28 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жол белгісі дұрыс қойылмай, бір отбасы апатқа ұшырады

05 апрель 2021, 14:51
Жол белгісі дұрыс қойылмай, бір отбасы апатқа ұшырады
Елорда тұрғыны жолға жауапты мамандардың салғырттығынан жол апатына ұшырап, бір өлімнен аман қалыпты. Бірақ, отбасы мүшелерінің барлығы жарақат алып, әйелі төсек тартып жатыр екен. Енді, тәртіп сақшылары кінәлілерді іздеп жатқанда, жарақат алған отағасы дәрі алу үшін жұмыс істеуге мәжбүр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Осы бір сұмдық оқиға жайлы сөз бола қалса Назгүл Оразалинованың көзіне еріксіз жас келеді. Ол өткен жылдың 16 тамызында отбасымен Алматыдан үйлеріне қайтып келе жатып, жол апатына ұшыраған. Бүгінде келіншектің 12 қабырғасы мен жамбасы сынып, жарымжан болып қалыпты.

Назгүл Оразалинова, зардап шегуші:

Ол оқиғаны еске алудың өзі қорқынышты. Апат болған сәтте есімнен танып қалыппын. Көзімді ашсам балаларым жылап жатыр. Біреудің қателігінен осындай жағдайға түсіп отырмыз. Егер, біз кінәлі болсақ түсінер едім. Енді, міне біреудің көмегінсіз жүріп-тұруым қиын. Жамбас сүйегім сынып, майдаланып кеткен, - деді дәрігерлер. Қызметіне салғырт қараған адамдар жауапсыз қалады ма деп қорқамын.

Апат кезінде көлікте 6 адам болған. Қатты қорқып қалған отбасының кенжесі біраз уақытқа дейін сөйлемей қойыпты. Ал, көлік тізгініндегі отағасының ішегі үзіліп кеткен.

Қайрат Кенжеғозинов, зардап шегуші:

Біз отбасымызбен Алматыдан келе жатыр едік. Қарағандыға 10 шақырым жетпей Соқыр деген өзен маңында жөндеу жұмыстары басталған екен. Бірақ, орнатылған белгіде жолдың оң жақ бөлігі жабық деп көрсетіліп тұр. Мен сол белгіге сәйкес, трассаның сол жағына бұрылып, сайға түсіп кеттім. Қараңғыда бетонға соғылдым.

Көлік салонында қысылып қалған жүргізуші бар күшін жинап, Қарағандыдағы ағасына хабарласқан. 20 минуттың ішінде көмекке келген ол, бауырының өтініші бойынша айналадағы жол белгілерін тексеріп шығыпты. Сол уақытта полицейлермен бірге қабаттасып келген участокке жауапты мамандар, жоқ белгілерді асығыс орната бастаған.

Марат Кенжеғозинов, зардап шеккен Қайрат Кенжеғозиновтің ағасы:

Енді, ақтық шешімді сот шығарады. Бірақ, бұл жерде жолға жауапты мамандардың да кінәсі бар деп ойлаймын. Мен өз көзіммен көрдім, жөндеу жұмыстары жүріп жатқандығы жайлы белгіні дұрыс орнатпаған. Бір адамның салғырттығынан бір отбасы қырылып қала жаздады.
Оқыс оқиға 7 айдан бері тергеліп жатыр. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Тәртіп сақшыларынан да апаттың мән-жайын сұрағанымызда, түрлі сылтау айтып жауап беруден бас тартты. Қазір, екі бірдей адам мүгедек болып қалған отбасының тапқан табысы тек дәрі-дәрмекке кетеді екен. Ал, жол белгілеріне жауапты компания өкілдері өз кінәсін мойындамай отыр.

Қайрат Жиналиев, мердігер компанияның заңгері:

Апаттан зардап шеккен отбасы, егер өтемақы алғысы келсе компанияға ресми жүгінсін, немесе хат жазсын. Қандай да бір ұсыныс болса келіссөзге ашықпыз, тыңдауға да дайынбыз. Бірақ, бұл оқиғаға біз кінәліміз деп айта алмаймын. Енді, тергеу қорытындысын күтуден басқа амал жоқ.

Аталған учаскедегі жөндеу жұмыстарына "Қазавтожол" тапсырыс берген көрінеді. Компания өкілдері мердігер ұйым жол белгілерін қоюға міндетті екенін мәлімдеді.

Сырым Хамзин, "Қазавтожол" ҰК" АҚ Қарағанды облыстық филиалы басшысының орынбасары:

Мердігер компания ұйымы барлық қойылған уақытша жол белгілеріне жолдың жағдайына барлық мәселесіне келісім-шартқа сәйкес жауап береді. Мердігер компанияның шарасыздығынан жол көлік апаты орын алса мердігер компания бұл шығындарды өтеуі тиіс.

Сондай-ақ, ақылы трассаларға жауапты компания алдағы уақытта жол белгілерінің тұсына қосымша қоршау орнатуға уәде берді. Арнайы құрылғы апат болған жағдайда соққынының күшін азайтып, қаншама адамды аман алып қалуға мүмкіндік береді-мыс. Ал, сол бір сұмдық оқиғадан тірі қалған Кенжеғозиновтар отбасы, өз денсаулықтарын түзеу үшін күресуді одан әрі жалғастырмақ.

Просмотров материала: 2 732

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 163 587 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 163 418 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 163 047 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 163 085 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 163 374 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 633 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 775 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 986 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 855 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 036 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 804 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 577 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 202 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 057 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 879 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 054 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 160 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 828 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 209 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 937 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 947 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 779 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 623 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 876 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 827 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 332 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 784 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 659 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 919 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 253 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 658 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 633 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 672 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 626 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 855 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 000 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031