4 июля 2022 г.

Мы в соц сетях:



Банктің "қара тізіміне" енгендер зейнетақы жинағын пайдалана ала ма?

02 февраль 2021, 16:17
Банктің "қара тізіміне" енгендер зейнетақы жинағын пайдалана ала ма?
Кредиттік тарихы бұзылған адамдар зейнетақы жинағын арнайы есепшотқа түсіре алады. Бірақ ипотека рәсімдегенде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл туралы Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

"Адамның кредиттік тарихы зейнетақы жинағын алуға кедергі бола алмайды. Өтініш жіберіп, бір жолғы төлемді алуға мүмкіндік бар. Сондықтан кредиттік тарихтың дұрыс болмауы мен зейнетақы жинағын алудың арасындағы ешқандай байланыс жоқ", – деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, банктің "қара тізіміне" енген адам электронды портал арқылы өтінішті емін-еркін жібере алады. Арнайы есепшотқа зейнетақы жинағының бір бөлігі де түседі. Бірақ ипотека рәсімдегенде қиындықтар туындауы мүмкін.

"Егер жаңа ипотекалық заем аламын десеңіз, онда міндетті түрде екінші деңгейлі банктерді аралап, тиімті шарттары бар ипотеканы іздейсіз. Ал ондайда адамның бұған дейінгі қарызды қалай қайтарғанына қарайды. Былайша айтқанда, кредиттік тарихына үңіледі", – деп атап көрсетті банк басшысы.

Ипотека рәсімдеудің мүмкіндігі қандай?

Осы орайда Ибрагимова Отбасы банкінің тәжірибесін айтып берді. Оның айтуынша, азаматтың мерзімі өтіп кеткен карызы болмаса, ипотеканы рәсімдеуге мүмкіндігі бар.

"Мысалы, қарызды кеше ғана өтесеңіз де, ипотекаға құжат тапсырсаңыз болады. Ең бастысы, мерзімі өтіп кеткен төлемдер болмаса жеткілікті. Басқа банктермен арадағы қарым-қатынасыңыз да есепке алынбайды. Ал нарықтық бағдарламалар бойынша екінші деңгейлі банктегі қарызды жапқаннан кейін үш ай күту керек. Сол кезде адамның кредиттік тарихы түзелген болып саналады", – дейді Ибрагимова.


Айта кетейік, 23 қаңтарда бірыңғай зейнетақы жинағын алуға арналған портал – enpf-otbasy.kz сайты іске қосылған болатын. Сол арқылы өтініш жіберіп, арнайы есепшот ашуға болады. Бес күннің ішінде оған БЖЗҚ-дан ақша түседі. Ал оператор 10 күнде қаржыны тиісті мақсатта жұмсау операцияларын орындайды. Жалпы, зейнетақы жинақтарын пайдалануға 45 күн беріледі. Осы уақыттың ішінде ақшаны пайдаланбаса, оны зейнетақы қорына қайтарады.

Әзірше, тұрғын үйді сатып алу және ипотеканы өтеу қызметі қарастырылған. Жақын арада зейнетақы жинақтарын емдеу шараларына және сенімгерлік басқаруға беру тәртібі бекітіледі.
Просмотров материала: 407

Поделиться материалом


18:01 В Акмолинской области открылся первый инклюзивный... 93 Просмотров

17:44 Е.Тугжанов: Госорганы должны постоянно анализировать риски... 115 Просмотров

17:29 Алматы в "желтой" зоне: Главный санврач города подписал... 135 Просмотров

17:17 Проект Европейского Союза и МТЦ Ready4Trade запустил... 148 Просмотров

16:58 Летние каникулы с IVI... 134 Просмотров

16:39 Реабилитацию «особенных» детей проводит Центр раннего... 155 Просмотров

16:01 Төрт гарнизонда 825 млн теңгенің мүлкі мен қорғаныс... 140 Просмотров

15:48 Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт ашылды... 204 Просмотров

15:39 Походы в магазин облегчают кошелек казахстанцев за месяц на... 151 Просмотров

15:29 Қазақстанда жыл басынан бері 9,5 мың интернет-алаяқтық... 162 Просмотров

15:25 Қорғаныс министрі Жаркент гарнизонында болды... 161 Просмотров

15:20 Токаев поговорил по телефону с президентов Узбекистана... 159 Просмотров

15:10 Елімізде былтыр 50 мыңға жуық отбасы ажырасып кетті –... 201 Просмотров

15:05 21 нарколабораторию ликвидировали в Казахстане... 147 Просмотров

14:57 Ерлан Қошанов: Бізге тұрақты, әділ және болжамды салық... 173 Просмотров

14:37 Нүкістегі тәртіпсіздіктер салдарынан 18 адам көз жұмды –... 154 Просмотров

14:21 Қарағандыда қатты желдің салдарынан тұтанған өртті сөндіру... 166 Просмотров

14:09 Елімізде адам саудасына қатысты қылмыстар 19% азайған... 130 Просмотров

12:56 Тоғжанов балаларды мектепке дайындау туралы: Бағаның өсуіне... 285 Просмотров

12:42 Тоқаевқа заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтару... 181 Просмотров

12:34 Бетперде тағуды бастауымыз қажет - Тоғжанов... 395 Просмотров

12:30 4 шілдеде Жер Күннен алыстайды... 165 Просмотров

12:10 Алматыдағы ірі сауда орталығына тағы бомба қойылды... 161 Просмотров

11:55 Павлодарда темекі бермеген ер адамды жасөспірімдер ұрып... 152 Просмотров

11:51 Елімізде бір жылда 2,4 млн тонна ластаушы заттар шығарылды... 141 Просмотров

11:46 Қарақалпақстандағы наразылықтар – Нүкіс әуежайында... 153 Просмотров

11:20 Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін... 165 Просмотров

11:09 Алматылық азамат таксиде белгісіз жағдайда қайтыс болды... 167 Просмотров

10:48 + 38 градус. Алматы облысында ескерту жасалды... 127 Просмотров

10:30 Нұр-Сұлтан әкімдігі Махамбет Әбжанға «дұрыс жазбалары» үшін... 166 Просмотров

10:27 Абайлаңыз! Шымкентте алаяқтықтың жаңа түрі анықталды... 162 Просмотров

10:18 Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды... 322 Просмотров

10:11 От этого не застрахован никто: 10 основных причин мужской... 223 Просмотров

10:00 Оқушылар автобусын бұрын сотталған адамдар жүргізген - Бас... 388 Просмотров

09:44 Тұңғыш президенттің мәдениет саласындағы мемлекеттік... 139 Просмотров

09:30 Альпі тауларында мұздықтар опырылып, 15 адам із-түзсіз кетті... 154 Просмотров

09:15 ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясында Арал теңізінің... 144 Просмотров

08:40 9,3 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның... 137 Просмотров

08:01 Cиноптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын хабарлады... 237 Просмотров

07:53 Балалар ұшақпен тегін ұшады – бағдарламаның талаптары қандай... 441 Просмотров





Опрос


«    Июль 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031