19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



19 жастағы алматылықтың туыстары оқиғаның жантүршігерлік мән-жайын айтты

19 жастағы алматылықтың туыстары оқиғаның жантүршігерлік мән-жайын айтты
19 жастағы алматылық Аяжан Еділованы өлтірген адам туыстары қатаң жазалануы керегін айтады. Марқұмның туыстары #НемолчиKZ қорына оқиғаның жантүршігерлік мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Аяжан "Сымбат" академиясында төртінші курста оқып жүрген. Оның жеке коллекциясы мен интернет-дүкені де болған. Одан бөлек, Аяжан сұлулық салонында жұмыс істеген.

"Туыстарында оның неліктен ер адаммен кездескені туралы бірнеше нұсқа бар. Оның бірі интернет-дүкенімен байланысты. Оның туыстары Аяжан ер адаммен танысу мақсатында кездескені туралы нұсқамен келіспей отыр, себебі Аяжанның сүйіктісі болған", - дейді "Не молчи.kz" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі.

19 жастағы алматылықтың туыстары оқиғаның жантүршігерлік мән-жайын айтты


19 наурызда Аяжан жұмыстан 20.48-де шығып, жатақханаға оралмаған. Оны сүйіктісі мен құрбылары іздей бастаған. Таңға жуық олар жоғалып кеткені туралы хабарды Аяжанның туыстарына жеткізген.

"Ер адам Аяжанды жатақхананың алдында күтіп тұрған, сосын хабарласқан. Сосын Аяжан не басқа біреу сағат 23.00-да "Шығып келе жатырмын" деген. Содан кейін онымен байланыс үзілді.

20 наурызда таңертең іздеу жұмыстары басталды. Туыстары сағат 12.00-де полицияға хабарласқан, бірақ ол жерде митингіге байланысты жұмыс көп болғандықтан бастапқыда арызды қабылдамай қойған. Сосын достары мен еріктілер қосылды. Олар такси қызметтеріне хабарласа бастады. Аяжанның ағасы сағат 15.00-де 102-ге хабарласып, қарындасының жоғалып кеткенін айтты, сосын оларды шамамен сағат 17.00-де Аяжанның жұмыс орнына шақырған", - делінген #НемолчиKZ жазбасында.





Артынша 21 наурызда еріктілер Аяжанды қайда апарғаны туралы айтқан inDriver жүргізушісін тапқан. Ол таксиге Руслан есімді жігіт тапсырыс бергенін айтқан.

"Мекенжайды полицияға берген. Сосын оны абоненттік номердың базалық станция бойынша іздей бастады. Шамамен сағат 23.00-де мекенжай бойынша келген. Ол жерде полицейлер жүрген, туыстарын кіргізбей қойған. Одан бөлек, екі жедел жәрдем көлігі тұрған. Пәтерден қан құсаған ер адамды шығарып, жедел жәрдеммен алып кеткен. Артынша жедел уәкіл ол жерде қыздың жоғын айтып, марқұмның туыстарынан таңертең полиция бөлімшесіне келуді сұраған.

22 наурызда шамамен 12.00-де Аяжанның туыстары полиция бөлімшесіне келіп, куәлік еткен. Оларға Аяжанды 21 наурызда кешкі уақытта тапқанын ешкім айтпаған. Бір кезде Аяжанның ағасы Instagram арқылы оның өлі табылғаны туралы хабарды оқып қалған. Ол таңғалып, полицейлерден түсіндіруді сұраған. Полицейлер бұл хабарды қалай жеткізерін білмегенін айтқан. Аяжанның апасы, әпкелері, анасы мен әкесі де бұл туралы жаңалықтардан естіген", - делінген жазбада.

"Аяжан қатыгездікпен өлтірілді. Ол бөлшектелген күйінде табылған. Қылмыскер тез әрекет еткен, марқұмның туыстары ол жалғыз құрбан болмауы мүмкін екенін айтады. Ол бір тәуліктің ішінде Аяжанның денесін бөлшектеп тастаған. Оқиғаның мән-жайы жантүршігерлік болғаны соншалық, ол туралы жазу да мүмкін емес.

Егер Аяжанды туыстары мен еріктілер белсенді іздемегенде, оны таппауы да мүмкін еді. Қылмыскер тез әрекет еткен. Біз марқұмның туыстарымен сөйлестік, олар қылмыскер Аяжанды тірідей өлтірген болуы мүмкін екенін айтады", - деп жазды Дина Таңсәрі.

Марқұмның ағасының сөзінше, күдіктінің жоғары медициналық білімі бар.

"Сол күні оны полиция тауып алған, күдікті тамақ тұсына пышақ салып алған. Оны жедел жәрдем алып кетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Аяжанның туыстары қоғамға үндеу жасады. Олар басқа да құрбандар болуы мүмкін деп, ал қылмыскер психикалық ауру деп жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқып отыр. Олар күдікті жасаған қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы керегін айтады", - деді "Не молчи.kz" қорының негізін қалаушы.
Просмотров материала: 3 492

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 627 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 449 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 418 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 354 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 334 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 440 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 227 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 661 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 795 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 711 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 269 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 420 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930