24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҰБТ кезінде қобалжу - ол қалыпты реакция, адамдар робот емес. Бірақ оны басқару - біздің қолымызда.

25 май 2021, 10:20
ҰБТ кезінде қобалжу - ол қалыпты реакция, адамдар робот емес. Бірақ оны басқару - біздің қолымызда.
Тест Кезіндегі толқу, қобалжудан құтылуға бола ма? Оқушы ҰБТ сүрінбеу үшін не істеу керек?

Ертең еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылады. Бір жыл қашықтан оқыған оқушылардың жазғы демалысты қалай өткізетіні әзірге белгісіз. Ал 9 және 11 сыныпты тәмамдайтын шәкірттер сынаққа дайындалып жатыр. Карантин шараларына байланысты үйден шықпаған баланың тест сынағы алдында қобалжуы, ата-аналардың «байқауда балам сүрініп қалмасын» деп уайымдауы заңдылық.

- Психологтар жасөспірімдер мен әке-шешеге қорқу, үрейден арылуға қандай кеңес береді? Ол үшін не істеу керек?

Көпшілікті толғандырған уайым , қобалжудан құтылудың жолдарын іздеп, кәсіби мамандардың көмегіне жүгіндік. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы, психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Құдайбергеновамен сұхбаттасып, пайдалы кеңестерді оқырмандарға ұсынамыз.

-Мен өзім де анамын . Биыл ұлым мектепті бітіреді. Емтиханға дайындалып жатыр. Жасөпірімдер үшін өте маңызды және жауапты сынақ. Ата-аналар, мұғалімдер және балалар да емтиханға психологиялық тұрғындан да сақадай сай болуы керек.


Біріншіден толқу, мазасыздық бойды шектен тыс билеп алғанда күш-қуатымызды сүліктей сорып тастайтыны анық. Мектеп оқушысына қуат , жігерді емтихан кезінде жұмсаған пайдалы. Ең алдымен ескеретін жәйт, жасөспірім мен ата-ана емтиханды, ҰБТ -ны қарапайым жаттығу немесе әдеттегі емтихан ретінде қабылдауы керек. Көп жағдайда " ҰБТ өте қорқынышты, мен оны тапсыра алмаймын" деген үрейді өршітіп, соған өзімізді иландыруға бейім тұрамыз . Мұның себебі тест тапсыру сынағын алынбас қамалға теңеу, оның ауқымын кеңейтіп , нақтырақ айтқанда асыра сілтеудің салдары балаға кедергі жасайды және оның бойындағы алаңдаушылықты күшейтеді. Сондықтан балалар, ата-аналар , сіз спортшы болсаңыз емтиханды жаттығу немесе күнделікті тест сынағы ретінде қабылдауға тырысыңыз. Дүрбімен қарағандай білім байқауын шамадан тыс үлкейтіп бағалауды доғарыңыз.

- Емтиханның уақыты шектеулі. Толқу кезінде кейбір оқушы білгенін ұмытып қалуы мүмкін. Қандай кеңес бересіз?

-Емтиханға дейін уақытыңызды ұтымды пайдалануға бойды үйретуге бейімделу өте маңызды. Алдымен стратегиялық жоспар құруға кеңес беремін. . Мұның себебі, емтихан басталғанда барлық сұрақтарды бірнеше минутта жылдам қарап, оларды орташа , жеңіл және ауыр деп бөлген тиімді. Сіз алдымен орташа немесе жеңіл тапсырмаларды орындайсыз. Көбінесе уақыттың тапшылығы туындағанда бойда толқу өршиді. Уақыт неге жеткіліксіз? Өйткені оқушы бірінші күрделі сұраққа жауап беруге тырысады. Бірақ оны шешу мүмкін емес . Сол үшін алаңдайды. Толқындай бұлқынған толқуды басқаруға қауқарсыз болады. Одан әрі ойы шатасып, іштей дүрбелең басталады. Сондықтан дайындық барысында жұмысты дұрыс ұйымдастырған маңызды. Күрделілігіне байланысты тапсырманы бөлу және уақытты бақылауды ұмытпау керек. Бұл өте тиімді әдіс .

Қатты уайымдағанда әдеттегідей емес, тыныс алуы жиілейді. Дәл осы кезде жүректің соғысы жиілеп, импульсі жоғарылайды . Ми жүректің жиі соғуын қауіптің белгісі ретінде қабылдайды. Осыған байланысты гормондардың көп мөлшері бөлінеді. Соның әсерінен жағдай ушықты деп есептейміз. Егер бірнеше тыныс алу жаттығуларын үйреніп алсаңыз , оның пайдасы өте зор және өте пайдалы. Мысалы, терең тыныс алып, қысқа дем шығару, 3 секундтан кейін сіз ұзақ және толық дем ала аласыз. Сіз осындай қарапайым жаттығуларды меңгеру арқылы өзіңіздің тыныс алу мүшелеріңізді бақылауға мүмкіндігіңіз болады. Толқу, қобалжуды бәсеңдетеді.

-Үрейден арылудың тағы қандай жолдары бар? Көбінесе мұндай жағдайда оқушының өз бойында дүрбелеңді басқаруға қауқарсыздық пайда болады.

-Тағы бір маңызды жәйт дене емтиханға дайын болуы керек екенін ұмытпау. Емтихан алдында ұйықтап, демалу керек. Көбінесе емтиханнан 2-3 күн бұрын немесе түнде балалар емтиханға дайындалып , нәтижесінде дамыл таппайды. Сондықтан соңғы күні миды тынықтырып, демалу керек. Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз. Осындай сынақ алдында ата-ананың қамқорлығы ауадай қажет. Жасөспірім дәруменге бай тағам жеу керек. Білім байқауына бір күн қалғанда, мысалы, жалбыз , түймедақ қосылған жылы ванна қабылдау керек. Бұл шөптердің ағзаны тыныштандыратын қасиеті бар. Таңертең ұйқыдан сергек оянасыз.

Әрі қарай, емтиханда толқуды арпалысу үшін кішкентай физикалық жаттығулардың пайдасы зор. Неліктен? Себебі , біз уайымдағанда бұлшық еттеріміз жиырылады. Басыңызды артқа сүйеніп, баяу оңға, солға бұрыңыз, иығыңызды құлағыңыздың тұсына көтеріп, бірнеше секундтан кейін төмендетіңіз. Қолыңызға жеңіл массаж жасаңыз. Бұл қарапайым және оңай физикалық жаттығулар бойды кернеген қобалжуға қарсы амалдардың бірі екені есіңізде жүрсін.

Қобалжу - ол қалыпты реакция, адамдар робот емес. Бірақ оны басқару - біздің қолымызда.

Емтиханды сәтті тапсырып, білім байқауында бағыңыз жансыз.

-Өте пайдалы кеңесіңізге алғыс айтамын.

Сұхбатты жазған журналист Жазира Бегалы.
Просмотров материала: 4 375

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 019 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 842 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 813 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 751 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 733 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 478 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 234 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 261 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 718 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 846 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 970 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 390 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 498 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 648 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930