13 апреля 2021 г.

Мы в соц сетях:



Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек

06 март 2021, 10:06
Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек
Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың Ташкентке іссапары жалғасуда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ресми делегация құрамында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Өзбекстан Республикасына іссапары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іссапар барысында тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты талқылады, бірқатар кездесу мен келіссөздер өткізді, сондай-ақ Ташкент қаласындағы медициналық нысандардың жұмысымен танысты.


Сапардың екінші күні қазақстандық тарап Ұлттық медициналық орталықтың жұмысымен танысып, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Абдухаким Хаджибаевпен кездесті.

Сапарымыздың мақсаты денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, медициналық білім беру, электрондық денсаулық сақтауды дамыту, фармация және фармацевтика өнеркәсібі және т.б. мәселелерді талқылау, әріптестікті нағайтудағы перспективаларды айқындау, медициналық және фармацевтикалық ұйымдарды аралау, - деді Цой.

Қазақстандық делегация Қазақстан-Өзбекстан арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті және байланысты нығайтуға дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Үкіметіне, Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19 пандемиясы кезінде гуманитарлық көмек ретінде медициналық бұйымдар жібергені үшін алғыс білдірді.

Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан Денсаулық сақтау министрліктері арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша тараптар денсаулық сақтау саласындағы түйіткілдерді бірігіп шешуге, стратегиялық әріптестік негізінде практикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамытуға келісті.


Екі министрліктің басшылары денсаулық сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен келісімнің маңыздылығын құптады және 2020 жылғы 2 қарашада Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлерінің орынбасарлары қабылдаған “Жол картасын” іске асыру жағы сөз болды. “Жол картасы” аясында Шымкентте дәрілік заттар мен гигиеналық құралдар шығаратын өндіріс орнын салу, Өзбекстан аумағында дәрілік заттарды бірлесіп өндіру, сондай-ақ дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу жоспарланған.

Тараптар эпидемия мен пандемияға қарсы шұғыл әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау бойынша бірлескен тиімді шаралар әзірлеуге уағдаласты. Жоғары технологиялық көмек көрсету, вакциналық профилактика, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық, ақпараттық технологияларды енгізу ісін жолға қою, фармация, оның ішінде фармацевтика өнеркәсібінде кооперация құру, МӘМС бойынша қызмет көрсету және денсаулық сақтау саласындағы өзге де перспективалар талқыланды.

Просмотров материала: 435

Поделиться материалом


16:59 Тоқаев діндарларды шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды... 43 Просмотров

16:51 Көшеде жас жігіт өліп жатыр. Алматы полициясы түсінік берді... 54 Просмотров

16:45 А.Мамин доложил К.Токаеву о эпидситуации в стране... 47 Просмотров

16:37 "Айтайық жарапазан елімізге!" эстафетасы басталды... 59 Просмотров

16:35 Қызықты тарихи фактілер топтамасы... 46 Просмотров

16:28 Қазақстан бойынша 14 сәуірге арналған ауа райы болжамы... 111 Просмотров

16:12 17,6 млрд тенге планируют потратить на выборы сельских... 55 Просмотров

16:10 Әлиханға шүйліккен директор Кульбаеваға ескерту жасалды... 230 Просмотров

16:00 Өз депутатыңды таны: Адамбаев Сырым... 71 Просмотров

15:54 15 лет колонии дали жителю Костанайской области за убийство... 70 Просмотров

15:49 Алматыда интернет ұстамайтын 218 соқыр аймақ табылды... 74 Просмотров

15:35 Ограбление на 45 млн тенге в Уральске: подсудимым вынесли... 82 Просмотров

15:28 Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері қанша?... 108 Просмотров

15:21 Пастухов подозревают в мошенничестве на 174 миллиона тенге... 75 Просмотров

15:19 Шенеуніктер қандай сыйлықтар үшін жауапкершілікке тартылады?... 93 Просмотров

15:11 «Асоциальная сеть» — история о темной стороне всемирной... 82 Просмотров

14:51 Қазақстандық мұнайшылардың 90%-ы вакцинадан бас тартты... 96 Просмотров

14:37 2021 жылы мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады... 168 Просмотров

14:20 Қарағанды маңындағы су қоймасында балық қырылып жатыр... 95 Просмотров

14:06 Жемқорлықпен күреспейтін басшыларды жауапқа тарту қажет –... 91 Просмотров

13:55 Мощный взрыв прогремел в Актау... 76 Просмотров

13:38 Студентов задержали за торговлю наркотиками в Алматы... 94 Просмотров

13:25 Водитель протащил полицейского на авто в Туркестанской... 77 Просмотров

13:12 Назван средний размер пенсии в Казахстане... 108 Просмотров

12:59 Алматинку приговорили к 5 годам за ДТП со смертельным... 81 Просмотров

12:56 Алматыда жедел жәрдем қызметіндегі тексеріс: істің мән-жайы... 89 Просмотров

12:46 Выпускники должны отработать грант: что будет, если... 99 Просмотров

12:34 Фанаты ФК "Атырау" требуют отставки руководства клуба... 83 Просмотров

12:32 "Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров... 149 Просмотров

12:19 Вузы в соцсетях: Алматинские медики – абсолютные лидеры... 635 Просмотров

12:15 Качество дорог в Акмолинской области проверяет... 121 Просмотров

12:10 Алматыда 11 мыңнан астам адам вакцина салдырды... 88 Просмотров

11:59 Алматинцев предупредили о возможном сходе лавин в горах... 100 Просмотров

11:59 Алматыда екі кісі өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі... 84 Просмотров

11:49 Алматы облысында аудан кіреберісіне блок бекеттер қойылды... 92 Просмотров

11:47 Даулет Турлыханов переизбран президентом UWW Asia... 86 Просмотров

11:36 Более 10 тысяч алматинцев провакцинировали за сутки... 98 Просмотров

11:34 Жыл басынан бері қазақстандықтарға 672 млрд теңге зейнетақы... 87 Просмотров

11:25 Курс доллара составил 433,54 тенге... 89 Просмотров

11:24 Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарым өмірден озды... 84 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930