25 октября 2021 г.

Мы в соц сетях:



Киберқауіпсіздік жайлы не білу қажет?

17 июнь 2021, 10:59
Киберқауіпсіздік жайлы не білу қажет?
Интернет-банкингті пайдалана отырып, әр түрлі интернет-транзакциялар жасап, желіде шопингтен ләззат алып, киберкеңістікте өзіңізді қауіпсіз сезінуге болады ма?

Бүгін сіздің шоттарыңыз бен құрылғыларыңызды қорғаудың негізгі ережелерді еске саламыз.

Көптеген жағдайларда (70 – 90%) пайдаланушылар кейде өздері түсінбестен өздерінің дербес деректерінің мен ақшаның жылыстап кетуіне жол беріп қалады.

Көптеген адамдар құрылғыны қорғау қажеттілігін елемейді, өйткені олар лицензияланған бағдарламалық қамтылымды сатып алуға қаражат жұмсағысы келмейді. Бірақ антивирусты пайдалану барлық құрылғылар үшін міндетті. Вирусқа қарсы бағдарламалар желілік қауіптерді уақытында анықтауға және алаяқтық шабуылдардың алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, антивирусты смартфонға немесе планшетке орнатуды ұмытпаңыз, бұл әсіресе онлайн төлемдерге қатысты. Сонымен қатар, Apple, Google және Microsoft операциялық жүйелерді үнемі жаңартып отырады, белгілі осалдықтарды түзетеді. Егер гаджеттің өзі жаңартуды бастауды ұсынса, оны кейінге қалдырмаңыз. Хакерлер қарапайым және тиімді табыс табу үшін ескірген операциялық жүйелердің қауіпсіздігіндегі осалдылықтарды пайдаланады.

Сонымен қатар вирус көбінесе құрылғыға электрондық поштаға салынған файл немесе фишингтік сайтқа сілтеме арқылы енеді. Электрондық пошта мекенжайы ресми немесе мемлекеттік мекемелерге еліктей алады, ал сайт сілтемеде тек бір немесе бірнеше таңбаны алмастыра отырып, банктер мен интернет-дүкендердің интерфейстерін өзгерте алады. Сондықтан URL мекенжайының жазылуына міндетті түрде назар аударыңыз. Сонымен қатар, зиянды домендерде көбінесе күрделі таңбалар комбинациясы немесе емле қателері болады.

Сіз қорғаныс деңгейлерін неғұрлым көп қолдансаңыз, сіздің құрылғыларыңыз бен деректеріңізге ештеңе болмайтынына сенімді бола аласыз. Барлық аккаунттарда, әсіресе банктік қосымшаларда екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.

Деректердің бұғатталмауы үшін олардың резервтік көшірмесін үнемі жасау керек. Бұл құрылғы бұзылған жағдайда да ақпаратты сақтауға көмектеседі.

Ешқашан құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз. Егер қандай да бір уақытқа компьютеріңізді, телефоныңызды немесе планшетіңізді қайтып келу уақытына қарамастан қалдыру қажет болса, оны қаскүнемдер пайдаланып кетпеу үшін бұғаттаңыз. Сонымен қатар, бейтаныс адамдарға құрылғыңызбен хабарламалар жіберуге және қабылдауға жол бермеңіз. Сіздің аккаунтыңызға деректер алу үшін 10 секунд жеткілікті. Ондағы ақшаны алу үшін одан да аз уақыт қажет. Сондықтан, егер бейтаныс адам біреумен байланысу үшін сізден телефон сұраса, өтінішін қабыл алмаңыз немесе нөмірді өзіңіз теріп, динамикті қосыңыз.

Бұл ереже кері жағдайда да жұмыс істейді: басқа адамдардың құрылғыларынан онлайн-банкингке кірмеңіз, интернетте сауда жасамаңыз және бұл мақсаттар үшін қоғамдық Wi-fi қолданбаңыз.

Есіңізде болсын: смартфонға келетін барлық ақпарат – бұл тек сізге арналған ақпарат, ал бұл ақпаратты білгісі келетіндердің бәрі – әлеуетті алаяқтар. Сонымен қатар, төлем тарихын үнемі тексеріп отырыңыз. Бұған сізге онлайн-банкинг, push - және SMS-хабарламалардың көмегі тиеді. Күдікті белсенділікті байқап отырыңыз және қажет болған жағдайда ықтимал шабуылдар туралы банкке дереу хабарлаңыз, құпиясөзді өзгертіңіз және барлық қолжетімді қауіпсіздік шараларын қолданғаныңызға көз жеткізіңіз.

Қарапайым, бірақ өте құнды кеңес: құпиясөздеріңіз бен SMS-хабарламалар арқылы келетін мобильді банкингтің кодтарын ешкімге және ешқашан, тіпті банк қызметкерлеріне айтпаңыз. Банк өкілдері сізден шот және банктік карта деректемелерін, ПИН-кодты, СVV-кодты және өзге құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. Сізден осындай ақпаратты сұраған жағдайда, бұл дерек туралы сізге қызмет көрсететін банктің жедел желісі бойынша хабарлап айтыңыз. Телефон алаяқтары өздерін банк қызметкерлері немесе түрлі қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметі ретінде таныстырғанды ұнатады. Абай болыңыздар!

