26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Жаңа жәрдемақы енгізіледі": министр алдағы өзгерістерді жариялады

"Жаңа жәрдемақы енгізіледі": министр алдағы өзгерістерді жариялады
Мәжіліс әлеуметтік қорғау заңнамасына енгізілген өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы бойынша азаматтардың кейбір санаттары үшін жаңа жәрдемақы енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуынша, заң жобасы мүгедек адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, еңбек ардагерлері және басқа да санаттарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруді көздейді.

"Негізі тұжырымдамалық жаңалықтарға тоқталсақ, біріншіден I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылған. Бүгінде I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметтерімен де қамтылмаған, яғни, басқа адамның көмегіне зәру, олар – өз бетімен жүре алмайтын мүгедек жандар. Осылайша заң жобасын қабылдау нәтижесінде күтім жасау жәрдемақысымен қосымша 24 мың адам қамтылады", – деді Шәпкенов мәжілістің жалпы отырысында.
Сосын мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығы сақталады. Қазіргі кезде ондай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй берілмесе, мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Ал жаңа норманың арқасында 20 мыңнан астам отбасы тұрғын үй кезегін сақтай алады. Заң жобасында мүгедек балаға күтім жасау мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылып отыр.

Бұдан бөлек, заң жобасы аясында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылған. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, соның ішінде балалар ауруының дәрежесіне қарай жәрдемақы мөлшерін саралауға мүмкіндік береді.

"Бұл ретте мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-тен 37%-ке дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедек балаға қатысты болады", - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алу құқығы беріледі. Министрдің сөзіне қарағанда, осының арқасында асыраушысынан айырылған және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта мүгедек балалар ата-анасы ажырасқан кезде бір мезгілде алимент пен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда бір немесе екі ата-анасы қайтыс болған жағдайда бала мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады. Осы норма енгізілген жағдайда 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыға қоса асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны ала алады", – деді Шәпкенов.

Айта кеткен жөн, бүгінде мүгедектігі бойынша 41 163 – 48 023 теңге, ал асыраушысынан айырылу бойынша 12 063-29 500 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі.

Заң жобасының тағы бір жаңалығы – еңбек жарақатынан мүгедек болып қалған адамдарды мемлекет есебінен оңалту. Ондай шаралар кәсіпорын банкрот болған жағдайда қолға алынады. Осылайша қазірдің өзінде 2 мыңға жуық адам оңалту қызметтерімен және техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Просмотров материала: 1 136

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 331 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 152 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 123 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 065 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 050 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 739 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 080 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 599 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 747 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930