17 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Проблеманың түп-төркінін патриархалды қоғамнан, сексизмнен іздеп жатқандар бар

08 июнь 2021, 16:20
Проблеманың түп-төркінін патриархалды қоғамнан, сексизмнен іздеп жатқандар бар
7 маусымда Мәскеуде алқа билер соты Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының студенті қазақстандық Томирис Байсафаның өліміне қатысты алдын ала үкім шығарып, басты күдікті – Дағыстан экс-премьерінің ұлы Муртузали Меджидов толықтай ақтаған болатын. Бүгін судья да Меджидовтың судан ақ, сүттен таза екенін растайтын үкім шығарды.

Томиристің қазасы Қазақстан қоғамында бір резонанс тудырса, бүгін оқылған үкім тағы да қызу талқыға түсті. Белсенділер соңғы бірер жылда үш бірдей қазақ қызының дәл осылай жұмбақ жағдайда биіктен құлап қайтыс болғаны кездейсоқ емес дейді.

Үш қыз деп отырғанымыз, былтыр желтоқсанда Нұр-Сұлтанда көз жұмған Сымбат Құлжағарова мен биыл 5 мамырда Тбилисиде (Грузия) қайтыс болған Әсел Айтпаева. Екеуі де көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.

Бүгін Мәскеуде Муртузали Меджидовке үкім оқылғаннан кейін әлеуметтік желілерде «өлімнің себебін арыдан іздеу керек, мұның тұрмыстық зорлық-зомбылық себеп болды» деген сарындағы пікірлер айтыла бастады. Яғни, проблеманың түп-төркінін патриархалды қоғамнан, сексизмнен іздеп жатқандар бар.

Azattyq Rýhy тілшісі осы ретте Қазақстан әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Азиза Шөжеевамен тілдесті. Азиза Тимурқызы – еліміздегі әйелдер және балалар мәселесін көтеріп жүрген қоғам белсенділерінің бірі.

«Иә, расымен де, оқыған, білімді, әдемі қыздарымыз еді. Олардың қазасы – әр қазақ үшін орны толмас қайғы. Отбасыларына қаншалықты ауыр екенін айтып жеткізу қиын болар.

Алайда, бұл үш жағдайды біріктіріп, қарапайым азаматтардың эмоциясына әсер етіп жатқан кейбір белсенділерге айтарым бар. Бұл үш жағдай бір-бірімен байланысты емес.

Сымбат Құлжағарова расымен де тұрмыстық зорлық-зомбылық көрді. Тіпті, оны ұрып-соғудан сақтау үшін күйеуіне Сымбатқа жақындауға тыйым салған соттың шешімі де бар.

Ал, Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаева мен Мәскеуде көз жұмған Томиристің тұрмыстық зомбылыққа қаншалықты қатысы бар? «Қазақ қоғамында әйелдерге дұрыс қарым-қатынас жоқ» деп жатыр. Бірақ, бұл мәселеге қыздардың өлімін араластыру қаншалықты әділ?

Меніңше, тұрмыстық зомбылық пен Қазақстандағы нәзік жандыларға деген қатынастың соңғы аталған екі оқиғаға қатысы жоқ. Әрине, біздің елде тұрмыстық зомбылық, ұрып-соғу, гендерлік теңсіздік мәселелері бар. Алайда, әйелдерге күн көрсетпей жатыр деуден де аулақпын. Мәселен, қазір ғана «Самұрық Қазынада» бір жиыннан шықтым. Қазақстандағы әйелдердің IT саласында өзін дамыту тақырыбын қозғадық. Біздің елде қыздардың дамуына, кәсібін бастауына, білім алуына, зорлық көрген жағдайда оны айтып, шағымдануына мүмкіндік бар. Тағы бір мысал, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып келген жастардың 54 пайызы қыздар екен. Сол себепті, бұл қайғылы оқиғалардан дұрыс сабақ алған жөн.
Проблеманың түп-төркінін патриархалды қоғамнан, сексизмнен іздеп жатқандар бар

Әрине, соттың үкімі бізді қатты қынжылтады. Істің басы-қасында болып, өз көзімізбен көрмегеннен кейін бір пікір айту да қиын. Алайда, істің әділ шешілгенін қалап едік.

Жалпы, Грузия мен Мәскеуде болған жағдайдан кейін біз – қазақстандықтар, елшіліктерден біздің студенттеріміз және қыздарымыз үшін қолдау көрсетуді, істің әділ өтуін қадағалауға қандай да болсын үлес қосуды сұраймыз», - дейді Азиза Тимурқызы.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары бұған дейін Azattyq Rýhy тілшісіне еліміздегі гендерлік саясат және Қазақстандағы әйелдердің орны жайында сұхбат берді. Альянс өкілі Отбасы істері жөніндегі ведомство құруды ұсынды.

Azattyq Rýhy тілшісіне бұған дейін берген сұхбатында Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова соттың әділ шешіміне күмәнданатынын айтқан. Ол қылмыстық іс «Өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізу» бабынан «Адам өлтіру» бабына ауыстырылғанымен, соттың әділдігіне кері әсер ететін «ақша» факторының барын айтқан еді.
Просмотров материала: 4 503

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 258 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 081 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 049 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 90 987 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 90 965 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 422 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 187 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 211 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 635 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 768 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 577 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 284 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 457 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 368 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 156 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 286 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 155 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 437 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 130 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 077 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 306 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 819 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 001 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930