Әрбір пайдаланушы жібере алатын ең негізгі қателік – барлық аккаунтқа қарапайым және/немесе жеңіл құпиясөз. Киберқауіпсіздік мамандары құпиясөздің кем дегенде 8 таңбадан тұрып, туған күнді, сондай-ақ басқа да жеңіл табылатын ақпаратты қамтымауын талап етеді. Олар таңбалар регистрін кезекпен қолданып, әріптерді, сандарды және арнайы таңбаларды пайдалануды ұсынады.

Бір құпиясөзді бірнеше сайтқа және сервиске қолданудың, әсіресе оны бейтаныс және тексерілмеген ресурстарға енгізудің қажеті жоқ, өйткені ақпарат жария болып қалған жағдайда, сіз алаяққа өзіңіздің барлық аккаунттарыңызға және әмияндарыңызға қолжетімділікті ашып бересіз. Сондай-ақ, құписөздерді компьютердің бір файлында немесе телефонның жазба кітапшасында сақтаудың қажеті жоқ.

Дербес деректеріңізге ие болыңыз, олардың жоғалғаны анықталған жағдайда бірден шоттарды, оларға байланыстырылған телефон нөмірлерін бұғаттап, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Дереккөз: fingramota.kz
Просмотров материала: 209

Поделиться материалом


18:00 Незаконная вырубка деревьев: предъявлены иски на 90 млн... 105 Просмотров

17:38 Лжесотрудница Антикора "разводила" иностранцев на деньги,... 107 Просмотров

17:30 «Кезексіз пәтер алып беремін»: Шымкент тұрғынын алдаған... 112 Просмотров

17:23 22-летняя жительница Туркестанской области родила тройню... 116 Просмотров

17:10 Парень до смерти забил лопатой и изрезал ножницами... 121 Просмотров

17:08 Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға шақырды... 135 Просмотров

17:05 Рязань облысында жарылған цехтың басшылары ұсталды... 104 Просмотров

16:55 Түркістанда 22 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді... 187 Просмотров

16:53 Актобе окутал дым: жителей попросили не выходить на улицу... 113 Просмотров

16:43 Хан казахского джаза... 132 Просмотров

16:42 Ауғанстанның жарты халқына ашаршылық қаупі төніп тұр - БҰҰ... 114 Просмотров

16:28 Мошенница обманула жительницу Жамбылской области на 2 млн... 123 Просмотров

16:21 Қазақстан мен Венгрия медицина туризмін дамытады... 113 Просмотров

16:15 Жаңа еGov платформасы: Сбермен қатар Қытай да өз... 98 Просмотров

16:11 Мусин вакцина паспорттарына қатысты сынға жауап берді... 127 Просмотров

16:09 Нацбанк Казахстана повысил базовую ставку до 9,75%... 90 Просмотров

16:07 Қарағандыда әкімдік терезесінен құлап кеткен жұмысшы ісіне... 86 Просмотров

16:00 Кейбір сөзді мен де ұға бермеймін – министр eGov-тың... 92 Просмотров

15:56 Завхоза осудили после гибели рабочего, который выпал из... 144 Просмотров

15:50 Нағыз қазақ көк көзді еуропоид болған деген түсінік қате... 276 Просмотров

15:43 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтерді... 108 Просмотров

15:43 Отец с маленьким сыном утонули в ЗКО... 86 Просмотров

15:40 Өзбекстан ОСК Мирзиеевтің жеңісі туралы ақпаратты түсіндірді... 89 Просмотров

15:26 Тәліптер волейболшы қызды өлтірген біз емес дейді... 132 Просмотров

15:22 Метель и гололед ожидаются в Казахстане... 70 Просмотров

15:19 Қазақстанда жауын, көктайғақ пен бұрқасын күтілуде... 119 Просмотров

15:00 Мемлекеттік қызмет көрсету жағынан артта қалған... 103 Просмотров

14:45 Нұр-Сұлтан көпіріндегі жол апаты. Күдікті қамауға алынды... 137 Просмотров

14:32 Дәрігер кімге пияз жеуге болмайтынын айтты... 83 Просмотров

13:58 Смертельное ДТП на мосту в Нур-Султане: задержан... 82 Просмотров

13:50 Пластиковые тюльпаны за 15 млн тенге начали разваливаться в... 103 Просмотров

13:39 Круглосуточно следить будут за работой казахстанских... 110 Просмотров

13:27 Казахстанские спортсмены завоевали 6 золотых медалей на... 125 Просмотров

13:13 Ученые: употребление алкоголя в молодости приводит к... 140 Просмотров

13:00 Димаш үйленген соң қайда баратынын айтты... 307 Просмотров

12:41 Ақтауда 15 миллион теңгенің қызғалдақтары бүліне бастады... 328 Просмотров

12:36 Қазақстанда қанша оқушы семіздікпен ауырады... 134 Просмотров

12:34 Қазақстанда онлайн алуға болатын мемлекеттік қызметтер... 191 Просмотров

12:31 Қазақстандық спортшылар келер жылы Пекинде өтетін қысқы... 157 Просмотров

12:11 Украинада Абайдың ерекше ескерткіші ашылды... 117 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031