9 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Есік-терезе сықырлайды": Қазығұрттың баурайындағы ауыл тұрғындары дабыл қақты

"Есік-терезе сықырлайды": Қазығұрттың баурайындағы ауыл тұрғындары дабыл қақты
Түркістан облысының тұрғындары алпыс жылдан бері жұмыс істеп тұрған карьердің жұмысын тоқтатуды талап етті, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Төлеби ауданына қарасты Ақбұлақ ауылының азаматтары таудан тас қазатындардың пайдасынан зияны артып барады деп дабыл қағып отыр. Айтуларынша, жер асты қазба байлығын қолданушылардың әрекетінен бұлақ көздері жабылып, егін суармақ тұрмақ, ішер суға зар бола бастаған. Халық бұлай жалғаса берсе, Қазығұрт тауының баурайы сахараға айналуы әбден мүмкін дейді.

Қазығұрт тауының тасы бұл жерде 1959 жылдан бері алынып келеді екен. Содан бері қысы-жазы бірде бір үзіліс болмапты. Ауыл ақсақалдарының білуінше карьердің жұмысы елу жылда тоқтауға тиіс болған екен, бірақ тау тасы әлі күнге тасылып жатыр. Карьер тұрғын үйлерден таяқ тастам жерде ғана.

Ақбұлақ ауылының тұрғыны Ерсұлтан Қансейітов ес білгелі таудағы жағдайға куә болып жүргенін айтты. Дүмпудің күшті болатыны сонша жер сілкініп, есік-терезе сықырлап кетеді дейді. Тіпті қабырғаларда жарықшақ көбейген.

"Аптасына екі-үш рет жарылыс жасайды. Бір күнде тіпті екі реттен болады. Осы жарылыстың кесірінен үйдің қабырғалары жарылып кете береді. Бүкіл ауылдың тұрғындары жөндеу жүргізуден шаршады, ақырында жасамайтын да болған", - дейді Ерсұлтан Қансейітов.
Ақбастаулықтардың уайымы бұл ғана емес секілді. Су көздері де соңғы 10-15 жылда тартыла бастапты. Мәселен, Қазығұрт тауының баурайындағы ауылдардың күніне жарап келген 15 бұлақтың сегізі мүлдем сарқылған. Ағын су да жоқ есепті. Осы төңіректегі он шақты ауыл қазір тіршілік нәрінен тапшылық көріп бастаған. Айтуларынша, кейбір ауылға ауыз су сағатпен беріледі.

"Ақбура деген үлкен өзеніміз болатын. Содан 200-300 гектарға жүгері егіп, бәріне жетіп жататын. Кезінде өзеннен атпен зорға өтетінбіз. Қазір әшейін қызанақ суаруға жетпей жатыр. Экологиялық апат деп білеміз бұны", - деп ашынды Ақбастау ауылының тұрғыны Әлібек Өрісбаев.

Тұрғындардың білуінше карьер цемент шығаратын зауыттардың біріне тиесілі. Тау тасын алпыс жылдан астам уақыттан бері алатындықтан үлкен шұңқырдың тереңдігі жүз елу метрге жетіп қалыпты. Тіпті ауыл қорымына жақындап қалғанын айтқан ақбастаулықтар жер қойнауын пайдаланудың тәртібі сақталмай отырғанына сенімді.

Қақпаған есігіміз қалмады деген халық экология министрлігі мен облыс басшыларына дейін жуырда ресми хат жолдапты.

"Шымкент цемент АҚ-ның Ақбастаудағы карьері бойынша арыз қаралып жатыр. 14 сәуірден бастап жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін прокуратураға АКТ жолдадық. Сол құжат тіркелген уақыттан бастап жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіледі", - деп түсіндірді Түркістан облысы бойынша экология департаментінің бөлім басшысы Мәди Қожатайұлы.
Тексеру қорытындысы он күн шамасында әзір болмақ. Соған сәйкес нақты шешім қабылданады екен. Алайда төлебиліктер қазба жұмысы жалғаса берсе, киелі Қазығұрт тауы тау қалпын да сақтай алмай қалуы мүмкін деп алаңдайды.

Просмотров материала: 1 525

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 028 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 189 576 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 131 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 180 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 189 513 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 055 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 168 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 439 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 756 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 901 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 372 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 301 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 529 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 348 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 183 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 522 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 426 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 116 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 521 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 275 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 225 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 062 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 898 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 185 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 620 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 298 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 940 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 205 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 575 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 963 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 910 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 982 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 944 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 158 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 306 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031