20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Енді колледждер ақылы негізде қызмет көрсетіп, дайындаған тауарларын сата алады

13 январь 2021, 11:29
Енді колледждер ақылы негізде қызмет көрсетіп, дайындаған тауарларын сата алады
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп берді,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жуырда Заңға енгізілген жаңа түзетулер ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім) беру деңгейін де қамтығанын айтқан болатынмын. Жаңа өзгерістер туралы толығырақ тарқатып өтейін, - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Қандай өзгерістер енгізілді:

1. Енді студенттердің дуалды жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады.

Бұл колледж түлектерінің жұмысқа айтарлықтай тәжірибемен орналасу мүмкіндігін арттырады.

2. Бекітілген заңнамаға сәйкес уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы норма алынып тасталды.

Бұған дейін біз әр біліктіліктер бойынша білім алу мерзімдерін қатаң бекітетінбіз.

Орташа есеппен алғанда, оқу мерзімі 2 жылдан 3 жыл 10 айға дейін жалғасатын.

Енді оқу ұзақтығы нақты білім беру бағдарламасына және қажетті оқу нәтижелеріне байланысты болады. Жаңа өзгерістерге сәйкес колледждер жұмыс берушілермен келісе отырып, кәсіптік стандарттар немесе нарық талаптары негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады. Кейін оны ҚР БҒМ бағдарламаларының тізіліміне қосып, соған байланысты кадрлар дайындайды. Осылайша, жұмысшы және орта буын мамандарын даярлауда колледждердің икемділігі арта түседі, - деді министр.

Яғни, колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын өздері қалыптастыратын болады.

Оқу жоспарлары мен бағдарламалары жастарға қажетті біліктіліктер алуға және қысқа мерзімде жұмысқа орналасуға жағдай жасайды, сондай-ақ олар қажет болған кезде оқуға қайта оралып, басқа да қосымша біліктіліктер мен дағдыларды меңгере алады.

Бұл шаралар өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуге мүмкіндік береді. ТжКБ жүйесі оқу аяқталғанға дейін іс жүзінде жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін мамандарды даярлайтын болады. Айтпақшы, бұған дейін дәл осындай норма академиялық дербестікті кеңейту шеңберінде жоғары білім беру жүйесінде де қабылданып, өзінің тиімділігін көрсеткен болатын, - деп жазды ол.

3. Колледж өкілдері көтерген тағы бір мәселе шешімін тапты. Енді колледждер ақылы негізде қызмет көрсетіп, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда, оқу полигондарында дайындаған тауарларын сата алады.

Мәселен, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттер практика кезінде темірден сапалы конструкциялар жасайды, жас кондитерлер керемет өнімдер пісіреді, қолөнер бағытындағы мамандықтары бойынша оқитын студенттер киізден, керамикадан, ағаштан, былғарыдан, зергерлік бұйымдардан авторлық бұйымдар дайындайды. Бірақ оның бәрін сата алмайтын. Енді олар өз қолымен дайындаған өнімдерін (жұмыстарын, қызметтерін) сата алады және түскен табыс есебінен шеберханалар үшін қосымша шығын материалдарын сатып алуына болады, - деп айтты Аймағамбетов.

Оқу тәжірибесі кезінде студенттер дайындаған өнімдерді сатуға рұқсат беру арқылы өндірістік оқытудың сапасын арттыруға болады.

Тұтастай алғанда, мұны кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін жасалған ынталандыру ретінде де қарастыруға болады.

4. Қазір жоғары оқу орындарына қарасты біраз колледждер жұмыс істейді, бірақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол оқу орындары бюджет есебінен кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс ала алмайды.

Жаңа түзетулерге сәйкес бұл мәселе оң шешімін тапты.

5. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін колледждердің аккредиттеуден өтуіне қатысты талаптар алынып тасталды.

Бұл процедура айтарлықтай бюджеттік шығындарды талап ететін.

Енді ТжКБ ұйымдары уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келген жағдайда аккредиттеуден өтпей-ақ мемлекеттік тапсырысты орналастыру рәсіміне қатыса алады.

Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі болашақ мамандарды неғұрлым икемді, бейімделгіш, тиімді етіп және жұмыс орындарында талап етілетін құзыреттерді барынша үйретуге дағдылануы тиіс, - деп түсіндірді Білім басшысы.
Еске сала кетейік, 8 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

Просмотров материала: 572

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 714 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 537 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 505 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 440 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 423 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 743 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 296 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 446 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930