре алмапты. "Мен белімдегі грыжа және протрузияға байланысты сауықтыру демалыс орнына барғым келеді. Өзімде медициналық сақтандыру бар. ай сайын жалақымнан жарна ұстап отырады. Сонымен бірге жұмыс берушім де 2 пайыз көлемінде мен үшін аударым жасайды.

Мен мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы "Ақжайық санаториясы" ЖШС-на қарасты "Nurbergen Health Resort" сауықтыру демалыс орнына барғым келеді. 26 шілдеден бастап емделсем деп едім. МӘМС жүйесі арқылы сауықтырудан өткім келеді", – дейді ол.

Кейбір азаматтар ӘМСҚ-тен еш қайыр болмаған соң оған қол сілтеп, түңілген жайы бар. Олар мемлекет ең құрыса, зейнетақы жинақтары есебінен санаторийде сауықтырудан өтуге мүмкіндік берсін дейді.

Әу баста, ақпан айында зейнетақы жинақтарын пайдалануға болады деген бағыттар арасында "отандық медициналық ұйымдарда, соның ішінде Қазақстан аумағындағы шипажай-курорттық жағдайларда медициналық реабилитация" деген тармақ болған. Енді қажет болғанда, 24 маусымда тиісті сайтқа кіріп, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қағижаны және БЗТ есебінен емделуге болатын аурулар тізімін қарасам, бұл қызмет жоқ. Әйтпесе, курорттық емделуге жолдама ала қояйын деп үміттенгенмін, – деп қапаланады Нұрбол Аймағамбетов.
Шенеуніктер шабан жүрісінен жаңылмады

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бұл мәселе бойынша түсініктеме берді. Ведомство коронавируспен және ковид белгілері бар пневмониямен ауырып, жазылған азаматтарға сауықтыру қажет болатынын жасырмады.

Меморганның хабарлауынша, COVID-19 коронавирус инфекциясынан айыққаннан кейін медициналық реабилитация мамандандырылған бөлімдерде немесе оңалту төсектерінде, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда немесе қашықтықтан медициналық қызмет көрсету жағдайында жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау министрінің "Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 7 қазандағы №ҚРДСМ-116/2020 бұйрығына сәйкес, КВИ-ді бастан өткерген пациенттерге медициналық оңалту "Денсаулықтың қызмет етуінің халықаралық жіктемесіне" сәйкес, пациенттің жағдайына, реабилитация әлеуетінің деңгейіне, аурудың ағымына байланысты жүргізіледі. Қазірі кезде жекеменшік санаторий-курорттық ұйымдарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Содан кейін оларда медициналық оңалту қызметтерін тұтыну мүмкін болады. Ал санаторий-курорттық емдеуден өту үшін қандай көрсетілімдер болуы керектігін анықтау үшін азамат өзі тіркелген емханаға жүгінуі қажет, – деп түсіндірді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті.

Жалпы, оңалту процесіне жекеменшік санаторийлер мен курорттарды қоспай болмайды. Себебі, мемлекеттік шипажайлар шенеуніктерден аспайтынын, қалған бөлігі ақша төлейтін демалушылармен толатыны жасырын емес. Содан қарапайым бұқараға ол жақта ұлтарақтай орын да тимейді. Демек, Денсаумині мен ӘМСҚ қоры жекеменшік санаторий, курорттық ұйымдарды МӘМС жүйесіне қосуды тездетсе деп күтіп отыр халық. Қазір көптеген адам коронавирустан кейін жүре алмай қалып жатыр. Әйтпесе, сауықтырудан өте алмай, жарымжан болған адамдар саны арта бермек.
Просмотров материала: 427

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 646 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 468 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 437 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 372 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 353 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 441 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 204 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 228 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 662 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 797 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 718 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 462 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 275 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 442 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 426 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 822 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930