18 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Экологиялық апат: Шымкентте жұрт жаппай уланып жатыр

19 март 2021, 9:47
Экологиялық апат: Шымкентте жұрт жаппай уланып жатыр
Шымкентте жұрт жаппай белгісіз иістен уланып жатыр. Басы айналып лоқсыған бірнеше тұрғындар ауруханаға жеткізілді. Тіпті, бір мектептің мұғалімдері мен оқушылары уланып білім ордасы онлайға жіберілді. КТК арнасының хабарлауынша, қала сыртындағы индустриялды аймақтан келіп жатқан кәріз жүйесіне өндіріс ошақтарының бірінен мұнай қалдығы төгілгендіктен осындай жағдай орын алған.

Ауаға таралған зиянды қалдықтың көлемі 10 есеге артқан. Қазір оқиға орнында экологтар жұмыс істеуде. Алайда тұрғындарды тұншықтырған иістің әлі басылар түрі жоқ.

Шымкенттің күнгей бетінде үш күннен бері мұндай көрініс қалыпты жағдайға айналып барады. Қолқаны қапқан жағымсыз иістен тұрғындар басы айналып құсып жатыр. Үш күн бұрын жағымсыз иіс көшені басып қалған. Ал екі күннен бері амалсыз онлайнға көшкен мектеп кеше ашылған. Бірақ оқушылар таңертеңнен бері жүрегі айнып құлай бастапты. Қазір улы иіс жайлаған мектеп қаңырап бос тұр.

"Үш оқушы мен екі мұғалімнің басы айналды. Жедел жәрдем келіп, басқа да қызметкерлерге оттегімен көмек беріп жатыр. Жаңа зертханадан анализ алды. СЭС зертханасының талдауы дайын болмайынша, толық онлайнға көшуге мәжбүрміз", – дейді №37 мектептің директоры Гаухар Байбосынова.

Халыққа қызмет көрсету орталығы кешеден бері жұмыс істемей тұр. Үшінші күн тұншығып жатқан тұрғындар улы иістің көше түгілі, үйді алып кеткенін айтады. Көпшілігі кішкентай балаларын қаланың өзге тұсындағы туыстарына жіберген. Мұнда жұрт жаппай жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр.

"Құсып жатыр, тұншығып жатыр. Енді қайтеміз? Түсініксіз иіс. Тіпті түсіндіре алмаймын, көмейім бітеліп тұрғандай. Таңнан бері дексиметазонның үш құтысын алдым", – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Азиза Әбдірахманова.

Кәріз жүйесіне мұнай қалдығы төгілген

Әуелде мамандар құбырдан газ кетіп жатыр деп топшылаған. Тексере келе улы иістің газ құбырынан емес, кәріз жүйесінен шығып жатқаны анықталды. Ол кәріз жүйесі қала сыртындағы индустриялық аймақтан бастау алып жатыр.

Шымкент шетіндегі индустрия аймағында үлкенді-кішілі 50-ден астам кәсіпорын бар. Бұл аймақтан шойын жол өтеді. Мамандардың есебінше, шойын жолдағы цистерналардың бірінен, не кәсіпорыннан әлдебіреу іргедегі кәріз жүйесіне мұнай қалдығын төгіп жіберген. Бірақ нақты кім екені әлі тексеріліп жатыр.

Кәріз жүйесінде ағып жатқан сарқын судың тым майлы екені көрініп тұр. Өйткені, кәріз қақпағын ашсаң, улы иіске тұншығасың. Сынама алған экологтар табиғатқа орасан зиян келіп жатқанын айтады.

"Зертхана сынамаларының нәтижесінде 0,3 болуы керек, ал 14,6 көрсетіп тұр. Зияндығы 10 есе артқан", – деді Шымкент қаласы экология департаментінің бас маманы Мұхамеджан Тойшыбеков.

Экологиялық апат болуы мүмкін…

Сорақысы сол, химиялық қоспа кәріз құбырларымен қаланың нәжісін тазалайтын қондырғыға құйылып жатыр. Егер ол істен шықса, шайынды судағы улы газды тазалайтын бактериялар өліп, нағыз экологиялық апат болуы мүмкін.


Жұрт шулаған жерге қала әкімі де жетті. Шымкенттің шенді-шекпендісін мектеп ауласына жинаған әкім не тұрғындарды, не тілшілерді жиналысына жолатқан жоқ. Мұрат Әйтенов мәселе қысқа уақытта мәселе шешіледі деп сендірді. Ал бұл уақытта жедел жәрдем көлігі тұншыққан тұрғындарды әлі де әкетіп жатты.

Просмотров материала: 10 066

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 347 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 218 024 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 531 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 570 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 942 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 612 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 645 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 968 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 639 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 687 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 883 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 818 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 926 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 581 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 456 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 408 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 693 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 439 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 847 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 643 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 462 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 305 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 156 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 505 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 391 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 883 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 237 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 210 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 450 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 843 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 192 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 277 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 214 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 448 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 591 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930