21 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



27 наурыз – Халықаралық театр күні

27 март 2021, 10:18
27 наурыз – Халықаралық театр күні
1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық Театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәуелсіздік алғалы осы уақытқа дейін елімізде жаңа 20 театр ашылса, Орал, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Өскемен, Шымкент, Талдықорған қаласында 8 театрға жаңа ғимарат салынды. Жыл сайын театр сахналарында әр түрлі жанр мен бағытта 12 мыңға жуық спектакль қойылады.

Статистикалық мәлімет бойынша қазір Қазақстанда 65 театр жұмыс істейді. Оның 52-сі мемлекеттік (бұл қатарда 4 ұлттық (этникалық) театр: ұйғыр, корей, неміс және өзбек театры бар).

Мемлекеттік 52 өнер ошағының 3-еуі опера және балет театры, 5-еуі балалар мен жасөспірімдер театры, 7-еуі қуыршақ театры, 24-і драма театр (оның ішінде 3-еуінде қазақ және орыс труппасы бар), 11-і музыка-драма және комедия театры, біреуі жастар және біреуі сатира театры.

Қазақ театр өнерін дамыту, дәстүрлі негізде дарынды артистер мен режиссерлерді анықтау және ынталандыру мақсатында 1992 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалі өткізіледі. Сонымен қатар жыл сайын шетелдік шеберлердің қатысуымен театр өнері қайраткерлерінің республикалық практикумы өтеді. Бұл іс-шараның мақсаты – театр саласында жаңа әдістемелерді зерделеу, театр өнеріндегі мәселелерді талқылау, тәжірибе және пікір алмасу.

Бұдан бөлек театр өнеріндегі сабақтастықты жандандыруға жол ашатын екі жылда бір рет ұйымдастырылатын халықаралық фестивальдер бар. Оның алғашқысы 2006 жылдан бастау алатын Орталық Азия елдерінің театр фестивалі болса, екіншісі 2007 жылдан бастау алатын «Ортеке» қуыршақ театрлар фестивалі. Қуыршақ фестивалі осыған дейін Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Қырғыз Республикасы, Түркия, Тәжікстан, Беларусь, Әзірбайжан, Қазақстан ұжымдарының басын қосты.

Үшіншісі 2011 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен екі жылда бір өтетін Қазақстанның ұлттық (этникалық) театрларының республикалық фестивалі. Фестиваль кезінде қазақ, орыс, корей, ұйғыр, өзбек және неміс тіліндегі театрлар өз ана тілінде қойылым ұсынады.

Аталған фестивальдер ұлтаралық диалог пен мәдени байланыстарды дамытуға, алыс-жақын шет мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нығайтуға, бірыңғай мәдени кеңістік құруға және көрермендердің назарын заманауи театр өнерінің үздік жетістіктеріне аударуға бағытталған.

Просмотров материала: 3 882

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 442 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 962 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 538 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 585 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 906 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 710 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 828 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 070 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 324 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 467 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 015 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 167 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 125 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 349 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 065 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 194 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 177 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 849 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 127 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 059 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 565 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 114 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 880 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 157 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 518 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 907 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 855 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 919 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 877 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 098 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 241 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031