18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балаңа тәйт деме: қазақты құрдымға апаратын заң

19 январь 2021, 15:07
Балаңа тәйт деме: қазақты құрдымға апаратын заң
Қоғам белсенділері мен шоу-бизнес өкілдері отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңға наразылығын білдіріп, дабыл қағып жатыр. Құжаттағы талаптарды көрген ата-аналардың да төбе шашы тік тұрған. Енді балаңыздың денесі көгеріп, аз уақыт қараусыз қалса, жауапты органдар оны алып кете ме? Елді елең еткізетіндей бұл құжатта тағы не бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мәжілістің ресми сайтындағы депутаттардың қарауында жатқан 50 заңның ішіндегі дау тудырғаны осы. "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" деп аталады. Міне осы құжат, көпті алаңдатып отыр.

Олардың қатарында Өскемен тұрғыны Оксана да бар. Ол анасы көз жұмған соң артынан ерген бауырына бас-көз болып қалған. Тәрбиелік мақсатта қатты сөйлейтін кездерім де болады, дейді. Бірақ, осы үшін інісін тартып алуы мүмкін дегенді естігенде мазасы кетіпті.

Оксана Юрикона, қала тұрғыны:

Мен кейбір сәтте ұрсып не болмайды деп жекіп қалуым мүмкін. Анамыз ортамызда болса бәлкім басқалай айтар ма еді. Мұны сырттан көрген бір адам баланы кемсітіп жатыр деп санап арызданса бауырымды тартып алады деген сөз. Бұл заңның қабылданбағанын қалаймын немесе түсініксіз тұстарын дұрыстап қайта қарау керек.

Заң жобасына көңілі толмайтын азаматтардың қарасы көбейіп келеді. Тіпті петицияға қол жинап жатқандар да бар. Заң жобасы шикі және қайшылыққа толы деген белсенділер оның, отбасыға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады.

Анатолий Ким, заңгер:

Біз бұл өмірді бірінші рет сүріп жатқан жоқпыз. Баланы тәрбиесінен хабарымыз бар. Сондықтан бәзбіреу бізге, біздің халыққа тәрбие төңірегінде үйретуге құқы жоқ. Мысалы, бір баланы ата-анасынан тартып алды делік. Оны қайда жібереді? Мемлекеттік ұйымға береді деген жазуды көріп тұрған жоқпын. Арғы тағдыры не болмақ? Осыны ойлаған біреу бар ма?

Желіде желдей ескен жаңалық бұқараға жүзі таныс адамдарды да бейжай қалдырмады. Актер Мадияр Серікбаев құжаттың кемшін тұстары көп екеніне сенімді.

Мадияр Серікбаев, актер:

Баламның табанына кірген тікен, маңдайыма кірсе деп баламыздың болашағын ойлап келеміз. Бірақ, қазір біз қиын жағдайда тұрмыз.
Әлеуметтік желіде іле-шала бұл ұранды өзге азаматтар іліп әкетті. Елордада бір топ заңгерлермен бас қосқан Бағила Балғабаева заңның құрылымымен танысқанын айтады. Кейбір тұстарымен түбегейлі келіспейді.

Бағила Балғабаева, Қазақстан ата-аналар одағының мүшесі, құқық қорғаушы:

Бостандығына шек қоятын, шектейтін салт-дәстүрге тыйым деп тұр. Мен ұлымды ертең дәстүріміз бойынша сүндетке отырғызамын. Права и свободу дейді. Бала өз еркімен барғысы келмейді ол жерге. Осы салт кіріп кетуі мүмкін. Ол жерде дәл осы деп айтылып тұрған жоқ. Бірақ салт-дәстүр деп тұр.

Тақырыпқа қатысты пікірталастың таразысы тең болсын деп заң жобасының талқылауына бірінші күннен қатысып жүрген Салтанат Тұрсынбековамен сұхбаттастық. Заңгер жұрт дүрлігетіндей жоғарыда аталған құжатта ештеңе жоқ екеніне сенімді.

Салтанат Тұрсынбекова, заңгер, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі:

Заң жобасында әйтеу бір нәрсені өзгерту керек деген ұғым тұрған жоқ. Түсінбей жатқан азаматтарға айтып кетейін. Бұл жерде батыстың тәлім-тәрбиесін тықпалау жоқ. Балаларға ұрысқаны үшін алып кетеді деген де қарастырылмаған. Тоңазытқышта тамақ толып тұрмады, жаңа үлгідегі смартфон әпермедің деп сізге ешкім шүйлікпейді. Тағы айтамын, мұндай дүниелер әзірленіп жатқан заңда жоқ!

"Отбасық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын мәжілістің бір топ депутаты әзірлеген. Құжатты талқылау барысында төменгі палата төрағасы Үкімет мүшелері тарапынан түзетуді іске асыруға дайындық төмен екенін айтқан еді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Қазір біз арнайы 5-6 министрліктің орынбасарларын шақырдық. Бас прокуратура орынбасарын шақырдық. МВД осында болуы керек. Координация жоқ осы жұмыста. Ұйымдастырамыз. Қалай ұйымдастырасыңдар?!

Заң тек бірінші оқылымда қаралған. Әлі бекітілмеген, сәйкесінше Сенатқа жіберілмеген. Жаңа сайланған депутаттар құжатқа өзгеріс қажет деген жұрттың үндеуіне құлақ аса ма жоқ па? Ол жағы алдағы отырыстарда белгілі болады.

Просмотров материала: 468

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 502 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 324 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 294 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 229 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 209 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 434 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 198 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 222 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 654 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 785 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 666 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 291 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 232 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 383 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930