26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақшаны күреп тапқысы келетіндерге қандай әдеттерден арылу қажет?

19 июнь 2021, 12:18
Ақшаны күреп тапқысы келетіндерге қандай әдеттерден арылу қажет?
Табысы шығысынан артылып, молшылықта өмір сүруді әркім-ақ қалайды. Алайда ол қалауына бәрі бірдей жете алып жатқан жоқ. Өйткені табысты болуына тосқауыл жасап жатқан әдеттері, әрекеттері бар. Солардан арылса, ақша ағыны да ашылар еді.

«Салауатсыз» өмір салты

Өмір сапасы жақсы болуы үшін өмір салтының дұрыс болуы өте маңызды. Егер бір жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, ең алдымен денсаулығыңызды дұрыстаңыз. Ол үшін «салауатсыз» өмір салтынан бас тартып, салауаттылар қатарына қосылыңыз. Сонда ғана санаңыз сергек, ойыңыз ұшқыр, бойыңыз құштарлық пен қуатқа толы болады. Бұл қалыпта ойлағанды іске асырып, жеңіс пен жетістікке жету оңайырақ.

Қысқамерзімді мақсаттарға басымдық беру

Табысты адамдар назарын алысқа тігіп, биіктегіні көздейді. Ұсақ, қысқа уақытта, оңай орындалуы мүмкін мақсаттың соңынан қуып уақыт та, күш те шығындамайды. Оның орнына ұзақмерзімді, биік мақсаттарға басымдық береді. Соның жолында көп еңбектеніп, бар күшін соған жұмсайды.

Білім алуды тоқтату

Бір жоғары оқу орнын бітіріп, дипломды қолына алған соң көп адам «осымен болдым-толдым» деп, білім алуды тоқтатады. Әрі қарай тек осы алған білімін қолданып, сонымен қаражат тауып өмірін жалғауды жөн көреді. Оқуды ары қарай жалғастыруға немесе тағы бір мамандық игеруге ұмтылатындар санаулы. Қай жасқа келсе де үнемі ізденіс үстінде жүретін, ешкім міндеттемей-ақ жаңаның бәрін білуге талпынып тұратындар тіптен аз. Осы азшылық қана өмірде жетістікті, табысты жандар болып қалыптаса алады. Ал білім алуды тоқтатқандардың дамуы да, дәулетті болуы да екіталай.

Сәттілікке сену

Тек сәттілікке, аяқ астынан тауып алатын не төбеден түсетін байлыққа сену – ақымақтық. Ең бастысы өз мүмкіндіктеріңе, еңбегің мен күшіңе сену керек. Ал сәттіліктен үміттенуге ғана болады.

Мінсіздікке ұмтылу

Ешкім де, ештеңе де ешқашан мінсіз бола алмайды. Жер бетіндегі барлық нәрсенің әйтеуір бір кемшін тұсы табылады. Сондықтан өз қолыңыздан шығып жатқан әр еңбегіңізді мінсіз етем деп тырысу – уақыт пен күшті босқа жұмсау. Аса маңызды болмаса, болмашы ұсақ-түйекке көп уақыт пен күш жоғалтпаған жөн. Сонда діттеген межеге тез жетесіз.

Бірнеше кеменің басын ұстау

Бір уақытта бірнеше іс тындырам десеңіз, олардың көпшілігі сапасыз жасалатынына күмәніңіз болмасын. Бірнеше кеменің басын ұстау жұмыс өнімділігін 40 пайызға төмендетеді. Бұл ғылыми дәлелденген факт. Табысқа, жетістікке жеткізетіндей сапалы іс тындырғыңыз келсе, бар назарды бір шаруаға аударыңыз.

Телефон мен теледидар

ХХІ ғасыр адамдарына бұл екі құрылғысыз өмір сүр деу – балыққа құрлықта күн кешіп, құрдымға кет дегенмен бірдей. Алайда осы екі заттың көптеген нәрселерге зияны тиіп жатқанын екінің бірі мойындайды. Ендеше тым құрымағанда оларды қолдану уақытын шектеуге қалай қарайсыз? Әлеуметтік желілерге тек маңызды шаруамен, керек ақпаратты алу үшін ғана кіріңіз. Теледидардан да тек пайдалы бағдарламаларды іріктеп көріңіз. Сонда негізгі мақсатыңызға, табыс келтірер іске жұмсайтын біршама қосымша уақытқа ие боласыз. Міне, табысты адам болу үшін осындай әдеттер мен әрекеттерді құрбан етуіңіз керек.

Дереккөз: yernur.kz
Просмотров материала: 1 092

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 374 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 194 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 165 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 109 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 093 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 254 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 278 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 094 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 611 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 759 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930