13 апреля 2021 г.

Мы в соц сетях:



Қазақстандағы банктер бірлескен мәлімдеме жасады

03 март 2021, 17:50
Қазақстандағы банктер бірлескен мәлімдеме жасады
Алаяқтық жағдайдың көбейіп кетуіне байланысты еліміздегі банктер бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Банктердің мәлімдемесін қаз-қалпында беруді жөн санадық.

Бірлескен мәлімдеме
Kaspi.kz, «Сбербанк» ЕБ АҚ, Halyk Bank, Нұрбанк, ВТБ Банк (Қазақстан), ForteBank, Jýsan Bank, AltynBank, Хоум Кредит Банк, Еуразиялық банк, «Альфа-Банк Қазақстан» ЕБ АҚ

Құрметті клиенттер!

Алаяқтардың банк клиенттеріне шабуыл жасауы тағы да жиілеп кетті. Мұның кең таралған бірнеше әдісі бар. Алаяқтар:

• Қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Күдікті операциялар туралы айтып, клиент шотынан ақша аударуға қажетті мәліметтерді алуға тырысады. Мысалы жеке кабинетте құпиясөзді ауыстыруды, жаңа құпиясөзді және SMS-хабарлама арқылы келген құпия кодты айтуды сұрайды. Бұл мәліметтер арқылы алаяқтар клиент шотындағы ақшаны аударып, тіпті оның атына ақшалай кредит рәсімдеуі мүмкін.

• Қоңырау шалып, клиент шотынан ақша ұрлануы қаупі барын, қаражатты жедел түрде «қосымша шотқа», «сақтандыру агентіне», «сақтандыру ұяшығына» т.б аудару керегін айтады. Аңыздар әртүрлі болуы мүмкін, бастысы – клиент қаражатын басқа шотқа аударуға көндіру. Кейбір жағдайда алаяқтар арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен банк нөмірінен қоңырау шалған болады немесе ұқсас нөмірден қоңырау шалады.

• Пошта немесе мессенджерлерге қайырымдылық акциясы, ерекше қаржылық қызметтер, жүлделер ұтысы және т.б шаралар туралы ақпарат таратады. Оларда жеке мәліметтерді енгізуге және банктік операцияларды жасауға арналған сілтемелер болады. Адам карта мәліметтерін енгізген сәтте алаяқтар ақша шешіп алады. Сондай-ақ сілтемеде алаяқтарға сіздің қосымшаңызға кіруге мүмкіндік беретін вирустар болуы мүмкін.

• Қоңырау шалып басқа біреудің сіздің жеке кабинетіңізге кіруге талпынып жатқанын айтып, қауіпсіздік үшін қосымша жүктеп алуды ұсынады. Мұндай қосымшалар алаяқтарға телефоныңызға кіруге мүмкіндік береді. Одан кейін сіздің атыңыздан қоңырау шалып, қаржылық операцияларды жасауы мүмкін.

Банктер өз клиенттерінің сенімін бағалайды. Жеке мәліметтер мен электронды қаржы аударымдарының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Сондықтан алаяқтар қоданушылардың өздерін алдау арқылы ақша жымқыруға тырысады.

Есте ұстаңыз, алаяқтар адамды үрейлендіріп, ойланып, жағдайды бағамдап үлгеруге мүмкіндік бермей, қаражатын жылдам алуға тырысады. Үрейленбеңіз, мұқият болыңыз! Біз зиянкестердің әрекетіне тек бірге қарсы тұра аламыз.

Мына ақпаратты сақтап алуды өтінеміз:
Егер сізге алаяқ қоңырау шалса, не істеу керек?

Алаяқпен сөйлеспеңіз. Тұтқаны қойыңыз. Шоттағы ақшаңыздың орнында екеніне көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, банктің call-орталығына қоңырау шалыңыз.

Ешкімге айтпаңыз:

• Ұялы қосымша мен интернет-банкингтегі жеке кабинетіңіздің құпиясөзін;

• Карта реквизиттерін: нөмері, жарамдылық мерзімі, CVV/CVC-код (картаның артқы бөлігіндегі үштаңбалы код).

• Операцияны: төлем, аударым т.б растауға арналған SMS-кодты.

Бұл деректерді қоңырау шалған адам өзін банк қызметкері деп таныстырса да, банк нөміріне ұқсас нөмірден хабарласса да айтуға болмайды. Нағыз банк қызметкері мұндай ақпаратты сұрамайды. Бұл тек алаяқтарға ғана керек.

