20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл сусыз қалды

Шығыс Қазақстанда бірнеше ауыл сусыз қалды
Шығыс Қазақстан облысында диқандар егістік суаруға су жоқ деп дабыл қағуда. Шекара шебінде егін салып, күн көріп отырған шаруалардың еккен еңбегі мен төккен тері далаға кетейін деп тұр. Тіпті жылда жайқалып өсетін егіс алқабы қуаң тартып, уақытынан ерте сарғая бастаған деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Күршім ауданының негізгі күнкөріс көзі – мал мен егін шаруашылығы. Осы көктемде ауданда бірнеше ауылды егістік сумен қамтамасыз етіп отырған Күршім өзеніндегі «Мойнақ» су қоймасы жарылып кеткен болатын. Салдарынан Бірлік, Сарыөлең және Барақ батыр ауылдары сусыз қалған.

«Қазір су қоймасында су деңгейі азайып кетті. Тағанындағы тастар көрініп жатыр. Егістікті суару үшін Күршім өзенінен жырып әкеліп, су қоймасын салған болатын. Бөгет жарылғаннан кейін Күршім өзені өз арнасына түсті. Мұнда егін суаратын су жоқ, егістік қурап кетті. Қалған аз ғана суға талас басталып, шаруа қожалықтары арасында жаңжал шығып жатыр», - дейді шаруашылық иесі Ержан Қойлыбаев.

Тұрғындар су қоймасының жарылуын жауапты мекеменің жауапсыздығынан көріп отыр. Себебі олар осыдан 2-3 жыл бұрын бөгеттің апатты жағдайда екенін басшылыққа айтқан. Бірақ ауыл адамдары аталған мекеменің аудандық бөлімінде бір ғана адам жұмыс істейтінін жеткізді. Яғни, осы жердің басшысы да, жұмысшысы да бір маман.

«Мойнақ» су қоймасы 2004 жылы реконструкциядан өткен. Содан бері ешқандай жөндеу көрмеген. Бөгет 2017 жылдан бастап «Қазсушар» мекемесінің иелігіне өткен. Тоспаның жарылып кету қаупі бар екендігін оларға да айттық. Бірақ шара қолданбады. Су бөгетінің жарылуына «Қазсушар» кінәлі. Мойнақ бөгетінің суы жауағашты каналы арқылы егістікке тарайды. Алайда бөгет жарылып кеткендіктен, қазір каналдағы су шырдақтап қана ағып жатыр», - дейді Ержан Қойлыбаев.

Жергілікті тұрғындар бөгеттің жарылуына екінші себеп – өзен арнасындағы қоқыстың тазартылмауынан көреді.

«Су қоймасы мен өзен арнасының қоқсықтары тазартылмай, көмейдің ауызын бітеп тастады. Содан су толып, ақыры жарылды. Бұл жауапты мекеменің салғырттығы. «Қазсушар» мекемесінің аудандық бөлімінде жұмысшы мен техника күші жетпейтін сияқты. Бір адам ғана жұмыс істейді. Яғни, осы жердің басшысы да, жұмысшысы да бір адам. Бөгет жарылғаннан кейін ғана қосымша бір техника мен екі жұмысшы жұмылдырылды», - дейді Ержан Аханұлы.

Диқандар әкімдіктен дамбыны қайта қалпына келтіріп берулерін талап етуде. Әйтпегенде жағдайымыз тіптен қиындайды дейді.

«Қазір жұмыс орнында бір ғана техника бөгетті уақытша қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. Облыс әкімінен бөгетті толықтай қалпына келтіріп беруін сұраймыз. Дамбы қайта қалпына келмей диқандардың жағдайы оңалмайды. Себебі біздің негізігі күнкөріс көзіміз – егістік. Су болған жағдайда күнбағыс 50 сантиметр биіктікте өсіп қоюшы еді. Міне, 40 гектар жерге еккен егістік әлі өспей, тандыры кеуір тұр. Биыл егістіктен үміт жоқ. «Жылап жүріп арық қазсаң, күліп жүріп су ішесің» дегендей суға қашан қол жеткізетінімізіді білейміз», - дейді Мейрамбек Әсенов.

Ал, шаруа қожалығының жетекшісі Оралтай Ниетбаевтың айтуынша, енді 3-4 күнде егістік толықтай қурап, күйіп кететуі мүмкін.

«Көкөніс егумен айналысқаныма 30 жылдай уақыт болды. Бірінші рет осылай сусыз қалып отырмын. 5 гектар алқапқа қызанақ ектім. Қурап барады. Судың желкесінде отырып сусыз қалдық. Қазыр арықта торғай ішетін су жоқ. Жаңбыр да жаумай тұр. «Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық» дегендей тоғанның суына қайдан жетсін. Жылда 120 тонна өнім алатынмын. Енді осындай жауапсыз мекеменің салғырттығынан жеп отырған нанымыздан айырылдық», - дейді Оралтай Ниетбаев.

«Қазсушар» РМК облыстық филиалы Күршім өндірістік учаскесінің басшысы Дидар Сәкетаев тұрғындардың сөзін жоққа шығармады.

«Бөгетке күтім жұмыстары ұзақ жыл бойы жүргізілмеді. Сонымен қатар, өзен арнасы тазартылмағандықтан көмейі бітеліп, дамбыны су алып кетті. Бөгетті қайта қалыпқа келтіруге дәл қазір дәрменсізбіз. Егер қаржы бөлінсе жөндейміз. Бүгінде мұнда уақытша қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін қоймасының 2 метрдей жері жырылған. Бірақ осыншама қауіпті боларын ойламадым», - дейді Дидар Сәкетаев.

Егіншілердің мәселесі бұнымен тынған жоқ. Мұнда егістік алқабын суару үшін 1 гектар жерге төленетін суақысы да айтарлықтай қымбаттаған. Шараулар бағаның негізсіз көтерілгеніне аң-таң.

«Осыған дейін 1 гектар жерді суаруға 900 теңге шамасында ақы төлеп келдік. Биыл баға 2355 теңгеге бір-ақ өсті. Сонда олар бағаны неге негізделіп өсіріп отыр? Тіпті, халықпен ақылдасқан да жоқ. Төлеген ақымызға қарай суды қажетті мөлшерде алып отырған жоқпыз. Көптеген шаруа қожалығы суақыны алдын ала төлеп тастап, енді су ала алмай отыр. Себебін сұрасақ - Қазақстан бойынша тариф солай дейді. Біз онысымен мүлдем келіспейміз», - дейді Ержан Аханұлы.
Просмотров материала: 933

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 763 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 586 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 555 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 489 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 472 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 448 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 762 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 313 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 464 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930