18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауыл әкімдерін кімдер сайлайтыны айтылды

24 июнь 2021, 15:45
Ауыл әкімдерін кімдер сайлайтыны айтылды
Орталық сайлау комиссиясында Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау қалай өтетіні туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК мәліметі бойыша, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдар әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөнінде негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбе жоспары бекітілген.

"Елімізде барлығы 2346 әкім бар. Жаңа нормалар енгізілгеннен кейін олардың бәрі бұрын ұсынылған қолданыстағы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайланады. 2021 жылдың соңына дейін 775 әкімді сайлау жоспарланып отыр. Осылайша, халықтың тікелей сайлауы арқылы мемлекетті басқаруға қатысу қағидаты дәйекті түрде іске асырылып жатыр", - деді ОСК басшысының орынбасары Константин Петров отырыс барысында.

Өз кезегінде ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев ауыл әкімдерін сайлауды өткізу кезіндегі сайлау комиссиясының өкілеттіктерін баяндады.

"Сайлау заңнамасына сәйкес сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізеді. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау бір ай ішінде тағайындалады және олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейін басталады және сайлау өткізілетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады", - деді ол.

Сонымен қатар, ол кандидаттарды ұсыну жолдарын айтты:

Саяси партия мүшелері қатарынан. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы;
дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайызынан қол жинау арқылы, өзін-өзі ұсыну.
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі, егер ұсыну аяқталатын күні екіден кем кандидат ұсынылса.

Оның айтуынша, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін ел азаматы жасы 25-тен кем емес, әрекетке қабілетті, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес болуы, заңда белгіленген тәртіппен танылған соттылығы және сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау дерегі болмауы тиіс.

"Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының кемінде бір пайызы дауыс беруі тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжатты алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 10 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады, яғни сайлау күніне дейін 10 күн бұрын және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат он екіде аяқталады", - деп қосты Ерлан Дауылбаев.

Оның айтуынша, сайлау қорытындыларын ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы үш күн ішінде белгілейді.

Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып сайланды. Ауданның (қаланың) аумақтық сайлау комиссиялары жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жұмыстарын жасайды.

Сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар басшысының, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының қатысуымен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізген болатын.
Просмотров материала: 529

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 503 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 325 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 295 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 230 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 210 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 434 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 198 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 222 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 654 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 785 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 667 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 291 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 233 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 384 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930