20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда отбасыларды әлеуметтік қолдау: 2021 жылға қаржыландыру көлемі артты

27 февраль 2021, 12:21
Қазақстанда отбасыларды әлеуметтік қолдау: 2021 жылға қаржыландыру көлемі артты
Былтыр отбасыларды әлеуметтік қолдау тұрғысында 600 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік қолдау жасалды. Ал 2021 жылы Қазақстанда балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда елеулі сомаға өскен. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұл салада жүргізген есеп-қисабын, талдауын көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.


2020 жылғы көрсеткіштер

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау аясында 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 635,3 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.

«Осылайша, 430,7 мың адам жалпы сомасы 52,3 млрд теңгеге бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны алды. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақыны 2020 жылы орта есеппен 120,9 мың адам 31,7 млрд теңге сомаға алды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайынғы жәрдемақымен жалпы сомасы 49,1 млрд теңгеге 232,3 мың әйел қамтылды», - делінген Еңбек министрлігінің мәліметінде.

4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 2020 жылы жалпы сомасы 236,2 млрд теңгеге 428 290 мың отбасы алды.

2020 жылы мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға ай сайынғы жәрдемақыны 89,5 мың адам 49,6 млрд теңге сомасында алды.

«18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны 14,5 мың адам алды, оларға 8 млрд теңге төленді. Болашақ ана бала тууға толық дайын болуы үшін 2008 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып саналатын жұмыс істейтін әйелдерге МӘСҚ қаражаты есебінен жүктілікке және бала тууға байланысты біржолғы төлем жүзеге асырылады. 2020 жылы оны жалпы сомасы 96,4 млрд теңгеге 203,1 мың адам алды. Бала туғаннан кейін МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемдер жасалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша оларды жалпы сомасы 106,4 млрд теңгеге 501,6 мың адам алды», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін олардың бала күтімі бойынша 1 жасқа дейінгі демалыста болған кезеңінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді.

2020 жылы республикалық бюджеттен МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушы 87 275 адамның жеке зейнетақы шоттарына 5,7 млрд теңге аударылды.

Биылға қаржыландыру артты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың мәліметінше, 2021 жылы Қазақстанда балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 120 млрд теңгеден астам сомаға өсті.

Министр өз сөзінде Қазақстанда балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылатынын баса айтты.

«Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Ана мен баланы қолдау үшін республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бірқатар әлеуметтік төлемдер көзделген. 2020 жылы шамамен 1,9 миллион адам балалы отбасыларды қолдауға бағытталған сомасы 635,3 млрд теңгеге 8 түрлі жәрдемақы мен төлем алды, бұл 2019 жылғы төлемдер сомасынан 71 пайызға жоғары. 2021 жылға осы мақсатқа 755,4 млрд теңге, оның ішінде бюджеттен 501,7 млрд теңге және МӘСҚ-тан 253,7 млрд теңге көзделген», - деді С. Шәпкенов Еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сонымен қатар министр елдің барлық өңірінде жұмыспен қамту, оқыту және басқа да мәселелер бойынша көмек көрсету үшін отбасын қолдауға арналған 31 орталық ашылғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық бюджеттен мынадай жәрдемақылар төленеді: бала туғанда берілетін бірреттік жәрдемақы; бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайынғы жәрдемақы; көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға ай сайынғы жәрдемақы; 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім көрсету бойынша ай сайынғы жәрдемақы.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып саналатын жұмыс істейтін әйелдер үшін МӘСҚ-тан: жүктілік және босану үшін біржолғы және бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы төлем төленеді. Бұдан басқа, жұмыс істейтін әйелдерге 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде міндетті зейнетақы жарнасы субсидияланады.

Атаулы әлеуметтік көмектің үлесі қандай

Табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетуге 2021 жылы 122,8 млрд теңге қарастырылған.

Серік Шәпкенов өз сөзінде Мемлекет басшысының ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекке ынталандыруды арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында 2020 жылдан бастап АӘК көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілгенін еске салды. Әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады, еңбекке қабілетті АӘК алушыларға қойылатын талаптар және учаскелік комиссиялар институты күшейтіледі, табысы аз отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама (әлеуметтік топтама) ұсынылады.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша алушылар саны 184 мың отбасынан 936 мың адамды құрады, оның ішінде 600 мың бала (64%), 73,5 мың көпбалалы отбасы», – деді министр.

Әлеуметтік топтаманы ұсыну аясында 2020 жылы мектеп жасына дейінгі 218 мыңнан астам бала азық-түлік жиынтығымен (ай сайын) және гигиеналық құралдармен (тоқсан сайын) қамтамасыз етілді. Оқу кезеңінде 217 мың мектеп жасындағы бала тегін тамақпен және жеңілдікті жол жүрумен қамтамасыз етілді, ал оқу жылы басталар алдында мектеп формасы мен керек-жарақтарын алды.

Ведомство басшысы АӘК аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 43 мыңға жуық іс-шарасы жүзеге асырылғанын хабарлады. Еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылар тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жіберілді, қайта даярлаудан немесе кәсіпкерлікке оқытудан өтті, сондай-ақ өз ісін ашуға жеңілдікті микрокредиттер мен гранттар алды. Нәтижесінде, еңбекке қабілетті АӘК алушылардың 74 пайыздан астамы немесе 201 мыңға жуығы жұмыс істейді және жұмыспен қамту іс-шараларына тартылған.

«АӘК-ті іске асыруға (әлеуметтік топтаманы ұсынуды ескере отырып) 2020 жылы 88,2 млрд теңге жұмсалды. 2021 жылға 122,8 млрд теңге, оның ішінде 96,3 млрд теңге республикалық бюджеттен және 26,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылған», – деді ол.

Сонымен қатар, Серік Шәпкенов өткен жылы тек Қарағанды және Ақтөбе облыстары ғана АӘК төлеуге жергілікті бюджеттерден кемінде 15 пайыз мөлшерінде бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз еткенін атап өтті.

«2021 жылы Есеп комитетінің ұсынымы бойынша қоса қаржыландыру үлесі кемінде 20 пайызды құрауға тиіс. Осыған байланысты әкімдердің орынбасарларынан АӘК төлемдерін бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударуды сұраймын», – деп атап өтті ол.

Бұдан бөлек министр биыл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді орындау үшін «Әлеуметтік әмиянды» пилоттық түрде енгізу жоспарланғанын хабарлады. Әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларды немесе қызметтерді сатып алып қана қоймай, алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра алады.

«Пандемия кезеңі әлеуметтік өзара іс-қимылдың қалыптасқан моделін өзгерту қажеттігін көрсетті. Өткен жылы Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары мен халықтың тікелей байланысын болдырмау үшін біз электрондық үкімет порталы арқылы АӘК алуға өтініш беруді енгіздік. Биылғы жылы осы тетікті бекітіп, өтініштерді беруді eGov-қа толығымен көшіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап біз барлық өңірлерде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік топтама ұсыну бойынша пилотты іске қостық. Биыл АӘК туралы Заңға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік жәрдемақыны қамтамасыз етуге көшу жоспарлануда», – деді Серік Шәпкенов.


Дереккөз: Қазақпарат.
Просмотров материала: 1 168

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 722 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 545 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 513 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 447 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 431 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 746 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 465 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 377 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 445 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 449 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930