29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бірнеше басылымды біріктіру – газет-журналды жабу деген сөз емес

15 март 2021, 10:08
Бірнеше басылымды біріктіру – газет-журналды жабу деген сөз емес
Күні кеше Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова бастап, бірнеше халық қалаулысы қостаған топ мемлекеттік баспа басылымдарын «Қазақ газеттері» бірыңғай брендімен біріктіргенде, оның құрамына жасөспірімдер мен балалар басылымдары – «Балдырған», «Ақжелкен» журналдары, «Дружные ребята» және «Ұлан» газеттерінің кіруіне қарсы боп, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдаған еді.


Мақпал Мыса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Бүгінгі таңда балалар әдебиетін дамытуда түйіні шешілмеген мәселе көп. Балаларға арналған кітап аз. Екінің бірі айтатын уәж: «Кітап дүкендерінен қазақ тілінде балаларға арналған кітап таба алмай жүрміз», - дейді.

Ал, енді осы тұста ғасырға жуық уақыт бойы жас ұрпақты әдебиетке баулып, білім көкжиегін кеңейтіп, таным-түсінігін қалыптастырып келе жатқан балалар басылымдарын бірыңғай брендпен біріктіру жұмысы жүріп жатыр.

Бұл біріктіруге түбегейлі қарсылығымызды білдіріп депутаттық сауал жолдадық», - деп жазған еді.

Осы орайда біз бұл өзекті мәселеге қатысты Аида Ғалымқызының жауабын жариялағанды жөн санадық.


– Құрметті Аида Ғалымқызы, Парламент Мәжілісінің сәрсенбі күні өткен отырысында депутат Мақпал Тәжмағамбетова балалар басылымдарына қатысты мәселе көтеріп, депутаттық сауал жолдаған еді. Осы сауалға орай Сіздің пікіріңізді білсек деп ек?

– Иә, депутат сауалымен мұқият танысып шықтым. Бұл мәселе баспасөз беттерінде, жекелеген азаматтар тарапынан да үнемі айтылып жүрген тақырып.

Расында, бүгінгі таңда «Қазақ газеттері» бірыңғай бренді аясында бірнеше отандық басылымдарды біріктіруді бастадық. Бұндай шешім қабылдаудағы басты мақсат – қазіргі қаржылық және басқа да қиын жағдайларда тұрған қазақ баспасөзін, соның ішінде – «Балдырған», «Ақжелкен» журналдары мен «Дружные ребята», «Ұлан» газеттері сынды балалар басылымдарын сақтап қалу.

Бірнеше басылымды біріктіру – ол газет-журналды жабу деген сөз емес. Біріншіден, ешқандай басылым жұмысын тоқтатпайды. Екіншіден, олардың медиа кеңістікте қалыптасқан брендтік атаулары өзгермейді. Үшіншіден, басылымдарды мемлекеттік ақпарат тапсырысы аясында қаржылық қолдау тоқтамайды.

Біріктіру арқылы тек әкімшілік-шаруашылық ресурстар қысқарады. Яғни, барлық басылымға ортақ – бір қаржылық бөлім, бір заң бөлімі, бір кеңсе бөлімі сияқты оңтайландыру жұмыстары жүреді. Нәтижесінде, бірінші кезекте әрине қаржы үнемделеді. Ол үнемделген қаржыны шығармашылық ұжымға бағыттауға мүмкіндік туады.

Сондай-ақ, басылымдарды дамытудың, оның бәсекеге қабілеттін арттырудың арнайы әзірленген стратегиясы жүзеге асырылады. Оның аясында басылымдардың контенті ғана емес, өндірістік-шығармашылық процестері, жарнама және маркетинг қызметтерін жетілдіру жұмыстары да қамтылады. Әрине балалар басылымының ұлттық идеологиялық тәрбие берудегі мәні мен маңызын жақсы түсінеміз. Соның ішінде, жас ұрпақтың тілін – қазақ тілінде қалыптастыру бүгінгі күнде ең өзекті мәселе. Бүгінгі балалардың тілін қалыптастыратын құрал – әрине бірінші кезекте – телеарналардағы мультипликациялық фильмдер мен балалар әдебиеті. Бұл ретте, «Balapan» арнасының мазмұндық контентін, бағдарламалар сапасын күшейтуді үнемі қадағалап отырмыз.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларға арналған қазақ тілді теле-өнімдердің ауқымын кеңейту мақсатында шет елдік балалар телеарналарын (Nickelodeon, TiJi, Карусель) қазақ тіліне аударып, таратуды қолға алып отырмыз. Сондай-ақ, биылғы жылы балалар әдебиетінің әлемдік бестселлерлерін, атап айтқанда, Е.Х.Гомбрихтің «Әлемнің қысқаша тарихы», Лбюис Кэрролдің «Алиса ғажайыптар елінде», Джордж Оруэллдің «Хайуанаттар бағы», Ева Ибботсон «Теңіз өзеніне саяхат» сынды барлығы 20 кітапты қазақ тіліне аударып, балалар аудиториясына ұсынуды көздеп отырмыз.

Бұдан өзге, «Қазақ радиосының» типтік кестесінде балаларға арналған арнайы уақыт пен хабарлар желісі бар. «Балаларға базарлық», «Балапан саз», «Тапқыр бала» хабарлары бүгінде өзіндік аудиториясы бар, радио танымал бағдарламаларға айналды.

Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан құрылған «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі арқылы еліміздегі өзге этнос өкілдерінің ертегілерін қазақ тіліне аударып, мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының назарына ұсынуды қолға алып отырмыз.

Расында да бүгінгі таңда, балалар басылымдарының ресми таралым саны көңіл қуантарлық емес. Өкінішке орай, бұл мәселе «Қазақ газеттері» құрамындағы басқа газет-журналдарға да қатысты жайт. Әрине бірінші кезекте, бұл мәселе қазіргі интернет пен технологияның қарқынды дамуына байланысты екені түсінікті. Және бұл - бүкіл әлемдегі медиа саласына ортақ құбылыс.

Сондықтан қазіргі баспасөз басылымдары ең алдымен стратегиялық даму жоспарларын қайта айқындаулары қажет. Яғни, әрбір басылымдар мазмұн-контентті сұранысқа сай бейімдеп, сапасын арттыру, оқырманға тартымды ету арқылы бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажет деп санаймын.

Дереккөз: Ұлт.кз.
Просмотров материала: 2 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 543 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 382 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 370 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 308 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 263 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 219 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031