19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



QazVac-тың қауіпсіздігі расталды – ҚР ДСМ

26 апрель 2021, 17:05
QazVac-тың қауіпсіздігі расталды – ҚР ДСМ
QAZVAC вакцинасын клиникалық зерттеудің I-II фазасының нәтижелері бойынша есептер және III фазасының аралық есебі оның қауіпсіздігін растайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұсынылған есептер негізінде, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысымен бекітілген COVID-19 қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес, вакцина медициналық қолдануға жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, QAZVAC уақытша тіркеу куәлігі 2020 жылдың 31 желтоқсанында берілген болатын.

Қазақстандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі Хаттамада көзделген зерттеу субъектілерінің 50% белгісінен өтті және оны ағымдағы жылдың 25 маусымында аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін QAZVAC тиімділігін толық бағалау жүргізіледі.

Вакциналардың клиникалық зерттеулері, соның ішінде III фазада, бүкіл әлемде жалғасуда. Сонымен, Ресей Федерациясы "Спутник V" зерттеулерін 2021 жылдың мамыр айының басында аяқтауды жоспарлап отыр, ал әлемдегі көптеген фармацевтикалық компаниялар өз зерттеулерін 2022-2023 жылдары аяқтайды.

Қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды медициналық қолдануға жедел жіберу туралы шешімдер әлемнің көптеген реттеуші органдарында қабылданады. Вакцинация аурудың таралуымен күресудің ең тиімді әдісі және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың сенімді әдісі болып қала береді. Бұл ретте, вакциналарды қолдануға рұқсат етудің қысқа мерзіміне қарамастан, олардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеру мұқият және барлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Жағымсыз реакциялар анықталған, "пайда-тәуекелдің" қолайсыз арақатынасы туралы деректер алынған немесе өнертабысқа немесе пайдалы модельге үшінші тұлғалардың айрықша құқықтарын бұзу туралы күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда вакцинаны уақытша тіркеу тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін екенін атап өткен жөн

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялау ерікті болып табылады және вакцинацияланушы вакцинация кезінде қолжетімді вакцинациядан өзі еггісі келетін вакцинаны таңдауға да құқылы.

QAZVAC вакцинасы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген COVID-19-ға қарсы белсенділігі жойылған вакцина. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның тиімділігі 90%-дан жоғары.

2020 жылғы 31 желтоқсанда "Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысының негізінде вакцинаға 30.09.2021 жылға дейінгі мерзімге 31.12.2020 жылғы ҚР-БП-№1 уақытша тіркеу куәлігі берілді.

Вакцинация бұлшықет ішіне 2 кезеңде жүргізіледі, бірінші және екінші дозаны енгізу арасындағы аралық – 21 күн. Вакцинациялау пунктінде алдымен тексеру жүргізіледі, сауалнама толтырылады және вакцинациялауға жазбаша ақпарат беріледі.

Вакцинация 18 жастан асқан адамдарға ұсынылады. 18 жасқа дейінгі балалар үшін тиімділік пен қауіпсіздік зерттелмеген.

QAZVAC вакцинасының 50 мың дозасы өңірлерге таратылды: 6000 дозадан Нұр-сұлтан мен Алматы, 4000 дозадан Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары, қалған өңірлер 2000 дозадан алды. Мамыр айында тағы 50 мың доза шығарылады деп күтілуде. Болашақта препарат өндірісі кезең-кезеңімен айына 500 мың дозаға дейін артады.
Просмотров материала: 840

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 155 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 754 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 265 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 314 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 672 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 419 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 511 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 805 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 293 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 388 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 691 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 496 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 740 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 180 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 357 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 641 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 017 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 053 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 016 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 213 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 371 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930