29 июня 2022 г.

Мы в соц сетях:



Тимур Құлыбаев: «Сотқа жүгіну соңғы әрекет болуы тиіс»

16 март 2021, 11:00
Тимур Құлыбаев: «Сотқа жүгіну соңғы әрекет болуы тиіс»
Бүгін Жоғарғы сот алаңында «Ашық диалог: бизнес және сот төрелігі» форумы өтті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іс-шара ұйымдастырушыларының бірі болды.

Форум жұмысына Жоғарғы сот Төрағасы Жақып Асанов, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов қатысты.

Форумды ашып, Жоғарғы сот Төрағасы Жақып Асанов бизнесті қорғау үшін күрделі кезеңде көп жұмыс атқарылғанын атап өтті.
«Пандемияға байланысты төтенше жағдай басталғалы бері біз қашықтан жұмыс істеу форматын жолға қоя алдық. Бизнесмендер арасындағы даулар, тіпті шет елдердегі даулы мәселелерге қатысты соттар шұғыл әрі қисынды қаралды. Барлық сот инстанциялары бірыңғай электронды форматта жұмыс істеді», – деді Жақып Асанов.
Тимур Құлыбаев: «Сотқа жүгіну соңғы әрекет болуы тиіс»

Спикер Жоғарғы Сот бизнес өкілдерін алаңдатқан көптеген мәселе бойынша соттар позициясын ресми түрде түсіндіргеніне назар аударды, олардың қатарында пандемия кезеңінде келісімшарттық міндеттемелерді орындамай алмау, сотқа жүгінерде процестік мерзімдерді қалай есептеу керек, өнім жеткізушісін мемлекеттік сатып алуларға заңсыз қатысушы деп тану мәселелері бар.

«Атамекен» ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев төтенше жағдай кезінде Жоғарғы Сотпен жедел өзара іс-әрекет арқылы анағұрлым өзекті мәселелер шешілгенін атап өтті. ТЖ кезеңінде шартты және санитарлық нормаларды болмашы бұзу үшін жауапкершілік төмендетілді. Жоғарғы Сот төтенше жағдайды форс-мажор деп тану бойынша түсінік берді, осы фактіні белгілеу үшін сотқа бару қажет етілмейді.

Осылайша бизнес өкілдері көптеген айыппұл төлеуден қорғалды. Сонымен қатар шаруашылық дауларды сотқа дейін реттеу мүмкіндіктері кеңейтілді (өңірлік кәсіпкерлер палаталарында салық дауларды шешу жөнінде келістіруші комиссиялар мен медиативтік алаңдар құрылды).
«Пандемия кезеңінде «Атамекен» ҰКП форс-мажор туралы 6 мыңнан астам анықтама берді. Кейбір бағалау бойынша бұл шара қолға алынбаса, 1 млн-нан астам сот дауының туындау қаупі болар еді», – деді Тимур Құлыбаев .

Спикер соттардың үлкен жүктемесіне байланысты мәселелер шешілмей жатқанын атап өтті. Заңнаманың сотқа шартты түрде баруға мәжбүрлейтін нормалары, сондай-ақ дауларды соттан тыс тәртіпте шешуге тыйымдар осыған себеп болып отыр.

Ведомстволық жағдайлар мемлекеттік органдардан барлық дауларды Жоғарғы сотқа жеткізуді талап етеді. Барлық инстанциялардан өту мүдделі тараптар: мемлекеттік органдар, соттар, бизнестің уақыты мен ресурстарын шығындайды.

«Соттарды жұмыспен жүктеп, кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салуға қатысты ситуацияның тұтқынына айналдық. Шын мәнінде бұл «тиімсіздіктің тұзағы», мемлекет мүддесін қорғау иллюзиясы. Іс жүзінде – формализм және мемлекеттік органдардың басқа бақылаушылардан өзін-өзі қорғануы орын алып жатыр», – дедә Тимур Құлыбаев.

Әкімшілік әділетке үлкен үміт артылып отыр.

«Біз тәуекелдерді түсініп, жеке арбитраждар туралы айтпаймыз. Негізгі басымдық Астана халықаралық қаржы орталығы жанындағы институционалдық арбитраждар, Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы («Атамекен» ҰКП Арбитраж орталығы) арбитражға жасалуы тиіс. Осы құрылымдардан бастайық. Ол үшін заңнамалық шектеулерді алып тастаумен қатар арбитраж институтын күшейту қажет», – деп атап өтті ҰКП басшысы.

Пандемия кезеңінде кәсіпкерлерді қолдау, соның ішінде реттелмелі сатып алуларда көмек көрсету аса маңызды. Сот дауларын азайту үшін келістіруші комиссиялардың тиімді институты керек, деп ұсынды Тимур Құлыбаев.

Салық мәселелері бойынша сотқа талап арыздар өте жиі түседі, сот шешімдері қосымша салық салудың құралына айналды. Бұл практикаға түбегейлі түзетулер енгізу қажет. Бірінші кезекте салықтық әкімшіліктендірудің басқа механизмдерін пайдаланып, ал сотқа жүгіну – қорғаудың басқа амалдары таусылған кезде соңғы шара болуы керек.

