23 октября 2021 г.

Мы в соц сетях:



Қозы - 45 мың. Елімізде тірі малдың бағасы күрт қымбаттап кетті

11 июнь 2021, 10:06
Қозы - 45 мың. Елімізде тірі малдың бағасы күрт қымбаттап кетті
Атырау облысында ұсақ малдың бағасы шарықтап тұр. Мұнайлы өлкеде семіз қойдың орташа бағасы 130 мың теңгеден сатылып жатыр. Ал Қарағандыда қыста туған қозының бағасы 30 мыңнан басталады, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

– Қазір ең арзан қошқар тек Шымкентте ғана. Алайда қарапайым халық Құрбан айт жақындағанда құнығып кететін саудагерлерден қорқып отыр.

- Бұлар қазір салық төлеп жатқан жоқ. Үш жылға босатты ғой, неге қымбат?

Атырауда облысында мал базарға қой іздеп барғандардың тауы шағылып қайтады. Қалтаны қаққан қымбатшылық тұрғындардың шымбайына шын батқан. Өйткені мал бағасы былтырғымен салыстырғанда екі-үш есеге артып отыр. Мәселен, базарда қозы 45 мың, ісек қой орташа 130 мың теңгеден сатылып жатыр. Мамандар оның басты себебін пандемиямен байланыстырады.

Еркін Беккелеев, мал базарының зертхана меңгерушісі:

- Пандемияда базар бір-екі мәрте жабылып қалды. Онлайн сату деген болды. Сатушыларға қиын болды. Клиент болмай қалды. Онлайн сатуда жеткізіп беруді сұрайды. Үй-үйге апарып беруге мәжбүр болды. Сол кезде көп мал сатылмай қалды.
Қазір малды бордақылап, өзі базарға әкеліп сататындар азайған. Көбі алыпсатарлар. Атырауға төрт түліктің көбі көршілес Батыс Қазақстан облысынан әкелінеді.

Қанат Жәнібеков, Атырау қаласының тұрғыны:

- Он қойға, 2 мың теңге қосылады. Оның үстінен біз пайда көреміз. Сосын іште ветеринар дәрігерлерге береміз. Орын ақымыз бар. Соның бәрін төлегенде 2-3 мың теңге қосамыз.

Мұнайлы өңірде ірі малдың да құны күрт атқан. Бие 500 мың болса, сиырдың бағасы 450 мыңға дейін барады. Ал қос өркешті жануарды 1 миллион теңгеге сатып аласыз.

Қойдың құнын тұрақтандыра алмай отырған облыстағы ауыл шаруашылығы басқармасы "мал бағасының өсуі қалыпты жағдай, қайтадан ретке келеді" деп ақталып отыр. Ал төрт түлікті саудалағандар жем-шөп құнын түсірмейінше, ұсақ жандықтың бағасы шарықтай береді деп бекініп алған. Мысалы, бір ісектің құны 100 мың теңге тұрады.

Қарағандыда да мал етінің бағасы өсуін тоқтатар емес. Құрбан айт жақындаған сайын қой сататындар алақанын ысқылап отыр. Қыста туған қозы бағасы қазір 30 мыңнан басталса, күздік тоқтылардың құны 55 мың теңгеге дейін. Одан ірі ісек қойларға 70-80 мың теңге сұрап тұр. Сатушылар қымбатшылықты күн санап өсіп жатқан жем-шөптің бағасымен байланыстырады. Ұсақ малды ауылдан жеткізу мен оны сатылғанша баптаудың шығыны тағы бар. Ал тұрғындар "жақын күндері ет жеуді қоямыз ба?" дейді.

Мақсат Бейсенаев, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Мал етінің қымбаттауы елге өте ауыр болып тұр. Өйткені бұл жерде ауыл еңбеккерлерінің еңбегін де ұмытпау керек. Дегенмен Айт кезінде қой етінің қымбаттуы халықтың қалтасын қағады. Бағаны тым көтермесе деген, осы бір бағаға бақылау жасайтын, қарайтын жағдайды қолға алса деп ойлаймын. Әйтпесе ет жеп өскен қазақ халқы бір күні ет жеуден де қалатын шығар.
Қазақстан бойынша ең арзан ет Шымкентте. Себебі төрт түлікті көп ұстайтын күнгейде биыл шөп тапшы. Былтыр 500 теңгеден сатылған бір бума шөп, дәл қазір 1300 теңгеден сатылып жатыр. Шөптің бірінші орымның өзі тым қымбатқа түсіп жатыр деген малшылар жаз соңына қарай елде жұт бола ма деп үрейленеді.Сондықтан, малды асырауға қиналған шаруалар жапа тармағай қой мен сиырын сойып сатуда

