19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мердігер жалақысын ала алмай жүрген құрылысшыларды кеңседен қуып шықты

12 январь 2021, 17:28
Мердігер жалақысын ала алмай жүрген құрылысшыларды кеңседен қуып шықты
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автожолының құрылысына қатысқан бір топ жұмысшы жалақысын ала алмай жүр, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz. Олар Алматы-Қалбатау учаскесінің 935-ші шақырымында жол жабындысы үшін инертті материал тасымалдауға жеке жүк көлігімен бірге жалданған. Жұмысшылар мердігер «Афина Паллада Холдинг» (құрылтайшысы Анатолий Иванов) компаниясымен келісімшартқа отырып, ұзақтығы 12 шақырым жол құрылысына атсалысқан.

Жүк көлігінің жүргізушілері 2020 жылдың сәуірі мен қыркүйек айы аралығында тапсырысты орындаған. Мердігер алғашқы екі ай - сәуір-мамыр үшін жалақы төлегенмен, маусым, шілде, тамыз айларындағы еңбегі үшін ақысын бермеген. Жұмысшылар қолында мұны дәлелдейтін жеке келісімшарт, табель және атқарылған жұмыс туралы акт бар екен айтады.

«Өзімнің жеке жүк көлігім бар. Сонымен келіп жұмыс істеуге шақырды. Алматы-Өскемен трассасын салып жатқан жерге құм-тас тасымалдау үшін бардым. Біз келісім-шартқа отырып, жұмысты бастадық. Күні-түні тоқтамай жұмыс істедік, бір көлікті екі ауысыммен айдадық. Содан үш айлық еңбекақымызды бермей қойды. Осының кесірінен отбасымның да шырқы бұзылды. Ақша апармаған соң үйде ұрыс-керіс болады. Бірақ мұны жұмыс берушілер түсінгісі келмейді. Мен сағатпен жұмыс істеуге келіскенмін. Мемлекеттің қаражатына салынып жатқан нысан болған соң сендім. Қазір маған мерігерлердің берешегі 2 млн 500 мың теңге. Одан бері 4 ай уақыт өтті, ала алмай жүрмін. Бүгін келсек, бізді кеңселерінен қуып шықты», - дейді Дәулет Ахмадиев.

Жалақысын ала алмай жүргендердің бірі - Айдос Байбосынов есімді жұмысшы.

«Афина Палада Холдинг» деген компаниямен 6 ай жұмыс істедік. Біздің бригадирдің атына тіркелген жеке кәсіпкерлік (ИП - авт.) болатын, сол онымен келісімшарт жасады. Ал біз оның қол астында жұмыс істедік. Бұл мемлекеттен бөлініп жатқан қаржы ғой. Шығыс Қазақстан халқының жол бітпейді, бірнеше жыл болды деп шағымданғанын көрдік. Сол ақша қайда кетіп жатыр десек, ортада жүрген мынадай фирмалар жеп жатыр. Біз бригадамызбен 12 шақырым жол жасадық, бір-екі қабат төселсе төлейтінін айтты. Сеніп жүре бердік. Бала-шағамызды тастап, 6 ай айдалада шаң мен тозаңда, күннің ыстығында пандемия жағдайында еңбек еттік. Мен алғаш барғанда сәуір, мамыр, маусым айы үшін 970 мың теңге алдым. Сосын тағы үш ай жұмыс істедім. Енді маған 2 млн 700 мың теңге қарыз, екі жүргізуші бөліп алуымыз керек», - деп шағымданды Айдос Байбосынов есімді жұмысшы.

Құрылысшылардың сөзіне қарағанда, жұмысшыларға орындалған жұмыстың актісі мен табельге сәйкес 25 млн теңге төленбей отыр. Олар Алматы-Қалбатау аймағында 17 «КАМАЗ» жүк көлігімен инертті материал тасымалдаған. Көліктер тәулік бойы тоқтамай жұмыс істеу үшін қосымша жүргізушілер жалданыпты. Еңбеккерлердің айтуынша, «Афина Паллада Холдинг» ЖШС маусым, шілде, тамыз айындағы жалақысын бермей отыр. Қыркүйек айынан бері мердігер компанияның кеңсесіне бірнеше рет барған. Соңғы рет 30 желтоқсанда келген, одан соң 12 қаңтарда беруге уәде берген. Алайда өзін мердігер компанияның атқарушы директоры деп таныстырған Иллона Иванова бүгін жұмысшылар мен БАҚ өкілдерін кеңсесінен күшпен қуып шықты. Серіктестік өкілі жұмысшылардың құжаттарында шикілік бар екенін айтады. Бірақ көлік жүргізушілерінің тас жолды салуға қатысқанын жоққа шығарған жоқ.

Ашық дерекөздегі ақпарат бойынша, «Афина Паллада Холдинг» ЖШС 2009 жылы тіркелген. Қызмет ету саласы сәулет және құрылыс деп көрсетіліпті. Компания жетекшісі Иванов Анатолий Юрьевич 60 жаста, Қазақстан азаматы. Бүгін жұмысшыларды кеңсесіне кіргізбей қойған Иллона есімді әйел осы азаматтың қызы екені белгілі болды. Орта бизнес ретінде тіркелген мекемеде 16-20 адам жұмыс істейді деген ақпарат шығып тұр. Ал Алматыдағы Алмалы аудандық кірістер басқармасы арқылы мемлекет қазынасына салық есебінен 161 366 532 теңге кіріс әкелген.

Мердігер жалақысын ала алмай жүрген құрылысшыларды кеңседен қуып шықты


«Қазавтожол» компаниясы жұмысшылардың жалақасының төленбеуіне қатысты тексеру жүргізіп үлгергенін мәлімдеді. Басқарма басшысы Ұлан Әліпов жақын арада жұмысшыларға жалақы төленетінін хабарлады.

«Алматы-Өскемен тас жолында қосалқы мердігер ретінде тіркелген «Афина Паллада Холдинг» компаниясы жұмысшыларға айлық төлемеген деген ақпарат келді. Сол бойынша біз қазір анықтама жүргіздік. Ол ЖШС 40 адамға 4 ай бойы айлық төлемеген. Оның көлемі 20 млн теңге. «КадрСтрой» бас мердігерінің басшысы Лазерев Валерий Албертовичпен де, «Афина Паллада Холдинг» басшысымен де сөйлестім. Осы аптаның аяғына дейін қарызды төлейміз деп уәде берді. Біз қадағалауға аламыз. Жалақысын төлеткіземіз. Бұдан былай осындай жағдай қайталанбауын ескерттік»,- деді «Қазавтожол» АҚ басшысы.

Ал амалы таусылған көлік жүргізушілері бүгін қалалық еңбек инспекциясына арыз жазды. Айта кету керек, Алматы-Өскемен-Қалбатау тас жолының Шығыс Қазақстандағы аумағы өткен жылы желтоқсан айында пайдалануға берілген. Бұл ірі жобаны жүзеге асыруға мемлекет қазынасынан 157 млрд теңге қарастырылған. Бүгінде оның 105 млрд-ы игеріліп, 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Әзірге 454 шақырымның 70%-на асфальт төселген, қалған жұмыс келесі жылғы көктемнен бастап жалғасын табады. Кеңес заманынан бері күрделі жөндеу көрмеген Алматы – Өскемен тас жолы екі жылдан бері қайта жаңғыртылып жатыр. Жобаға 6 асфальт шығаратын зауыт, 11 қосалқы мердігер компания жұмылдырылған.
Просмотров материала: 682

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 687 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 510 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 479 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 414 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 397 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 665 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 733 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 288 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 438 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930