«Қажетті қырағылық принципін ұстану бизнеске қатысты шешім қабылдауда, соның ішінде салық қатынастарда шешуші факторға айналуы тиіс. Осы жылдың орта тұсында Бизнес-тізілім іске қосылады, онда әлеуетті контрагенттердің сенімділігі көрсетіледі. Егер контрагент қатердің «жасыл аймағына» түскен болса, онда бизнесте өз серіктестері, не бақылаушы және фискалды органдарына қатысты ешқандай проблемалары туындамауы керек», – деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» ҰКП басшысы цифрландыру, тексеру жүйелерін автоматтандыру, кәсіпкерлікке арналған бизнес-процестерді оңайлату, бизнеске арналған қызметтерді автоманттандыру бойынша өзекті мәселелерге назар аударды.

«Тексерулер жүйесі түбегейлі қайта қаралып, бизнеске арналған қызметтер автоматтандырылуы керек. Барлық бизнес-процестерді реттеп, барынша оңайлатып, оларды бірыңғай базаға интеграциялау маңызды», – деп ұсынды Тимур Құлыбаев.

«Ашық диалог – бизнес және сот төрелігі» форумының соңында Жоғарғы сот және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2021 жылға бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Сонымен қатар қатысушылар бизнестің түйткілді мәселелерін, соның ішінде заңнамалық өзгерістерді талап ететін проблемаларды жедел қарастыру мақсатында Жобалық кеңсе құру туралы келісті.

Жоғарғы сот төрағасы бизнес мүдделерін қорғау үшін соттарға ҰКП сарапшыларының қатысуы мәселесінде «Атамекенге» қолдау білдірді.

Просмотров материала: 268

Поделиться материалом


15:55 Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар... 108 Просмотров

15:51 Сұйытылған газдың қазіргі бағасы жыл соңына дейін сақталады... 108 Просмотров

15:44 Талдықорған маңындағы өзен жағасынан мұнайға ұқсас зат... 118 Просмотров

15:41 Қазақстанда өндіріс орнында қайтыс болғандар саны азайды... 112 Просмотров

15:28 Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті «Алтын Қыран» орденімен... 108 Просмотров

15:06 Депутат жаңа туған нәрестелерге ЖСН беруді ұсынды... 110 Просмотров

14:51 Қазақстанда бензин бағасы қымбаттайды... 154 Просмотров

14:48 Павлодарда жағажайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі... 129 Просмотров

14:38 Экология министрлігі құстар мен жануарлардың жаппай... 121 Просмотров

14:27 Тоқаев жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды... 124 Просмотров

14:14 Наразылық акциялары қаңтар айынан бері тоқтаған жоқ... 110 Просмотров

12:58 Тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне қанша нысан ауысқаны... 132 Просмотров

12:28 Киіктерді атумен экология министрлігі айналысады... 132 Просмотров

12:25 Министрлік атуға рұқсат етілген аңдардың санын жариялады... 132 Просмотров

12:15 Цифрлық стартаптар білім беру саласын қалай өзгертеді?... 192 Просмотров

11:56 Алматы облысында заңсыз субсидияланған 95 млн теңге... 165 Просмотров

11:33 Медициналық сақтандыру қорына 5 айда 398,4 млрд теңге жарна... 130 Просмотров

11:17 Нұр-Сұлтанда 23 ойын автоматы тәркіленді – екі адамның ісі... 155 Просмотров

11:13 Қазақстанның этникалық құрамы туралы деректер жарияланды... 139 Просмотров

10:52 Заңсыз ағаш кескен жағдайда салынатын айыппұлдың мөлшері... 138 Просмотров

10:34 Оқу-ағарту министрі Қарағанды облысына барады... 203 Просмотров

10:30 Алматыда сәби саудасына қатысты қылмыстық істің мән-жайы... 127 Просмотров

10:14 Түркістанда үш баланың әкесі көршісінің 5 жасар ұлын... 641 Просмотров

09:57 Арнайы бағдарламаға қатысуға 800-ден астам мұғалім өтініш... 358 Просмотров

09:37 ШҚО-да балалар суициді азаймай отыр... 156 Просмотров

09:33 Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем қалай төленеді... 210 Просмотров

09:19 Қазақстанда банктен несие алғандар саны артқан... 128 Просмотров

09:03 Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет... 128 Просмотров

08:45 Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?... 240 Просмотров

08:22 Елде Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды... 130 Просмотров

08:04 Атырауда шағала жаппай қырылып жатыр... 133 Просмотров

07:41 Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер... 141 Просмотров

07:20 44-45 градус ыстық болады: 17 өңірде ескерту жарияланды... 416 Просмотров

07:00 Бидай қымбаттап, солтүстіктің алпауыт диірмендері үш айдан... 129 Просмотров

20:39 Әйелін жыланмен шатастырған күйеуі темірмен ұрып тастады... 1 100 Просмотров

18:19 Единый платеж с Фонда оплаты труда хотят внедрить в... 306 Просмотров

17:50 63 проекта по расширению охвата населения чистой питьевой... 292 Просмотров

17:34 Назначен аким Жезказгана... 307 Просмотров

17:18 Уникальные методы коррекции и восстановления зрения теперь... 309 Просмотров

16:51 63% жертв бытового насилия отказываются писать заявления -... 283 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930