24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Барсакелмес сапары арқылы елімізде экстремалды туризмді дамытуға болатынын көрсеткім келеді

23 июнь 2021, 16:30
Барсакелмес сапары арқылы елімізде экстремалды туризмді дамытуға болатынын көрсеткім келеді
Белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшім Арал теңізінің ортасындағы әйгілі «Барсакелмес» аймағына жаяу сапарға аттанбақ. Ол бұл жоспарын биыл 1-20 шілде аралығында жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Саясаттанушы жас кезінде Кеңес одағының ғылыми-спорттық экспедициясының мүшесі болғанын айтады. Ол 34 жылдан бері осы арманын жүзеге асыруды ойлап келген екен. Ұзақтығы 260 шақырым шөлді жолды жаяу жүріп өту үшін ол жақында Аралға аттанбақ.

Бұл жоспары туралы саясаттанушы Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында айтты. Дос Көшім құпиясы көп әрі тылсым дүниеге толы аралға сапарлауда екі мақсатты көздеп отыр. Оның бірі – бойкүйез жас ұрпаққа үлгі көрсету, ал екіншісі – экстремалды туризмге назар аудару. Ол бұл сапарын «жанкешті жиһанкездік» деп атап, оған соңғы бір жылда тыңғылықты дайындалған.

«Бұл осыдан 34 жыл бұрын ойыма келген еді. Ол кезде «Адам және шөл» деген Кеңес одағының ғылыми-спорттық экспедициясының мүшесі болатынмын. Сол уақыттан бері жалғыз өзім үлкен бір шөлді кесіп өтсем деген арманым болып еді. Сол арманымды қазір қолым босап, уақытым көп болған соң жүзеге асырайын деп отырмын. Әрине оның астарында көп мәселе бар. Бірақ негізгі мәселе - адамда романтика болуы керек. Қазір бала біткеннің бәрі телефон шұқылап, ешқайда шықпайтын бойкүйезге айналды ғой. Далаға шығу, бірдеңені бағындыру, алдына бір мақсат қою, қиыншылықпен күресу дегенді көрмейтін болдық. Мүмкін соларға бір қозғау салатын шығар деген ойым бар.
Барсакелмес сапары арқылы елімізде экстремалды туризмді дамытуға болатынын көрсеткім келеді

Екіншіден, Қазақстанның 80 пайызы шөл және шөлейтті жерлерден тұрады. Мысалы Эверестті бағындырады, мұхитты жалғыз қайықпен жүзіп өтті дегенді естисіздер, енді сол шөлді неге экстремалды туризмге айналдырмаймыз? Мысалы Сахарада осындай халықаралық дәстүрлі жарыс бар. Оған былтыр 5 мың адам қатысып, 250 шақырым жолды жүгіріп өтті. Ал біз Қожа Ахмет Яссауидің ескерткішіне бардық дегеннен шыға алмай қалдық»,- дейді Д. Көшім.



Қоғам қайраткері бұл сапарын «жанкешті жиһангездік» деп атап, «Барсакелмес» аралына 260 шақырым жол жүріп барып қайтуды жоспарлап отыр. Және осы аралға сапары арқылы елімізде осындай жарыстар өткізуге болатынын көрсеткісі келеді.

Оның айтуынша, шөлдегі жарыстарды алдымен қазақстандықтар арасында бастап, сосын халықаралық деңгейге көтеруге болады. Бұл - Аралға деген көзқарасқа да көмегін тигізеді. Арал бұрын 15-17 метр тереңдікте болса, қазір шөл болып қалды. Осыған көңіл аударғым келеді. Шындығында бұл менің жеке арман-мақсатым болғанымен, оны қоғамға пайдалы етіп өткізу жоспарымда бар, дейді саясаттанушы.

«Шөлді туризм ретінде дағдыға айналдыру әлемде сирек құбылыс. Ол жерде қандай киім кию, қандай тамақ тұтыну, қандай жүру тәсілін қолдану керек деген мәселемен айналысуға тура келді. Біріншіден, бұл бала кезімдегі арманым болса, екіншіден экстремалдық туризмді Қазақстанда дамытуға бастамашы болғым келеді.

Бұл сапарға бір жылдан бері дайындалып жүрмін. Бұған физикалық дайындық керек. Осының бәрін компьютер алдында отырып зерттедім. Кем дегенде бір жылға жуық уақытымды арнадым. Сосын туризммен байланысты мемлекеттік органдардың ешқайсысына хабарласқан жоқпын. Біріншіден жер жағдайын зерттеп, алдын ала көріп қайтқым келеді»,- дейді Дос Көшім.

Дос Көшім бұл жоспары туралы тиісті министрлікке немесе туризммен айналысатын салалық органдарға хабарламаған. Бірақ ол Аралдағы жергілікті әкімдікпен сөйлесіп, ақылдасып, жергілікті азаматтардан жер жағдайын сұрап, ауа райын болжап, аңдардың мәселесі бойынша ақылдасыпты.

«Бұл - ең бірінші қауіпсіздік мәселесі. Ол жерде карта мәселесі де бар, онда 20 жыл бұрынғы жер бедері көрсетілген Гугл-карта бар екен. Бірақ ол жер өзгергенін ескеруім керек. Аралдағы және Қаратерең деген жердегі азаматтармен байланысып отырмын. Мен мұны үлкен жоба есебінде, республикалық жоба есебінде ұсынып отырған жоқпын. Бұл - біркісілік сапар. Содан кейін ғана бір қорытынды жасауым мүмкін.

Әуелі аман-есен барып келейін. Жолдастарыма, осы сапарға дайындалып отырғанымды білетін жандарға әзілдеймін: «Егер Барсакелместен келе алмай қалсам, онда «Барсакелмес» деген ат дұрыс екеніне дәлел бар. Егер қайтып келсем, ол атты дұрыс қоймаған екен», деп түйін жасайық деп отырмын. Десе де қалай өтетіні бір Алланың қолында, бірақ бел буып, билетімді алып қойдым. Биыл 1 шілде Аралда боламын. Ал 2 шілде старт болады»,- дейді Дос Көшім.

"Менің жоспарым бойынша, әуелі Аралды кесіп өтемін деп ойлағанмын. Қазір ол жер су емес құм боп қалды. Барсакелмес деген жерге дейін ешқандай су жоқ екен. Ол арал емес, қазір Арал теңізі табанындағы бір жер болып қалды. Сондықтан 130 шақырым бару, 130 шақырым қайту жолы. Осы маршрут бойынша «Барсакелмес» аралына дейін барып келемін. Одан кейін Аралды оңтүстіктен солтүстікке дейін кесіп өтемін. Ол 250 шақырым. Осының барлығын 20 күнде жүріп өтемін деп отырмын", - дейді жиһанкез.
Просмотров материала: 3 504

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 033 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 856 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 827 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 765 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 747 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 234 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 261 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 718 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 846 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 974 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 390 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 503 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 653 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930