25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тапа-тал түсте адам пышақтаған тұрғын ұсталды

Тапа-тал түсте адам пышақтаған тұрғын ұсталды
Түркістан облысында тапа-тал түсте адам пышақтаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақпарат бойынша, пышақпен қаруланған күдіктіні оқиға болған жерде учаскелік полиция инспекторы құрықтаған.

Оқиғаның мән-жайын куәгер Жасур Жұмабай айтып берді. Бұл уақытта ол Түркістаннан Кентау қаласына қарай өз көлігімен түнгі уақытта кетіп бара жатқан, сол сәтте жол бойында тоқтап, жиналып тұрған бір топ адамды көрген.

"Жол-көлік оқиғасы болды ма, неге адамдар жиналып тұр деп мен де тоқтап, жақындадым. Бір жігіт жолдың ортасында екінші бір жігіттің мойнына пышақ сұғып, үстіне отырып алып, жібермей тұр екен. Сол жерде тұрған басқа да куәгерлермен бірге екеуін ажыратпаш болып, оның ұстап алған жәбірленушісін құтқарғымыз келіп жақындай бергенімізде, қолындағы пышағын бізге сермеп, жақындасаңдар барлығыңды өлтіремін деп маңына да жолатпады. Қорыққанымыздан не істерімізді білмей қалдық. Полиция мен жедел жәрдемге хабар бердік.

Сол сәтте біздің жанымызға көлік келіп тоқтады да, ішінен бір полиция қызметкері атып шықты. Жүгіріп барып, қылмыскердің қолынан шап беріп, пышағын алып, оның қарсыласқанына қарамастан қолын қайырды. Осылайша көз алдымызда біз дауаламай тұрған оқиғаны бірден тоқтатты. Сәлден соң басқа да полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келді. Біз бірнеше адам сол кезде өз-өзімізге әрең келіп, полицейдің қолын қысып, рақмет айттық. Есімі Нұрлан екен. Содан соң ол: "біздің жұмыс қой бұл" деді де кетіп қалды", - дейді ол.

Оқиға 2021 жылдың 12 наурызда сағат 23:30 шамасында болған. Нақтырақ айтар болсақ, сол күні Түркістан облысы Кентау қаласының полиция бөліміне учаскелік полицей күдіктіні құрықтап, жеткізген.

Ал қылмыскерді құрықтаған полицей - Кентау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полицейі майор Нұрлан Абдиев.
Тапа-тал түсте адам пышақтаған тұрғын ұсталды


"Учаскелік полицей болғандықтан сол күні түнгі шақырылымнан шығып, қызмет бабымен әріптесім учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Біржан Әбубәкірмен бірге Түркістан қаласына кетіп бара жатқан едік. Қарасақ жолдың ортасында адамдар жиналып тұр, жанында көлік тоқтап тұр екен. Анықтап қарасам, белгісіз бір азамат қолында пышағы бар, екінші бір жігіттің үстіне шығып алып, жібермей тұр. Бергі жағында адамдар жақындай алмай үрейленіп тұр екен. Көлік тоқтай салысымен бірден түстім де, қылмыскердің сөзін тыңдамастан бірнеше әдіс-тәсілімді қолданып, әркез шынығып жүргеннің арқасында оны құрықтап үлгердім. Басқа да куәгерлерге зиянын тигізбесін деп әріптестерім келгенше ұстап отырдым", - деді Нұрлан Абдиев.

Ұсталған күдіктінің Кентау қаласының жергілікті тұрғыны және бұрын сотты болғаны анықталды. Ол жолаушы ретінде көлігінің артқы жағында отырған жігітті жол бойына шығарып алып, мойнынан пышақ сұққан. Күдіктінің қолынан жарақаттанған жігіт, ауруханада көз жұмды.

Қазіргі таңда учаскелік полицей құрықтаған күдікті қамауда, оған қатысты Кентау ҚПБ-да ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Просмотров материала: 479

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 208 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 029 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 001 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 942 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 924 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 489 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 858 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 035 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 315 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 312 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 559 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 707 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930