26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Полиция алып кетуі мүмкін": көршілер шулағанда не істеу керек

28 январь 2021, 15:50
"Полиция алып кетуі мүмкін": көршілер шулағанда не істеу керек
Бүгінде жаңадан салынған тұрғын үйлердің басты проблемасы – пәтерлер арасындағы қабырғаның жұқа болуы, дыбыс ап-анық естіледі. Бірақ қонақтар жиналса, қалың қабырға да көмектеспейді. Содан адамның жүйкесі тозады, ұйқысы бұзылады, денсаулығы да нашарлайды. Ал ылғи шулайтын көршілер болса, шара қолданудан басқа амал жоқ. Sputnik Қазақстан осы мәселеге қатысты заңгерлер кеңесін жазып алды.

Заң не дейді

Бүгінде Әкімшілік кодексте тыныштықты бұзуға арналған бап бар. Сонда тыныштықты сақтаудың нақты уақыты жазылған. Жұмыс күндері – 22:00-ден таңғы сағат 9:00-ге дейін, ал демалыс пен мереке күндері 23:00 мен 10:00-дің арасында шулауға тыйым салынған. Айыппұлдың көлемі де көрсетілген. Олар:

жеке тұлғаларға – 5 АЕК (14 585 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (58 340 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК (87 510 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 100 АЕК (291 700 теңге).
Бір жылдың ішінде тәртіп бұзушылық қайталанса, айыппұлдың мөлшері екі есеге өседі. Бірақ заңға сәйкес, шұғыл қажеттілігі бар жұмыстар үшін айыппұл салынбайды.

Дәлел керек пе

Сонымен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы бұзылса, полицияны немесе учаскелік инспекторды шақыруға болады. Заңгерлер алдымен шулап жатқан көршіге ауызша ескерту жасауға кеңес беріп отыр. Бұдан бөлек, көршілер чатында жазуға болады. Оған да көнбесе, шара қолдану қажет.

Заңгер Данияр Байғабатовтың айтуынша, полиция қызметкері көршілерден жауап алып, тәртіп бұзған адамға айыппұл салуға міндетті. Сосын арыз түсірген пәтер иесінің шағымы бар. Осының негізінде әкімшілік іс қозғалады.

"Әрине, тыныштықты бұзған адамдар да қарсы дәлел келтіріп, өздерін қорғай алады. Оған шектеу жоқ. Олар полиция келгенше тынышталса да, айыппұл салуға болады. Өйткені тәртіп бұзуға қатысты шағым түсті. Басқа көршілердің жауабы бар. Бір адам растай ма, екі адам растай ма, полиция айыппұл салуға міндетті", - дейді Байгабатов.

Оның сөзіне қарағанда, әкімшілік хаттаманы сол жерде рәсімдейді. Полиция бөлімшесіне алып кетуі де мүмкін. Мысалы, тәртіп бұзған адамның жеке куәлігі болмаса, оның жеке басын анықтау үшін полиция бөлімшесіне алып барады.

"Заңда нақты уақыт пен нақты талап жазылған. "Тыныштық" деген сөзді бәріміз білеміз. Түнгі сағат 22:00-ден кейін адамның тыныштығын бұзатын айқай-шу мен қатты дыбыстар болмауы керек", - дейді Байгабатов.

Күндіз шулаған көршілерді қандай шара қолдануға болады

Қазіргі заңнамада түнгі тыныштыққа қатысты нақты норма бар. Дегенмен, күндіз де қатты шулаған адамдарға айыппұл салуға болады. Себебі тиісті нормативтерде тұрғын үйлердің ішіндегі дыбыстық шектеулер белгіленген. Оның деңгейі күндіз 45-55 децибелден аспауы тиіс. Мәселен, көрші музыканы қатты қойса, оның дауысы 55 децибелден асып кетуі әбден мүмкін. Алайда полицейлер оны өлшей алмайды. Себебі арнайы құрал-жабдықтары жоқ. Заңгерлер санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын шақыруға кеңес беріп отыр. Өйткені дыбыстық шектеулерге қатысты гигиеналық норматив солардың құзіретіне жатады.

Санитарлар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы - "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша айыппұл сала алады. Оның мөлшері де әртүрлі.

жеке тұлғаларға – 30 АЕК (87 510 теңге);
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК (670 910 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК (904 270);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК (4 667 200).

Ал осы әрекеттер адам денсаулығына зиян келсе, жеке тұлғаларға салынатын айыппұлдың көлемі 200 АЕК-ке (583 400 теңге) дейін барады. Сол сияқты лауазымды адамдар мен кәсіпкерлерге салынатын айыппұл екі есеге артады.

Күндіз ешқандай дәлел болмаса, қандай шара қолданылады

Заңгерлер тәртіп бұзушылықты видеоға басып алуға болады дейді. Оған қоса, дыбыстық өлшемдер жасалса, тіпті жақсы. Бірақ осы іспетті дәлелдер болмаған жағдайда полицейлер басқа баппен әкімшілік хаттама толтыра алады. Ол – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы - "Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер".

Осы бапқа сәйкес, 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынады, я болмаса, 10 тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған. Бір жылдың ішінде тәртіп бұзушылық қайталанса, айыппұлдың көлемі де, қамауға алу мерзімі де артады.


Просмотров материала: 469

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 387 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 206 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 177 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 121 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 105 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 499 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 279 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 877 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 098 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 614 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 172 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 762 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930