20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Атажұртына оралған білікті хирург орыс тілін білмегені үшін базарда саудагер болып жүр

16 февраль 2021, 14:33
Атажұртына оралған білікті хирург орыс тілін білмегені үшін базарда саудагер болып жүр
Қытайдан қоныс аударған қазақ (хирург – авт.) медицинадағы мансабын базардағы сауда-саттыққа алмастырған. Қандасымыз елдегі тіл мәселесі оның кәсіби қызметін жалғастыруына кедергі болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2007 жылы Қытайдан тарихи отанына оралуды көздеген Әлімтай Әбеусейіт бірден Қазақстан астанасына көшіп келген. Қытай жерінде туып өскен қандасымыз Құлжадағы жоғарғы оқу орнын медицина мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Құлжадағы медициналық колледждің (университет – авт.) жалпы медицина факультетін бітірдім. Төрт жыл УДЗ-ға (УЗИ) түсіретін маман ретінде жұмыс істедім. Содан соң 8 жыл хирург болып еңбек еттім. Көкірек, құрсақ ауруларына операция жасайтынмын. Қытайдағы Іле-Қазақ автономды округіндегі Күнес ауданының ауруханасында жұмыс істедім. Ол жақта шамамен 120 мыңнан аса қазақ тұрады», - дейді Әлімтай мырза.

Алайда, Әлімтай Әбеусейіт тарихи отанына оралған соң медициналық қызметін жалғастыра алмаған. Еліміздегі қос тілділік дәрігердің кәсіби жолына тосқауыл болған екен.

«Қазақстанға келгеннен кейін өз мамандығым бойынша кәсібімді жалғастыра алмадым. Өйткені, тіл білмедім. Қазақ емес, орыс тілін білмедім. Ол кезде мұнда қазақ тілінде сөйлейтіндер өте аз болатын. Көпшілігі орысша сөйлейтін. Біз орысша сөздерді тек теледидардан еститінбіз. Біз тұрған жерде орыстар мүлдем болған жоқ. Қазақстанда дәрігерлердің жұмысы орыс тілінде жүргізілетін, қазір де солай. Қытайда тек өз тілінде. Менде тіл үйренетін уақыт болған жоқ. Себебі, отбасымды асырауым керек. Оған қоса, мен келген тұсата дәрігерлердің айлығы да аз болды. Әрине жалақыны сылтау қылмай, жұртпен бірге күн көруге болатын еді. Бірақ бұл жерде барлық мәселе ең бірінші кезекте тілге келіп тірелді. Қазақстанға оралған соң, еліме кішігірім болса да, пайдам тисе екен деп армандаған едім, бірақ бәрі мен ойлағандай болмады», - дейді қандасымыз.

Әлімтай Әбеусейітке таныстарынан қалалық емханаға жұмысқа орналасу туралы ұсыныс түскен екен. Алайда, ол кезде де қызметтен бас тартуға тура келген.

«№2 қалалық емханаға жұмысқа орналасудың бір-екі амалын қарастырып, қол ұшын созған азаматтар болды. Бірақ, менің барғым келмеді. Өйткені, құжат толтыру керек деген мәселе бар. Дәрігерлер ауру тарихын жазуға міндетті. Оны жаза білмесем, қалай жұмыс істеймін? Мен тек қана операция жасаймын деп қол қусырып отыруға болмайды», - деді тәжірибелі маман.

Отбасының қамын ойлаған қандасымыз көп ұзамай бауырларына еріп, базарға сауда-саттық жасауға шыққан. Алғашқыда тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек тауарларды сатумен айналысқан. Дегенмен, ол жерде де тілге қатысты қиындықтарға тап болған.

«Саудаға шыққанда да біраз кедергіе тап болдым. Тауардың атын да, бағасын да орысша айта алмаймын. Біреу орысша сұрақ қойса, бетіне қарап тұратынмын, не айтып жатқанын түсінбейтінмін. Әлі күнге дейін орысшаны толық түсіне бермеймін. Бірақ өзімнің сатып тұрған тауарларымның атауы мен бағасын айтуды үйрендім», - дейді саудагер.

Бір қызығы, Әлімтай Әбеусейіттің әулетінде әкесі де, туған бауырлары да медицина саласында еңбек еткен жандар. Алайда қандасымыздың ағасы да, інісі де елдегі тіл мәселесінің құрбаны болғандықтан, нәпақасын базардан тауып жүр.

«Інім де, ағам да дәрігер. Бәріміз сол тіл білмегендіктен саудаға шықтық. Біздің әкеміз Күнестегі аурухананың басшысы болған адам», - дейді ол.

Әлімтай Әбеусейіт келешекте өз клиникасын ашуды армандайды. Халық емшілігін де жетік білетін маман бұл мақсатын жүзеге асыру үшін әзірге қаражат жинап жүрген жайы бар.
Просмотров материала: 5 566

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 805 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 628 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 598 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 532 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 514 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 451 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 211 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 236 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 672 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 804 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 777 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 468 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 326 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 448 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 162 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 478 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 954 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930