27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан өз вакцинасын гуманитарлық көмек ретінде ұсынуға дайын - Тоқаев

16 июнь 2021, 17:51
Қазақстан өз вакцинасын гуманитарлық көмек ретінде ұсынуға дайын - Тоқаев
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылу рәсіміне бейне байланыс арқылы қатысты. "Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу" тақырыбында өткен жиынға Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етті.

Қазақстан Президенті ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі алғашқы саммитінің төрағасы ретінде сөз сөйлеп, Біріккен Араб Әмірліктеріне және ИЫҰ бас хатшысына виртуалды саммитті ұйымдастырғаны үшін барлық делегацияның атынан алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жаһандық сын-қатерлер туралы айта келіп, ИЫҰ мемлекеттері мен жалпы әлемді тұрақты әрі өркендеген болашаққа қол жеткізу үшін үйлесімді іс-қимылдар жүргізуге шақырды.

Мемлекет басшысы ислам әлемі ғылыми ой-сананың негізі болғанын еске салды. Оның айтуынша, ұйымның қазіргі тарихи міндеті өмірден өткен ұлы тұлғаларға құрмет көрсете отырып, ғылыми ілгерілеу жолымен алға қадам басу. Президент ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ИЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 47-сессиясында арнайы қарар қабылдағаны үшін ұйым мемлекеттеріне алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Саммиттің Астана декларациясы мен 2026 жылға дейінгі ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылуы ұйымды одан әрі дамытудың өзекті мақсаттары мен міндеттерін дер кезінде айқындауға мүмкіндік бергенін айтты. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бірқатар нақты ұсыныс жасады.

Президент пандемияға қарсы күрестегі ортақ күш-жігер туралы айта келіп, вакциналарды әділ бөлуге және оларды саяси құрал ретінде пайдалануға жол бермеуге шақырды.

Президент Қазақстанның коронавирус індетіне қарсы QazVac вакцинасын әзірлегені және оның қазіргі уақытта ДДСҰ-да мақұлдау рәсімінен өтіп жатқаны жөнінде мәлімдеді.

"Қазақстан ИЫҰ-ға мүше елдерге гуманитарлық көмек ретінде өз вакцинасын ұсынуға дайын болады. Сонымен қатар біз QazVac вакцинасын Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше өзге де елдерде өндіру мүмкіндігін қарастыра аламыз", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер бойынша кешенді әрі заманауи инфрақұрылымның бар екенін атап өтіп, ғылыми жетістіктер мен технологияларды кең түрде бөлісуге дайын екенін жеткізді.

"Біздің академиялық және ғылыми-зерттеу институттарымыздың флагманы саналатын Назарбаев Университеті, сондай-ақ, Astana IT орталығы жасанды интеллект, Big Data және кибер қауіпсіздік салаларындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жобалар үшін база қалыптастыра алады", - деді Президент.

Мемлекет басшысы ИЫҰ-ға мүше елдер үшін білім беру және ғылыми зерттеулер сапасын арттыру басты басымдыққа айналуы қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға қарай Қазақстан ғылым саласының қаржыландырылу үлесін ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына, ал білім беру ісінде 7 пайызына дейін арттыруды көздеп отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы ИЫҰ-ға мүше елдердің студенттері үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша отандық оқу орындарында 100 грант бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде экономиканы цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыру мәселесін де көтерді. Сонымен қатар климаттың өзгеруіне қарсы күреске және қоршаған ортаны қорғауға, көміртегінен ада экономика қалыптастыруға бағытталған еліміздің күш-жігері туралы айтты.

Президент өз сөзінде елдеріміздің келешегі ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы жетістіктерге байланысты екеніне сенім білдірді.

"Ислам әлемінің ғылыми әлеуеті зор деген ортақ пікірді қолдаймыз. Алайда адам капиталын дамытуда, әсіресе сапалы білім беру ісіндегі инвестициялардың көлемін арттыруымыз қажет. Сонымен қатар ғылыми ықпалдастығымызды нығайтып, дамыту өте маңызды болып отыр. Дәл осы шаралардың арқасында ислам әлемінің ғылым мен инновация саласындағы абыройын арттыра аламыз", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметін және халқын ел тәуелсіздігінің 50 жылдығымен және "Әл-Амал" спутнигінің Марс орбитасына сәтті шығуымен құттықтады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл жетістіктің барша ислам әлемі үшін аса маңызды екенін айтты.
Просмотров материала: 625

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 434 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 253 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 225 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 169 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 151 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 502 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 882 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 117 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 631 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 779 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930