19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаевқа 5G-ге көшуге дайындық туралы есеп берілді

19 февраль 2021, 17:05
Тоқаевқа 5G-ге көшуге дайындық туралы есеп берілді
Мемлекет басшысы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда .

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары, цифрландырудың даму перспективалары, сондай-ақ, интернет байланысына, соның ішінде, Президенттің халыққа Жолдауындағы ауылдық жерлерде қол жетімділікті арттыруға бағытталған тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Министр Мемлекет басшысына байланыс сапасының талаптары бекітілгені жөнінде баяндады. 3G/4G желілері үшін сапаның төменгі шегі анықталды. Бұған дейін байланыс сапасының төменгі шегі регламенттелмеген болатын.

Сонымен қатар радиотолқындарды аукцион форматында анықтау жөніндегі заңнамаға енгізілетін өзгерістер әзірленді. Бұл 5G желісіне көшуде маңызды роль атқарады. Сондай-ақ, енгізілетін өзгерістерге сәйкес байланыс сапасының параметрлерін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі 1000 АЕК болмақ.

Президентке мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Министр eGov mobile мобильді қосымшасына биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу жайында айтты. Бұл халықтың мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне тіркеліп, қызмет алу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған қосымша арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын тездетуді тапсырды.

Президентке "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қолға алынған е-арыз-шағымдар қызмет жүйесі таныстырылды. Бұл азаматтардың компьютер түймесін бірнеше мәрте басу арқылы өтініш-шағымдарын беруіне және жедел түрде мемлекеттік органдардан жауап алуына мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы осындай қызметтің құрылуына қолдау білдіріп, оны тиімді енгізуге тапсырма берді.

Сонымен қатар Бағдат Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясының жұмысы, оның ішінде, бүкіл еліміз бойынша халыққа қызмет көрсететін 115 орталықты жаңғырту жоспары туралы айтты. Осыған байланысты мемлекеттік корпорацияның кадрлық әлеуетін арттыру мәселесі өте маңызды болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа басшылық қызметтерге үміткерлерді, соның ішінде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жетекшілерін іріктегенде президенттік жастар кадрлық резервінің тәжірибесін пайдаланатыны жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы бұл идеяны қолдап, іріктеу үдерісінің барынша ашық болуын қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды. Бұл жұмыстар Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе атқарылады.

Бағдат Мусин Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Цифрлық Қазақстан" ұлттық жобасының трансформациялану үдерісі туралы баяндады. Онда мемлекеттің азаматтармен өзара ықпалдастығына, халықтың мәселелерін шешуге байланысты барлық тыныс-тіршілікті есепке алуға баса мән беріледі.

Бұдан бөлек министр Мемлекет басшысына қазақстандық KazSat байланыс серігінің жүйесін дамыту жөнінде баяндады. Атап айтқанда инновациялық шешімдердің пайдасы үшін, соның ішінде байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің шығуымен байланысты KazSat-2R жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл бюджеттің миллиардтаған теңге қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Просмотров материала: 892

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 541 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 363 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 333 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 268 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 248 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 437 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 200 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 224 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 657 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 790 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 679 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 292 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 243 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 394 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930