9 марта 2021 г.

Мы в соц сетях:



"7% қосып еді, бәрі қымбаттады": Ақтөбеде азық-түлік бағасы шарықтап кетті

"7% қосып еді, бәрі қымбаттады": Ақтөбеде азық-түлік бағасы шарықтап кетті
Ақтөбеде азық-түліктің бағасы шарықтап кетті. Әсіресе, қант, жұмыртқа, сұйық май едәуір қымбаттаған. Арнайы мекемелер әлеуметтік маңызы бар тауарларды қымбаттатқандарға қатысты тергеуді бастады. Егер қолдан жасалған қымбатшылық болса, айыппұл салынбақ, деп хабарлайды Аstanatv.kz телеарнасы.

Өңірдегі азық-түлік бағасының құбылуы, өткен жылдан басталған. Бір жыл ішінде қант 56 пайызға, қарақұмық 40 пайызға, күнбағыс майы 31 пайызға қымбаттапты. Бұқара: "басқа-басқа – тамақ алуға қаражаттың жетпей жатқанын" айтты.

"Пенсияға 7 пайыз қосып еді. Бәрі қымбаттап шыға келді. Тіпті, 2 есеге қымбаттады. Жұмыртқа 30 теңге еді, қазір 60-70 теңге. Былтыр картоп 60 теңге еді. Биыл 160 теңге. Халықтың жағдайын ойласа осылай бола ма", – дейді жергілікті тұрғындар.

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың айтуынша, бұрын шемішкі май 5 литрі 2 мың теңге болған, қазір 3 мыңға шыққан. Ал табысы аз 60-70 мың айлық алатындардың жағдайы қиындай түскен.

Қымбатшылықты арнайы мамандардың жүргізген талдауы да растаған. Олардың зерттеуінше желтоқсан айында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 4%-тен 12%-ке дейін өскен.

"Желтоқсан айының соңғы күндерін 2020 жылдың қарашасымен салыстырғанда бағаның өсуі байқалады. Күнбағыс майы – 12,3%, қант – 4,6%, жұмыртқа – 3,4%, кептірілген кеспе – 1,4%, қарақұмық жармасы 1,2%-ке қымбаттаған", – дейді ұлттық статистикалық бюроның ақтөбе облыстық департаментінің басқарма басшысы Шара Нұрпейісова.

Жергілікті атқамінерлер болса, қарап жатпағандарын жеткізді. Қаладағы ірі сауда орындарымен бағаны тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойғандарын айтады. Ал азық бағасының күн санап өсуін олар өндірушілердің бағаны көтеруімен байланыстырып отыр.

"Қант өндірісі облыста жоқ. Қазақстанда тек екі өңір Жамбыл мен Алматы облысының өңдіру көлемі республиканы қамтуға келмейді. Біз Ресейден, Белоруссиядан импорттаймыз. Қазір Ресей нарығын қорғау мақсатында экспорттағы мөлшерін көтерді. Сол себепті баға көтеріліп жатыр", – дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.


Ал күнбағыс майы Ақтөбенің өзінде шығарылады. Атқамінерлер өндірушілердің делдалдар арқылы қолдан баға көтеріп жатқанын анықтаған. Тіпті, бұған қатысты қазір тексеру жұмыстарын бастапты.

"Күнбағыс майын өндірушіге қатысты хабарламаның орындалмауына байланысты қарсы тергеу тағайыдалды. Оның нәтижелері бойынша заңбұзушылық фактілері болған жағдайда, монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады", – дейді бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Сағындық Ерғалиев.

Мамандар жұмыртқа өндірушілерге қатысты да тексеру жұмыстарын қолға алған. Кәсіпкерлердің бағаны қолдан өсіруге әрекеттенгендері анықталса, қомақты айыппұл арқалауы мүмкін.

Просмотров материала: 770

Поделиться материалом


13:04 Ақмола облысының әкімі әйелдерді 8 наурыз мерекесімен... 1 227 Просмотров

13:00 Главный санврач Казахстана подписал новое постановление... 1 139 Просмотров

12:47 Қазақстандағы БҰҰ агенттіктері әйелдерге қатысты мәлімдеме... 1 304 Просмотров

12:38 В Павлодаре мужчина распилил дом на две части и построил... 1 213 Просмотров

12:25 Опубликовано постановление главного санврача Мангистауской... 1 093 Просмотров

12:21 Экология министрлігі Қарағандыдағы «жолаушы» арыстан... 1 364 Просмотров

12:05 У прилетевшего из Дубая казахстанца выявлен коронавирус... 1 091 Просмотров

12:04 Еліміздің төрт облысында жол қайта ашылды... 1 262 Просмотров

11:56 Әйел құқығы: Әлемде және Қазақстанда... 1 229 Просмотров

11:53 Строители трамплинов в Алматы 11 лет не могут получить... 1 171 Просмотров

11:41 Льва в машине засняли в Караганде... 1 088 Просмотров

11:31 Землетрясение зарегистрировали близ Алматы... 1 118 Просмотров

11:20 150 фур застряли на дороге из-за бурана в Акмолинской... 1 106 Просмотров

11:19 2 мегаполис пен 4 облыс сары аймақта тұр... 718 Просмотров

11:07 Пять пассажирских автобусов сгорели на месторождении Тенгиз... 704 Просмотров

11:00 Елімізде коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды... 338 Просмотров

10:55 Трое взрослых и один ребенок погибли от угарного газа в... 319 Просмотров

10:46 6 наурыз күнгі ауа райы болжамы... 419 Просмотров

10:43 Пропавшего подростка из Тараза нашли в Алматы... 397 Просмотров

10:35 Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды... 385 Просмотров

10:25 ЕНТ пройдет с 10 марта по 10 апреля... 403 Просмотров

10:21 Теңіз кен орнында бес жолаушылар автобусы өртенді... 344 Просмотров

10:12 Еще 10 казахстанцев скончались от коронавируса и пневмонии... 341 Просмотров

10:06 Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек... 333 Просмотров

10:02 За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 832 заболевших КВИ... 427 Просмотров

18:01 Республиканские командно-штабные учения «Көктем - 2021»... 728 Просмотров

17:59 COVID-19: І-кезең бойынша қазақстандықтарға 28 мыңнан аса... 700 Просмотров

17:54 Әкімнің қызметтен кетуі Жаңатастағы оқиғаға еш қатысы жоқ... 709 Просмотров

17:45 Болельщиков могут пустить на матч сборной Казахстана с... 667 Просмотров

17:40 Санитарлық дәрігердің қаулысы. Мектеп оқушылары қалай оқиды... 688 Просмотров

17:29 Трассы закрыли из-за непогоды в двух регионах Казахстана... 668 Просмотров

17:25 Банк атынан хабарласатын алаяқтарға қалай жауап беру керек?... 711 Просмотров

17:21 До 29 марта продлили карантин в Шымкенте... 642 Просмотров

17:10 Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты... 711 Просмотров

17:08 Штормовое предупреждение объявили в шести областях... 655 Просмотров

16:56 Екі қызды зорлағаны үшін сотталған маньяк үйленбекші(ВИДЕО)... 978 Просмотров

16:52 Более 28 тысяч человек получили прививки от коронавируса в... 617 Просмотров

16:42 Ashyq қосымшасы Алматыда қай мекемелерде қолданылады... 694 Просмотров

16:40 Как будут учиться школьники с 1 марта... 551 Просмотров

16:30 Руслан Бекетаев назначен министром по экономике и... 382 Просмотров





Опрос


«    Март 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031