5 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда тағы да бір азамат вакцина салдырған соң жансақтау бөліміне түсті

11 май 2021, 12:53
Алматыда тағы да бір азамат вакцина салдырған соң жансақтау бөліміне түсті
8 мамырда коронавирусқа қарсы вакцина алған алматылық ауруханаға түсті. Рымтай Алимпияев «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алып үйіне келген соң, өзін жайсыз сезінген. Ол 9 мамыр күні таңға жуық қалшылдап ауырып, есінен танып қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне науқастың туыстары хабарлады.


Жедел жәрдем қызметі 44 жастағы азаматты қалалық №4 клиникалық ауруханасына жеткізіп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Науқастың әпкесі Гүлзира Алимпяеваның айтуынша, інісі ауруханаға түсерден бір күн бұрын №5 қалалық емханада «Спутник V» вакцинаның екінші компонентін салдырған.

«Інім осы күнге дейін арнайы әскери жасақта істеп, зейнетке шыққан. Ондай әскери адамдар ылғи дәрігерлердің бақылауында болады. Жыл сайын тексеріліп отырады. Денсаулығына қатысты шағым айтқан емес. Зейнет демалысына шыққан соң бір медициналық мекемеде жүргізуші болып жұмыс істеп жүрген. Сол жере вакцина алуға мәжбүрлегені белгілі болды. Жұмыстан шығасың деп қорқыту болған. Бала-шағасы бар, кім жұмысынан айырылғысы келеді. Сондықтан амалсыз барған. Вакцинаның 1-ші компонентін Алматыдағы №5 емханадан алған. Бірақ ол азаматта аллергиялық ауру белгілері болатын. Кез-келген препаратқа, антибиотиктерге аллергиясы болған. Емханада медотвод (вакцинадан бас тарту жағдайы - ред.) жасамаған болып тұр. Ауызша сұраған да, сала салған», - дейді Гүлзира Алимпияева.

Вакцинаның бірінші компонентін алған соң бас ауруы басталған. Ауырғанын басу үшін үнемі дәрі ішкен. Арада 21 күн өткен соң Рымтай Алимпияевқа хабарлама келіп, екінші компонентін алуға мәжбүр болған. 8 мамырда екінші компонентін алғанның ертеңіне ұйқыдан тұрғанда, киініп жатып дірілдеп құлаған. Сосын оны жедел жәрдем қызметі №4 клиникалық ауруханаға жеткізілген.
Алматыда тағы да бір азамат вакцина салдырған соң жансақтау бөліміне түсті



«Жарайды, ол күні мереке. Кезекші дәрігерлер қарағанымен, нақты диагнозын айтпайды. Біреулер ісік бар дейді, біреуі гемотома бар дейді. МРТ түсіріңдер деді. Мереке күндері ол жерлер жабық болды. Біресе неврологияға, біресе, реанимацияға жатқызды. Інім жақында ғана скринингтен өткен, дені сау болып шыққан. Сондықтан бізде күмән туып отыр. Біз бұл сау адамның екпеден соң, ауруханаға ауыр жағдайда түскенінен соң, осылай дабыл қағып, денсаулық сақтау басқармасына келіп тұрмыз. Енді осыдан соң қалай вакцина алуға болады? Толық тексеруден өткізіп, оның қандай дәрілерге қарсы көрсетілімі бар, соны біліп барып салуы керек еді. Бірініш компоненттен соң ол басының ауырғанын айтқан соң, екіншісін толық тексеріп барып салмай ма?! Қан қысымын өлшеген де, сала салған. Нәтижесі осы», - дейді науқастың туысы.

Науқастың жақындарының талабы - вакцинадан соң ауруханаға түскен азаматтың денсаулығына немқұрайлы қарамау. Білікті дәрігерлерді жинап, дұрыстап кеңесіп, оның айығып кетуіне жағдай жасап беруін сұрайды.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Рымтай Алимпияевтың туыстарының шағымынан соң, №4 клиникалық ауруханада білікті мамандардың кеңесі болатынын айтты. Бүгін түстен кейін науқастың нақты диагнозы айтылмақ. Басқарма басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева науқастың ауруханаға түсуі коронавирусқа қарсы екпемен байланысты болмауы мүмкін екенін де айтады.



«Біз оның вакцинациямен байланысы болмауы мүмкін деген болжамды да қарастырып отырмыз. Оның неврологиялық жүйесінде басқа аурулары болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Қазір консилиум жинап жатырмыз. Соның қорытындысына қарап, біз сіздерге нақты жауап айтамыз. Ол жерде бас дәрігер профессорлық-оқытушылық құрамды жинап, осы науқастың жағдайын саралап жатыр. Науқастың туыстарына қажетті ақпараттарды береміз. Иә, бүгін үшінші тәулік болды. Біз нәтижесін алып, тиісті жерлерге, соның ішінде БАҚ-қа ақпарат береміз. Науқас қазір неврология бөлімінде жатыр. Кеше реанимацияға түскен, қайтадан неврологияға ауыстырылды», - дейді Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Айта кету керек, Алматыда 6 мамырда осыған ұқсас жағдай болды. Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазиннің вакцина алғаннан кейін қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады. Б. Нұртазин есімді 42 жастағы азамат 12 сәуірде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін емханаға жүгінген. Ол 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Бірақ жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған еді.

Алдын ала болжамға сәйкес, марқұм жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қазір өлім себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды, делінген хабарламада.
Просмотров материала: 637

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 039 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 616 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 141 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 200 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 548 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 293 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 393 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 681 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 113 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 226 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 584 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 443 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 571 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 382 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 219 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 696 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 460 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 152 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 555 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 324 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 261 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 092 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 936 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 230 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 154 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 656 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 459 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 989 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 245 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 618 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 000 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 942 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 028 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 986 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 195 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 352 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930