8 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Олимпиада уақытында өтеді. Ешқандай басқа жоспар жоқ – Томас Бах

26 январь 2021, 15:50
Олимпиада уақытында өтеді. Ешқандай басқа жоспар жоқ – Томас Бах
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Ұлттық Олимпиада комитеттерінің басшыларымен кеңейтілген телеконференция өткізді деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығы да онлайн-кездесуге қатысты. Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер қаралды. Екі сағаттан аса уақыт бойы қатысушылар ғаламдық пандемия, спортшыларды вакцинациялау, БҰҰ резолюциясы мен алдағы Токио-2020 және Бейжің-2022 Олимпиадаларына дайындықты талқылады.

Жиын барысында сөз алған Томас Бах 2021 жылдың қарбаласқа толы болатынын атап өтті. Өйткені, Токиодағы Олимпиада ойындарынан кейін 6 ай өткен соң қысқы Олимпиада ойындары басталады. Мұндай жайт тарихта алғаш рет орын алмақ. Қазіргі сәтте ХОК екі ірі спорттық іс-шараға толыққанды дайындық жүргізуде.

Томас Бах 2020 жылғы Токио Олимпиадасы қарсаңындағы түрлі сыбыстар мен қауесеттерге тойтарыс беру үшін Олимпиадалық қозғалыстың бірлесіп жұмыс істеуі қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.

Қазір Олимпиадалық қозғалыстың бар назары 2020 жылғы Токио ойындарына бағытталған. 21 қаңтардың кеші мен 22 қаңтар күнгі жаңалықтарда Жапонияның Олимпиаданы өткізуден бас тартатыны туралы арандатушылық бағыттағы жазбалар көп болды. Бірақ бұл жалған ақпарат. Мен баршаңызды тек қана ресми дереккөздер мен ХОК-тың ресми мәлімдемесіне сенуге шақырамын. 22 қаңтар күні Жапония билігімен телефон арқылы сөйлестім, олар Жапония билігі атынан ресми мәлімдеме мүлде болмағанын айтты. Тағы да қайталап айтамын, Олимпиада ойындары мен барлық жарыстар және іс-шаралар жоспарланған уақытында өтеді. Осы салаға қызығушылық танытқан тараптардың бәрі де Ойынды сәтті өткізу үшін тынымсыз еңбектенуде. Сондықтан, «Б» жоспарын ойластыруға негіз жоқ. Жапония нақты қадамдар арқылы бұл ойынды өткізуге дайын екенін баршамызға көрсетті. Сондай-ақ, елдегі саяси пікірталастарға қарамастан, Қытай да қысқы ойындарды өткізуге әзір, - деді ХОК президенті.


ХОК басшысы Олимпиада ойындарына қатысушыларды вакцинациялау туралы да айтты. Томас Бах осы сұраққа қатысты Ұлттық Олимпиадалық комитеттерге көмектесуге уәде беріп, барлық спортшыларды вакцина қабылдауға шақырды. Алайда, вакцинациялау әр спортшының еркі бойынша жүргізіледі.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Жапония және ХОК-пен бірлесе отырып коронавирусқа қарсы шаралар тізбегін жетілдіруде. Осы орайда, спортшылардың келуі, олардың қозғалысы, тестілеуді ұйымдастыру және жарысқа қатысуға дейінгі барлық аспектілер есепке алынған. Жапония билігі жарыс кезінде көрермендер мен жанкүйерлерді трибунаға кіргізу мәселесін мұқият зерттеуде. Томас Бах барлық сауалдар мен маман кеңестерін талқылаған соң, ХОК өз ұсынысын жеткізетінін мәлімдеді.

Жапония Олимпиада ойындарын асыға күтуде. Олимпиаданың басталуына бар болғаны алты ай қалды. Дайындық қарқынды жүріп жатыр, әр минут сайын алғабасушылық байқалады. Жапония билігінің ойыннан бас тартатыны туралы жақында шыққан жаңалық - жалған ақпарат. Біз күн сайын түрлі халықаралық және жергілікті ұйымдар мен спортшылардан қолдау хатын аламыз. Бізге мұндай қолдау аса қажет. Бізге әрқайсыңыздың қолдауларыңыз керек. Осыдан-ақ ойынның құндылығы арта түседі. Бәріміздің мақсатымыз ортақ, - деді Жапония Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Ясухиро Ямашита.

ХОК басшысы наурыз айында өтетін ХОК-тың 137-ші Сессиясы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықтың аяқталуы мен ковид кезеңіндегі Олимпиадалық қозғалыстың болашағына бағытталатынын айтты. Сессия аяқталған соң Ұлттық Олимпиада комитеттерімен тағы бір кездесу өткізу жоспарланған. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қашанда басымдық береді. Қазіргі сәтте Ұлттық Олимпиадалық комитет Қазақстан ұлттық федерацияларымен бірлесе отырып, алдағы Олимпиада ойындарына дайындықты жалғастыруда.

Просмотров материала: 3 575

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 94 018 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 830 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 801 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 740 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 731 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 582 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 327 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 357 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 857 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 012 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 749 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 367 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 516 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 423 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 168 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 341 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 194 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 146 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 492 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 183 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 094 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 945 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 343 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 850 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 988 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 198 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 438 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 927 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 017 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 285 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031