29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан үкіметі отставкаға кетуге дайындалып жатыр

11 январь 2021, 16:03
Қазақстан үкіметі отставкаға кетуге дайындалып жатыр
Парламент сайлауынан кейін министрлер кабинетінің өкілеттігі тоқтатылады. Бұл – заңның талабы. Бұл туралы SputnikNews.kz хабарлайды.


Жексенбі, 10 қаңтар күні Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша парламентке үш партия өтіп отыр:

"Nur Otan" партиясы –71,09 %;
"Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,95 %;
Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) –9,10 %.
"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы мен "Адал" саяси партиясы жеті проценттік шекті бағындыра алмады.

Айта кетсек, қазіргі премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan-ның атынан ұсынылған мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізіміне енген болатын. Партиялық тізімде 126 адам бар.

"Қазақстан Республикасының үкімет туралы" конституциялық заңға сәйкес, үкімет парламент мәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған мәжілістің алдында өз өкiлеттiгiн доғарады. Премьер-министр мен министрлер үкiметтің жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн өз мiндетін атқара бередi.

"Біздің заңнамаға сәйкес, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Мен сайлау аяқталғаннан кейін парламентке барамын. Фракция жетекшілерімен, депутаттардың жаңа құрамымен премьер-министр мен үкімет мүшелерінің кандидатурасын ақылдасамын", - деді Тоқаев 10 қаңтарда журналистерге берген брифингте.

Премьер-министр тағайындалғаннан кейiн он күннің ішінде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды президенттің қарауына енгiзедi. Бұдан бөлек, ол үкімет мүшелігіне үміткер әрбір адамның кандидатурасын мәжілістің талқылауына шығарады. Бірақ олардың қатарына сыртқы істер, қорғаныс пен ішкі істер министрлері кірмейді.

Маминнің үкіметі: қызықты деректер

Асқар Мамин премьер-министрлікке 2019 жылы тағайындалды. Ақпан айында екі жыл болады. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев үкіметінің құрамында премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.

Бақытжан Сағынтаев үкіметті екі жарым жылдай басқарды. Бірақ сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетін сынға алып, экономиканы көтере алмағаны үшін отставкаға жіберді. Артынан ол мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды.

Жаңа үкіметті бекіткеннен кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі отставкаға кетті. Ал оның орнына келген Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің құрамын сақтап қалды. Бірақ өткен жылы жазда коронавирус пандемиясы өршіп кеткенде министрлерді отставкаға жіберіп қоя жаздаған. Себебі бірінші басшылар өз міндеттерін дұрыс атқармады. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныстың болғанын ашық айтты.

"Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындалып жүргенде маған кейбір өңірлер мен ведомстволардың бірінші басшыларын жұмыстан шығаруға, тіпті бүкіл үкіметті отставкаға жіберуге кеңес берді. Мұндай шешімді қоғам жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді. Бірақ, маған ұпай мүлде керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және құлақ асуға дайынмын, бірақ жұрт алдында ұпай жинағым келмейді. Бұған жасым да, лауазымым да сай емес", - деген еді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Министрлер кабинетінің қазіргі құрамы:
Қазақстан үкіметі отставкаға кетуге дайындалып жатыр

Айта кетейік, үкіметтің құрамында 18 министр бар. Олардың екеуі әйел - мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева. Ал ең жас басшы - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (37 жаста). Егде жастағы министр - ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жаста). Қазақстандық министрлердің орташа жасы – 49,7. Үкімет басшысы Асқар Маминнің өзі 55 жаста.

Просмотров материала: 1 145

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 614 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 453 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 439 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 376 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 332 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 639 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 295 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 449 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031