Орнатпаңыз:

• Таныс емес адамдар сұраса, кез келген ұялы қосымшаны

Сілтеме арқылы өтпеңіз:

• Хабарлама тіпті танымал банк немесе компания атынан келсе де. Сілтемені басқан соң компьютеріңізге зиянкес вирус кіруі мүмкін. Ол алаяқтарға сіздің банктік шоттағы қаражатыңызды ұрлауға мүмкіндік береді.

Толтырмаңыз:


• Жеке мәліметтеріңізді сұрайтын анкетеларды толтырмаңыз. Егер сілтеме арқылы өтсеңіз, анкета, сауалнаманы ашпаңыз, өзіңіз туралы ақпарат қалдырмаңыз. Нағыз акциялар мен ұтыс ойындары туралы білгіңіз келсе, банктердің ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларын оқыңыз.
Просмотров материала: 549

Поделиться материалом


16:59 Тоқаев діндарларды шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды... 17 Просмотров

16:51 Көшеде жас жігіт өліп жатыр. Алматы полициясы түсінік берді... 38 Просмотров

16:45 А.Мамин доложил К.Токаеву о эпидситуации в стране... 26 Просмотров

16:37 "Айтайық жарапазан елімізге!" эстафетасы басталды... 50 Просмотров

16:35 Қызықты тарихи фактілер топтамасы... 39 Просмотров

16:28 Қазақстан бойынша 14 сәуірге арналған ауа райы болжамы... 90 Просмотров

16:12 17,6 млрд тенге планируют потратить на выборы сельских... 48 Просмотров

16:10 Әлиханға шүйліккен директор Кульбаеваға ескерту жасалды... 196 Просмотров

16:00 Өз депутатыңды таны: Адамбаев Сырым... 64 Просмотров

15:54 15 лет колонии дали жителю Костанайской области за убийство... 62 Просмотров

15:49 Алматыда интернет ұстамайтын 218 соқыр аймақ табылды... 69 Просмотров

15:35 Ограбление на 45 млн тенге в Уральске: подсудимым вынесли... 78 Просмотров

15:28 Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері қанша?... 97 Просмотров

15:21 Пастухов подозревают в мошенничестве на 174 миллиона тенге... 70 Просмотров

15:19 Шенеуніктер қандай сыйлықтар үшін жауапкершілікке тартылады?... 85 Просмотров

15:11 «Асоциальная сеть» — история о темной стороне всемирной... 80 Просмотров

14:51 Қазақстандық мұнайшылардың 90%-ы вакцинадан бас тартты... 93 Просмотров

14:37 2021 жылы мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады... 160 Просмотров

14:20 Қарағанды маңындағы су қоймасында балық қырылып жатыр... 92 Просмотров

14:06 Жемқорлықпен күреспейтін басшыларды жауапқа тарту қажет –... 90 Просмотров

13:55 Мощный взрыв прогремел в Актау... 75 Просмотров

13:38 Студентов задержали за торговлю наркотиками в Алматы... 94 Просмотров

13:25 Водитель протащил полицейского на авто в Туркестанской... 77 Просмотров

13:12 Назван средний размер пенсии в Казахстане... 104 Просмотров

12:59 Алматинку приговорили к 5 годам за ДТП со смертельным... 79 Просмотров

12:56 Алматыда жедел жәрдем қызметіндегі тексеріс: істің мән-жайы... 87 Просмотров

12:46 Выпускники должны отработать грант: что будет, если... 99 Просмотров

12:34 Фанаты ФК "Атырау" требуют отставки руководства клуба... 81 Просмотров

12:32 "Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров... 146 Просмотров

12:19 Вузы в соцсетях: Алматинские медики – абсолютные лидеры... 623 Просмотров

12:15 Качество дорог в Акмолинской области проверяет... 121 Просмотров

12:10 Алматыда 11 мыңнан астам адам вакцина салдырды... 87 Просмотров

11:59 Алматинцев предупредили о возможном сходе лавин в горах... 100 Просмотров

11:59 Алматыда екі кісі өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі... 84 Просмотров

11:49 Алматы облысында аудан кіреберісіне блок бекеттер қойылды... 92 Просмотров

11:47 Даулет Турлыханов переизбран президентом UWW Asia... 86 Просмотров

11:36 Более 10 тысяч алматинцев провакцинировали за сутки... 97 Просмотров

11:34 Жыл басынан бері қазақстандықтарға 672 млрд теңге зейнетақы... 86 Просмотров

11:25 Курс доллара составил 433,54 тенге... 89 Просмотров

11:24 Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарым өмірден озды... 84 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930