26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аида Балаеваның министрлігі 2021 жылы не істемек екенін айтты

29 январь 2021, 14:37
Аида Балаеваның министрлігі 2021 жылы не істемек екенін айтты
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өткен жылды қорытындылап, ағымдағы жылдың жоспарын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысуымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыс онлайн-форматта бейнеконференц-байланыстарды қосу арқылы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілді.

Алқа отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ саяси партиялардың, үкіметтік емес және діни ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ералы Тоғжанов өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі республикалық жоспар аясындағы іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.
Алқа отырыс барысында спикерлер ақпарат және қоғамдық даму саласындағы бірқатар маңызды жобалар туралы айтты. Министрліктің қызметі туралы есеп беру баяндамаларымен: азаматтық қоғам саласында атқарылған жұмыстар туралы вице-министр - Болат Тлепов; ақпараттық жұмыс және медиа саланы дамыту туралы вице-министр - Кемелбек Ойшыбаев; жастар және отбасылық саясат саласында атқарылған жұмыстар жөнінде вице-министр - Асхат Оралов; сонымен қатар Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов сөз алды.

Бұдан бөлек, азаматтық қоғам өкілдерінен негізгі спикерлер ретінде: Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті - Бану Нұрғазиева, "Atameken Business" бас директоры Қанат Сахариянов болды. Олар пандемия кезіндегі азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері, ақпараттық саланың дамуы жөнінде өз ұсынастары мен пікірлерін айтып берді.

Министр Аида Балаева өз сөзінде 2020 жылғы негізгі нәтижелер мен Министрліктің 2021 жылға арналған міндеттерін атап өтті. Оның айтуынша, 2020 жылы Министрлік қойылған барлық міндеттерді короновирустық пандемияға байланысты өзгертулерді ескере отырып толықтай жүзеге асырды.

Аида Балаеваның айтуынша, қоғамдық көңіл-күйді тұрақтандырудың шешуші факторларының бірі - жалған ақпаратты жедел теріске шығару және халықты stopfake.kz және coronavirus2020.kz сайттарында КВИ даму динамикасы мен ауқымы туралы үнемі хабардар ету болып отыр.

Министрлік өткен жылы журналистердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсын, сондай-ақ салалық журналистиканы дамытуды бастады. Қазіргі уақытта бұл бастамалар жүзеге асырылып жатыр,- деді ол.
Министр мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды берудің жаңа ережелері, БАҚ туралы жаңа Заңды әзірлеу және телеарналарда отандық ақпараттық контент үлесінің артуы бойынша жүргізілген жұмыстарға бөлек тоқталып өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы шетелдік контент 30%-ға қысқартылды.

"Ведомство құзыретіне қоғам өміріндегі бірнеше маңызды бағыттар қатысты , сондықтан біздің миссиямыз маңызды. Дегенмен, менің ойымша, биыл біз нәтижелікті арттырып, сәйкесінше, - деңгейді жоғары көтеруіміз керек" - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Аида Балаева келесі аптада облыстарда онлайн режимде де, оффлайн режимде де ұйымдастырылатын Министрлік күндері басталатынын айтты. Осы іс-шаралар аясында барлық облыстардың тұрғындарын Министрлік жүргізіп жатқан жұмыстармен таныстыру жоспарлануда.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі: "Біздің маңызды міндеттеріміз - мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін және ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды қамтамасыз ету", — деді.

Алқа қорытындысы бойынша, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Министрлік басшылығына бірқатар тапсырмалар берді.

Просмотров материала: 539

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 276 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 097 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 069 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 011 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 994 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 866 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 060 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 581 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 728 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930