Асқар Әлиасқаров, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Жем тапшылығынан адамдар өздерінің қойларын өткізіп жатыр. Содан бізде баға 100-200 теңге арзандау түсіп жатыр. +Қарағанды, Атырау, Ақтаудан кеп, Алматыдан кеп сойып жатыр. Ол жақтан қарағанда арзан. 2200 теңгеден сойып беріп жатырмыз. + Шөп биыл жоқ. Тапшы боп жатыр. Адамдар өздерінің шөп тапшы болғаннан кейін қозыларын, бордақы мал ұстаудан қиналып жатыр.
Сарапшылар елімізде жанар-жағармай мен жем-шөптің бағасы арзандамайынша, малдың да құны қымбаттай береді дейді. Соңғы бес жылда өзен-көлдердің тартылып қалуы да төрт түліктің күйін қашырған. Қазір малшылар жайылым жер жоқ болғандықтан, мал басын азайта бастаған.

Просмотров материала: 490

Поделиться материалом


18:57 Каким должен быть будущий закон по вопросам здравоохранения?... 193 Просмотров

17:57 Женщину вытолкали из автобуса и жестоко избили в Темиртау:... 127 Просмотров

17:36 В семи областях Казахстана объявлено штормовое... 138 Просмотров

17:25 Сегодня проходит заключительный день выставок... 266 Просмотров

17:16 Онлайн-кинотеатр IVI начал съёмки самого правдивого сериала... 147 Просмотров

17:02 Руслан Сакеев назначен вице-министром труда и соцзащиты... 145 Просмотров

16:53 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі... 302 Просмотров

16:44 Ресейдегі зауытта жарылыс болып, 16 адам қаза тапты... 159 Просмотров

16:40 Мошенники открыли сбор средств для похорон девочки, упавшей... 133 Просмотров

16:28 Президент Асқар Маминді қабылдады... 165 Просмотров

16:26 Гололед и метель ожидаются в Казахстане... 134 Просмотров

16:12 Алматының тауларына қалыңдығы 16 см қар түсті... 292 Просмотров

16:11 Более 400 коррупционных правонарушений в сфере образования... 146 Просмотров

15:55 Түрмеде отырған ер адам баласына бүйрегін беріп, оны... 233 Просмотров

15:51 Нұр-Сұлтанда алаяқ әйел біреудің пәтерін бірнеше адамға... 151 Просмотров

15:50 "Бесит уже, на": чиновник из Уральска наказан за резкое... 177 Просмотров

15:31 Сот бұрынғы вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиевті ақтады... 108 Просмотров

15:25 Казахстанцам заплатят за сообщение о невыдаче фискального... 106 Просмотров

15:17 Тікелей эфирде "бесит уже" деген шенеунік қатаң сөгіс алды... 100 Просмотров

15:12 Суд оправдал бывших вице-министров энергетики Г.Садибекова... 117 Просмотров

14:59 Семейде жас жігіт 16-қабаттан секіріп кетті... 120 Просмотров

14:57 Жыл басынан бері ел кәсіпорындарында 140 адам қаза тапты... 116 Просмотров

14:40 Антикор заңсыз сыйлық алған ЖОО оқытушыларын қатаң... 338 Просмотров

14:22 Студент Семейде адам сенгісіз жағдайда жол апатынан аман... 118 Просмотров

14:07 Дәрігерлерге пранк жасаған танымал блогер жазалануы мүмкін... 115 Просмотров

14:00 Инвестициялық делдалды алаяқтан қалай ажыратуға болады... 127 Просмотров

13:42 140 человек погибли на предприятиях с начала года в... 106 Просмотров

13:28 К 23 годам тюрьмы приговорили педофила из Каражала... 132 Просмотров

13:13 Парень выбросился с 16-этажа в Семее... 228 Просмотров

13:03 В попавшем в ДТП самолете находились футболисты "Кайрата"... 120 Просмотров

12:49 Годовалый ребенок пострадал при столкновении автобуса и... 121 Просмотров

12:40 Подросток повесился на балконе квартиры в Капшагае... 127 Просмотров

12:28 Сайты министерств и акиматов не работают в Казахстане... 109 Просмотров

12:15 Количество ДТП резко увеличилось из-за снегопада в Алматы... 137 Просмотров

12:08 Кедендік тауар транзиті кезінде автокөлікті электронды... 147 Просмотров

12:02 Члену ОПГ грозит до 15 лет лишения свободы в ВКО... 132 Просмотров

11:54 Түркістан облысында мектеп оқушысы асылып қалды... 573 Просмотров

11:51 Коронавирустың ревакцинасын қашан алу керек?... 155 Просмотров

11:40 Ковидные надбавки полгода получали «мертвые души» в ВКО... 123 Просмотров

11:32 20 мың теңге үшін атып кеткен: Павлодарда болған жанжал... 118 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031