9 марта 2021 г.

Мы в соц сетях:



Қазақстандық оқушыларға шетел мектептерінде қашықтан оқуға тыйым салынды

27 январь 2021, 16:17
Қазақстандық оқушыларға шетел мектептерінде қашықтан оқуға тыйым салынды
Қазақстанда пандемия кезінде балалардың шетелдік мектептерге көшуі жиілеп кетті. Алайда қашықтан оқыту режимі болса да басқа елде білім алуға болмайды. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Қаланың бас педагогі қазақстандық ата-аналар баласына шетелден балама білім беруге болады деп ойлап жүргенін айтты. Осыдан кейін Қазақстанда "Білім туралы" заңға өзгерістер енгізілген.

"Пандемия кезінде қашықтан оқуға байланысты қазақстандық мектептерде оқытудың баламасы ретінде шетелдік оқу орындарына ауысу жағдайы жиілеп кетті. Осыған байланысты ата-аналар ресейлік қашықтан оқыту мектептерінде немесе басқа елдердің мектептерінде оқуға болады деп ойлап жүр. Бұл қолданыстағы заңға қайшы келеді. Осыған байланысты "Білім туралы" заңға өзгерістер енгізілді", - деп атап өтті Ермекбаева.

Өзгерістерге сәйкес қазақстандық ата-ана немесе заңды өкілдер баланың қазақстандық білім беру ұйымдарында немесе лицензиясы бар халықаралық мектептерде орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тізімге заңнамада белгіленген тәртіппен шет елдерге кеткен балалар кірмейді.

"Шетелдік мектептерге ауысқан Қазақстан азаматтары мен балалар Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарына оралуы қажет. Сондай-ақ, ата-ана мен заңды өкілдер баланың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті екенін қосқым келеді. "Келу" сөзі тура мағынасында оқу орнына келуі және сабаққа қатысуын білдіреді. Заң шығарушы орган "оқу" емес, "келу" ұғымын қолданған. Егер "оқуды қамтамасыз ету" сөзі қолданылса, онда ата-анаға (заңды өкілдер) қойылатын негізгі талап баланың білімді алу нысанына қарамастан білім алуы болар еді", - деп толықтырды департамент басшысы.

Гүлнар Ермекбаева тағы бір маңызды мәселені атап өтті. Конституцияға сәйкес орта білім алу міндетті болып табылады.

"Жоғарыда аталған мәселені ескере отырып, ата-ана баласының орта білім алатын мектептер мен колледждерге баруын, яғни физикалық тұрғыда сабақта болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ерекше білім алу қажеті бар қашықтан оқитын балалар бұл тізімге кірмейді", - деп қорытындылады ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мәселесі бойынша түзетулер енгізілген заңнамалық актіге қол қойған болатын. Өзгерістер 2021 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов те Қазақстан президенті қол қойған білім беру саласындағы жаңалықтарды түсіндіріп өтті.
Просмотров материала: 1 758

Поделиться материалом


13:06 Елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді... 69 Просмотров

12:51 Желідегілер апаттан кейін өртенген өзеннің видеосын қызу... 98 Просмотров

12:32 Қазақстанда 10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша... 89 Просмотров

12:26 Қазақстан мобильді интернеттің жылдамдығы бойынша... 96 Просмотров

12:22 Проект о повышении тарифов на электроэнергию вынесли на... 93 Просмотров

12:20 Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын... 92 Просмотров

12:04 Вам позвонили из банка? - это МОШЕННИКИ... 112 Просмотров

12:03 Мектептерде қазақ күресі мен тоғызқұмалақ міндетті сабақ... 139 Просмотров

11:58 30 мыңнан аса қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе салдырды... 103 Просмотров

11:45 Пандемия кейбір әлеуметтік проблеманы ашып берді. Депутат... 83 Просмотров

11:30 Ақтөбеде зорландым деген 20 жастағы келіншектің өзі... 274 Просмотров

11:13 Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Мерейтойлық төсбелгі... 191 Просмотров

11:11 Акиматы в соцсетях: Начало года осталось за Меркенским... 125 Просмотров

11:08 Асхат Аймағамбетов педагогтардың біліктілігін арттыру үшін... 289 Просмотров

10:53 1 мамырдан балалар спорт секцияларын жан басына... 168 Просмотров

10:40 Итті көлікке байлап сүйреген жүргізуші қазақстандықтардың... 97 Просмотров

10:23 Азғындықты насихаттайтын шеруді де көз көрді-ау - Ләззат... 759 Просмотров

10:16 8 наурыздағы құттықтауы үшін ҚТЖ кешірім сұрады... 108 Просмотров

10:00 Чаттағы шатпақ. Қостанайда полиция қызметкері сынаптасын... 167 Просмотров

09:40 Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға «жаман видео» қосылып... 157 Просмотров

09:37 Бір тәулікте 2 науқас коронавирус пневмониясынан қайтыс... 105 Просмотров

09:30 Түркістан облысында 8 наурыз қарсаңында үшем дүниеге келді... 259 Просмотров

09:25 Таныс әйелді құттықтап барған астаналық ер адамның қылмыс... 328 Просмотров

09:01 Елімізде өткен тәулікте 571 адам вирус жұқтырған... 110 Просмотров

13:04 Ақмола облысының әкімі әйелдерді 8 наурыз мерекесімен... 1 461 Просмотров

13:00 Главный санврач Казахстана подписал новое постановление... 1 353 Просмотров

12:47 Қазақстандағы БҰҰ агенттіктері әйелдерге қатысты мәлімдеме... 1 538 Просмотров

12:38 В Павлодаре мужчина распилил дом на две части и построил... 1 433 Просмотров

12:25 Опубликовано постановление главного санврача Мангистауской... 1 286 Просмотров

12:21 Экология министрлігі Қарағандыдағы «жолаушы» арыстан... 1 581 Просмотров

12:05 У прилетевшего из Дубая казахстанца выявлен коронавирус... 1 281 Просмотров

12:04 Еліміздің төрт облысында жол қайта ашылды... 1 475 Просмотров

11:56 Әйел құқығы: Әлемде және Қазақстанда... 1 439 Просмотров

11:53 Строители трамплинов в Алматы 11 лет не могут получить... 1 367 Просмотров

11:41 Льва в машине засняли в Караганде... 1 262 Просмотров

11:31 Землетрясение зарегистрировали близ Алматы... 1 290 Просмотров

11:20 150 фур застряли на дороге из-за бурана в Акмолинской... 1 278 Просмотров

11:19 2 мегаполис пен 4 облыс сары аймақта тұр... 830 Просмотров

11:07 Пять пассажирских автобусов сгорели на месторождении Тенгиз... 812 Просмотров

11:00 Елімізде коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды... 389 Просмотров





Опрос


«    Март 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031