26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы облысында еден жуушы әйел бес жыл бойы директорға жалақысынан ақша беріп келгенін айтты

Алматы облысында еден жуушы әйел бес жыл бойы директорға жалақысынан ақша беріп келгенін айтты
Алматы облысындағы Кербұлақ ауданында мектепте еден жуатын әйел елге видеоүндеу жасап, басшысының үстінен шағымданды. Ол мектеп директорына ұзақ уақыт бойы ақша беріп келгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сарыөзек ауылында тұратын әйел Ұлболсын Қыстаубаеваның сөзінше, ол ай сайын мардымсыз жалақысының бір бөлігін: шамамен 12-20 мың теңге аралығында басшысына беріп отырған. Бұл процесс соңғы 5 жылдан бері жалғасып келеді екен.

«Мен 2016 жылдан бастап 2021 жылға дейін Күреңбел мектебінде еден жуушы болып жұмыс істедім. Осы уақытта Күреңбел қазақ орта мектебінің директоры Кәмшат Болатханқызына 2016 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың желтоқсан айына дейін 12 мыңнан 20 мың теңге аралығында ақша беріп отырдым. Соны не үшін бердім? Бұл ақшаны менен не үшін ұстап келді, соны бухгалтериядан анықтауын талап етемін.

12-20 мың теңгесін бересің деген соң беріп отырғанымды әліге дейін түсінбеймін. Сол себепті бухгалтериядан менің қанша ставкада жұмыс істегенімді, қанша жалақы алуым керектігін тексеруін сұраймын. Мен қазір жұмыс істемеймін. Себебі, енді ақша бермеймін дегенім үшін жұмыстан шығарды. Еңбегімді жеді, бұл ақша сонда маған тиесілі емес пе еді?» - деді өзін Қыстаубаевамын деп таныстырған әйел.

Аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша, еден жуатын кіші қызметкерлердің айлығы онсыз да мардымсыз. Қолына 47-50 мың теңге аралығында жалақы алады екен.

Бұған дейін дәл осы аудандағы елуге тарта мектептің директорлары облыстық СЭБ басқармасының ұсынысымен 50 мың теңгеден жинағанын жазған болатынбыз. Осындай жағдайлар өңірдің атын жаман жағынан шығарып қана қоймай, мұғалімдердің атына кір келтіріп, білім саласына кері әсер етіп жатыр дейді ауданның бас педагогы.

«Күреңбел қазақ орта мектебіндегі жағдайды облыс әкімі де біледі. Еден жуған әйел қазір жұмыс істемейді ол жерде. Аталған жағдайға қатысты басқа адамдар жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінң облыстық департаментіне арыз жазған. «Мертвая душа», яғни жоқ адамдардың атына айлық жазылған деген арыз түскен. Сол бойынша бүгін мектепте аудиттік тексеру басталды. Бізде білім бөлімінде бухгалтерия орталықтандырылған. Сол бойынша да тексеріс жүргізіп жатыр. Тексерушілер облыстан келді. Даудан арылмаған директорлардың әрекеті әбден шаршатты», - деді Кербұлақ ауданы Білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Гүлжанат Сағатова.

Ол еден жуған әйелдің бірнеше жылға созылған мәселені не үшін бұрын мәлімдемей, енді ғана жариялап жатқанын түсінбейді. Ал, даулы мектептің директоры Кәмшат Болатханқызы бұрын қоластында жұмыс істеген қызмектердің айыптауын жоққа шығарды. Мектеп ашылған уақыттан бері ол осында директорлық қызметте.

«Ұлболсын Қыстаубаеваның мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Бұл адам қазір Сарыөзек кентіндегі басқа мектепке жұмысқа тұрған. Мен одан ақша алған жоқпын. Онсыз да айлығы аз. Мектептің штатында тазалық жұмыстарына жауапты 20 жұмысшы бар. Бұл әйел декреттегі өзге адамның орнына уақытша жұмысқа тұрған. Кейін жұмыстан кеткен соң ренжіп, осылай айтып жатқан шығар. Білмедім», - деді Кербұлақ ауданы Күреңбел орта мектебінің директоры Кәмшат Қыстаубаева.

Еден жуып, тапқан айлығынан ақша өткіздім деген Ұлболсын Қыстаубаева 55 жаста. Төрт баласын асырау үшін ауыр жұмысқа шегілуге мәжбүр болған. Айтуынша, өзі ғана емес, өзге де кіші қызметкерлер алдын ала жасалған тізім бойынша директорға ақша өткізіп отырған.

«Әу баста 32 мың теңге айлық алсам, кейін карточкаға 75 мың, 90 мың теңге түсіп тұрды. Өзімнің 50 мың теңге жалақымды алып, қалғанын Эльмира деген вахтершыға тізім бойынша өткіземіз. Жалғыз мен ғана емес, Айсұлу, Гүлжазира, Қаламқас деген өзге де еден жуатын әйелдер ақшаны өткізіп тұрдық. Директор тізімді жазып береді. Сол бойынша бәріміз мектептің екінші кіреберісіне апарып ақша өткіземіз.

Наурыздан бері жұмыссызбын. Мені қуып жіберді. Ол мектепте бес жыл еден жудым, тазалығына жауапты болдым. Жұмыстан шығаратын кезде директор Ринат деген полицияны шақырып қорқытты. Шілде айында кезекті еңбек демалысына шығуым керек еді, соған жеткізбей қуып жіберді. Демалыс күндеріме төлем де жасамады», - деді Ұлболсын Қыстаубаева.
Просмотров материала: 5 444

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 343 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 164 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 135 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 078 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 063 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 741 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 084 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 487 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 602 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 750 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930