26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауыз бекіткен адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыра ала ма?

31 март 2021, 12:41
Ауыз бекіткен адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыра ала ма?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2021 жылғы ораза кестесін бекітті. Хижри айлардың басталуы Халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.


Биыл Рамазан айы 14 сәуірде басталады. Қасиетті Қадір түні мамырдың 9-ынан 10-ына қараған түніне сәйкес келеді. Ал Ораза айт мерекесі 13 мамырға белгіленген. Құрбан айт 20-22 шілде аралығында тойланады. Azattyq Rýhy тілшісі пандемия кезінде ауыз бекіту жағдайы қалай болатынын, ораза тұтқан жандар коронавирус вакцинасын салдыра ала ма деген сияқты бірқатар сұраққа жауап іздеп, мамандардың пікірін білді.

РАМАЗАН АЙЫНДА ЕКПЕ САЛДЫРУҒА БОЛА МА?

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният редакцияның Рамазан айындағы вакцинация туралы жолдаған сұрағына жауап берді.

«Қазір мамандардың жауабына қарасақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлұлының ресми жауабы бар. Ол кісінің айтуынша, ораза кезінде аузын бекіткен адамдардың КВИ-ге қарсы үзіліссіз, яғни, оразасын бұзбай, егілу мүмкіндігі бар. КВИ-ге қарсы вакцина ораза ұстау шарттарын бұзбайды», - деді Ажар Ғиният.

Осы ретте, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға вакцинация туралы үндеу жолдады. Ол екпеге кері әсері жоқ қазақстандықтарды вакцинациядан бас тартпауға шақырды. Ведомство басшысы вакцинация вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы екенін атап өтті.

«Ұйымдастырылған ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пунктері немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады. Вакцинация – вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы. Екпеге қарсы көрсетілімі жоқ әрбір қазақстандықты бас тартпауға және екпе алуға шақырамын. Тек осы жолмен ғана біз қалыпты өмірге орала аламыз», - деді министр.

Айта кетейік, Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны (QazCovid-in) салдыратынын мәлімдеді. Ол наурыздан бастап халықты тестілеу көлемі тәулігіне 49 мыңға дейін, ал ақпан айында тәулігіне 38 мыңға дейін зерттеу жүргізілетіні жөнінде айтты. Тестілеудің тәуліктік қуаты – 113 мың зерттеу.

ВАКЦИНАЦИЯ ЖӨНІНДЕ ДІН КОМИТЕТІ МЕН МҮФТИЯТТЫҢ ПІКІРІ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов қасиетті айда вакцина салдыру мүмкіндігі жөнінде Azattyq Rýhy тілшісіне пікірін айтты.

«16 наурызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілі арнайы мәлімдеме жасады. Вакцинация оразаны бұзбайды. Діни тұрғыда, адамның денсаулығына зиян келмес үшін екпе қабылдауға рұқсат етілген. Өзімнің жеке пікірім бойынша, вакцинация – әзірге коронавирустан сақтанудың жалғыз жолы. Бұл туралы Мемлекет басшысы да, Денсаулық сақтау министрі де талай рет айтты. Сол себепті екпеге қатысты теріс пікір қалыптастырудың қажеті жоқ», - деді Ержан Болатқанұлы.

Рамазан айында ауыз бекітуді ниет еткен тұрғындардың «Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау кезінде вакцинация алуға бола ма? Инъекция ораза ұстау ережелерін бұзбайды ма?» деген сұрағына Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлұлы жауап берді.

«Шариғат бойынша ағзаға сұйықтық табиғи жолдар – ауыз, мұрын, ішек арқылы енетін болса, ораза бұзылады. Денеге енген нәрсе, бұл жағдайда коронавирусқа қарсы инъекция оразаны бұзбайды», - дейді Хасан Аманқұлұлы.

Сонымен қатар дін саласының маманы көптеген Ислам ғалымдары инъекцияны энергия ретінде қарастыратынынын атап өтті.

«Егер инъекция тері астына бұлшықет ішіне енгізілсе, онда ораза бұзылмайды. Ал, тамырға инъекция енгізу мәселесінде ғалымдардың көзқарасы әртүрлі. Ауруларды емдеу және алдын-алу үшін пенициллин, инсулин, вакцина салу, ауырсынуды және дене қызуын басатын препараттар мен дәрумендерді қолдану оразаны бұзбайды», - деді Хасан Аманқұл.

Ауыз бекіткен адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыра ала ма?


2021 жылдың діни күндер кестесі – Мүфтият

Еске салайық, былтыр карантин кезінде Рамазан айында болатын бірқатар дәстүрлі рәсімдерге шектеу қойылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантинге байланысты көп адамның басын қосып, ауызашар беруді тоқтату керек деді.

Ал биылғы Рамазан айында қандай өзгерістер болатыны жайлы бірер күнде ҚМДБ өкілдері ресми мәлімдеме жасайды.
Просмотров материала: 1 204

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 266 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 087 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 059 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 001 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 984 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 055 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 577 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 724 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930