19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Бұқар Жырау Тауэрстегі" сойқан. Оқыс оқиғаға қатысты тың мәлімет жарияланды

27 апрель 2021, 10:09
"Бұқар Жырау Тауэрстегі" сойқан. Оқыс оқиғаға қатысты тың мәлімет жарияланды
Алматының полициясын аяғынан тік тұрғызған сенбідегі атыстың себебін оқиға болған "Бұқар Жырау Тауэрс" кешенінің тұрғындары өзінше болжайды. Олардың айтуынша, қырғынға пәтер иелері кооперативі қызметкерлері түрткі болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Атыс болатын күні бизнес-класс санатындағы үйдің шаруашылығына жауаптылар онсыз да жүйкесі жұқа азаматтың рұқсатын сұрамай, жиһазын далаға шығарып тастапты. Содан қып-қызыл жанжал туған. Қанды қырғынға ұласқан қақтығыстың жай-жапсарын тілшіміз білуге тырысты. Кілең бай-бағлан тұратын бизнес-класты «Бұхар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінің бұл қабаты нағыз соғыс алаңына айналғандай. Айнадағы, есіктегі, қабырғадағы оқ іздері мұнда нағыз қырғын болғанын көрсетіп тұр. Ал оқ жаудырған адам мына пәтерде тұрған. Қазір оны полиция мөрлеп тастады. Көршілерінің айтуынша, бүлікші бұл үйде тоғыз жылдан бері тұрып келген. Тапа-тал түсте күзетшіні атып, күллі тәртіп сақшысын аяғынан тік тұрғызған – Руслан Исаев деген Ресей азаматы. 53 жастағы тұрғын мұнда әйелі, 4 баласымен бірге Дағыстаннан көшіп келген. Оны тоғыз жылдан бері жақсы танып алған көршілері марқұмның өз-өзін ұстай алмайтын, қызуқанды болғанын айтады. Ал сенбі күні пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері онсыз да жүйкесі жұқа азаматтың кіреберісінде тұрған дивандарын далаға шығарып тастап, жағдайды одан сайын ушықтырды дейді.

Айжан Мұхамедиева:

- Дивандарды кіреберістегі адамдар жүретін жолға қойып тастаған. Біздердің әрі-бері өтуімізге кедергі келтірді. Сондықтан біз шағымдандық. Бірақ оған алдын ала ескерту керек еді. Ал олар айтпастан, өз бетімен далаға шығарып тастады.
Содан қару асынған ол жиһазын жылжытқандарды іздеп күзетке барған. Күзетшінің жауабы ұнамаған соң, аяғынан атып, үйіне кіріп кетіпті.17-қабаттағы пәтерінде бекініп алған азамат бірнеше сағат берілмей, тәртіп сақшыларына оқ жаудырған. Ақыры келісімге келмей, терезеден секіріп өлді. Пәтер иелері кооперативі марқұмның жиһаздарын далаға шығарып тастағанын мойындап отыр. Алайда атысқа себеп ол емес дейді.

Әлібек Найзабекұлы, шаруашылық меңгерушісі:

- Диван үшін туындады деп ойламаймын. Біреуді атады деп. Ол адамның қанша жерден есі дұрыс болмасын, диван үшін біреуді ататын түсінбеймін. Ол адамдардың бетіне түкіретін, келе жатқан адамның бетіне түкіретін. Сосын қолында қамшысы болатын. Адамды атуға әкелген жағдайы, ол көктемге байланысты деп ойлаймын. Психологиялық ауру деп ойлаймын.

Одан қалды, әйеліне жұдырық жұмсайтын дейді көршілері. Кезекті төбелестен соң әйелі бала-шағасын ертіп төркініне кеткен. Ресей азаматы бұдан бөлек, діни ұстанымына байланысты қыздарын да мектепке жібермей қойыпты. Ал 10 күн бұрын терезесіне Ресей президенті Путинге қарсы ұран ілген. Атыс ашып, артынша 17-қабаттан секіріп өлген азамат расымен жүйке ауруына шалдыққан ба, ол жағы белгісіз. Полиция қазір оның қаруды қайдан алғанын анықтап жатыр.
Просмотров материала: 778

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 132 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 731 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 242 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 290 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 649 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 417 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 510 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 804 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 292 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 387 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 690 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 495 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 739 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 178 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 356 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 641 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 017 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 053 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 016 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 213 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 371 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930