26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



97 мың грант бөлінді: колледждерге құжат қабылдау басталады

97 мың грант бөлінді: колледждерге құжат қабылдау басталады
Қазақстанда колледждерге құжат қабылдау 2021 жылдың 25 маусымында басталады. Қабылдау рәсімі жаңа ережелер бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар тегін білім алғысы келетіндер үшін квоталар тізімі кеңейтілді. Бұл туралы ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова айтып берді.

Биыл педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болмайды. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы бойынша өткізіледі.

Бұдан басқа білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ "ақша студентпен бірге жүреді" қағидаты негізінде гранттарды бөлудің жаңа тетігін әзірледі. Яғни, егер бұрын гранттар колледждер арасында бөлінген болса, енді олар талапкерлердің таңдауы бойынша беріледі. Мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылатын болады.

ТжКБ ұйымдарына қабылдау 25 маусымнан басталады. Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы немесе тікелей колледжге тапсыра алады.

Болашақ студенттердің 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдау құқығы бар. Конкурс аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндерден қойылған бағаның орташа конкурстық балы бойынша ақпараттық жүйе арқылы өткізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарда оқығысы келетін түлектер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырып, әңгімелесуден өтеді. Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды колледждер жанынан құрылған комиссиялар жүргізетін болады.

Конкурс 2 кезеңге бөлінген. Бірінші 9-сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу 19-22 тамыз аралығында, ал, 11 сынып түлектері үшін 22-25 тамыз аралығында өтеді. Игерілмеген орындар болған жағдайда білім грантымен қамтылмаған талапкерлер арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетіне келеді. Колледждерге қабылдау 31 тамызда аяқталады, – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Бүгінгі таңда елімізде 795 колледж жұмыс істейді. Оның 454-і мемлекеттік оқу орындары. Гранттарды 435 мемлекеттік колледж және 170 жеке меншік колледж алады. 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 10 бағыт және 200-ден астам сұранысқа ие мамандықтар бойынша 97 мың орынға қалыптастырылған.

Биыл квоталық санаттар тізімі кеңейтілді, енді квоталар 9 санат бойынша қарастырылады. Көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін 5%, мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балаларға 1%, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін 1% квота қосылды. Балдар тең болған жағдайда квоталық санат және аттестаттың орташа балы ескеріледі, – деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар биыл алғаш рет барлық түлектерге білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Диагностика түлектерге мамандық таңдауда көмектесуге арналған және ұсынымдық сипатқа ие.

Просмотров материала: 1 520

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 375 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 195 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 166 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 110 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 094 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 254 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 278 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 095 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 612 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 760 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930