25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елбасы: «Тәжірибем мол, тағы бір қала сала аламын!»

09 январь 2021, 10:45
Елбасы: «Тәжірибем мол, тағы бір қала сала аламын!»
Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасында көрсетілген «Штрихи к портрету» деректі фильмінің үшінші бөлімінде айтты. Ондағы сұхбатта Елбасы өзінің жеке басына қатысты естеліктерін бөлісті, өз толғаныстарын шынайы тебіреніспен әңгімеледі, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңғыруының рәмізі болған елордамыздың қалай салынғанын еске түсіре келе, елімізде «тағы бір заманауи шаһар бой көтеріп келе жатқанына» назар аудартты.

– Бұл – Түркістан. Мен оған жақында ғана барып қайттым. 2018 жылы Түркістан менің Жарлығыммен облыс орталығына айналды. Сонда барлық ірі бизнесмендер мен инвесторларды жинап алып, қалада қандай нысандар тұрғызылуы тиістігін атап көрсеттім. Ол нысандардың кейбірі салынып та болды. Көрсеңіз көзіңіз тояды. Менің Астананы салу тәжірибем бар. Мен ештеңеден де қорықпаймын, кез келген қаланы сала аламын! Түркістан – климаты жайлы, өзі көркем қала болады. Егер елордада жаурап қалсаңыз, Түркістанға барып, шуаққа бөленіп қайтыңыз. Онда кең көшелер, сәулетті ғимараттар, музейлер, театр, Оқушылар сарайы, Конгресс-холл, еңселі стадион салынуда. Яғни, қазақ халқы тығыз тұратын оңтүстігімізде тағы бір ірі, жаңа қала бой көтеріп келеді. Мен бір жыл өткенде қайта бардым, танымастай өзгеріп кетіпті. Қатты сүйсіндім! – деді Елбасы.

Ол тағы бірер жылдан кейін Түркістан тіптен түрленіп сала беретініне сенім білдірді. Себебі, құрылысы жоспарланған 160-тай нысанның әзірге шамамен 60-ы ғана іске қосылған. Бұдан бөлек, барлық хандарымыздың музейі, бір шақырымға созылатын Керуен сарайы және басқа да ірі нысанның бәрі қолданысқа берілгенде, ол жерде мүлдем жаңа, ғажайып қала пайда болады.

Елордалықтар былтыр медициналық сақтандыруға 27,7 млрд теңгеден аса жарна аударған
Елорда тұрғындары сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүреді
Қалада тыныс алу қиындады
Тұңғыш Президент келесі бір замануи қала ретінде Ақтауды атады. Ол жақта, Каспий маңында әлемдік деңгейдегі курорт өркен жаюда.

Нұрсұлтан Назарбаев сөз арасында адамға кез келген жаста жас қалпын қалай сақтауға болатыны жайында ақыл-кеңес бере кетті.

– Ең бастысы, шектен тыс, мелдектей тойынбаған жөн. Уақытында, күніне 3 рет тамақтану керек. Еңсере алмайтын басыартық калорияларды жинамаған абзал. Мен қазір осы қағидатқа сәйкес өмір сүремін. Таңертең салат пен ботқа жеймін. Түскі асқа не көкөніс сорпасын, не балық, не ет жеймін. Ал кешкі асқа – балық немесе тауық еті. Менің рационым осы. Мүсінім сонша сымбатты демеспін, бірақ қалпымды сақтап қалдым! – деді ол.

Нұрсұлтан Әбішұлы артық салмақтан дене шынықтыру, көп серуендеу, жүгіру арқылы арылуды ұсынады.

– 80-нің сеңгіріне шыққан адам жасармайды. Рас, «тек жастар ғана қартаяды» деген тәмсіл бар. Мен бір жерден оқығанмын, ер адамның жасының үш түрі бар көрінеді. Біріншісі – биологиялық жасың, ол туған күніңмен есептеледі. Екіншісі – интеллектуалдық жасың. Жас кезіңде де, қартайғаныңда да интеллектуалды бола аласың. Егер миың қалыпты жұмыс істесе, онда сен кәрі адам емессің. Жалпы, бұл жас – Тәңірдің сыйлаған тартуы, оған жеткен де бар, жетпеген де бар. Бұл шақта дана боласың, кемелдене түсесің. Қызық, құмарлық – бәрі артта қалады, қарбалас пен ішкі кернеу жойылады, бәріне философиялық тұрғыдан қарайсың, ақыл таразысына саласың. Үшіншісі – адамның физикалық денсаулығы. Мен жастарға да, замандастарыма да қайырылғым келеді: адам бұлшық етін кез келген жаста шынықтырып ала алады. Кемелдікте шек жоқ. Тек жалқауланба, өзіңді әрдайым жетілдіруге тырыс. Сонда әрқашан өзіңді жақсы сезінесің. 80 жаста елуге енді ғана келгендей тың боласың! Медициналық тексерістерден өткенімде, оның қорытындылары осыны айғақтайды, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті қазіргі уақытта немен айналысып жүргеніне тоқтала кетті.

Біріншіден, үнемі спортпен шұғылданатынын, бұлшық еттерін ұдайы ширықтырып, қуатын молықтыруға мән беретінін айтты. Екіншіден, ми жұмыс істеуі, ақыл-ой жетілуі үшін тұрақты түрде кітаптар оқып тұрады, шахмат секілді зерделі ойындармен әуестенеді.

– Мұның бәрі адамның қолындағы дүние. Тек ерінбей, еңбектену керек. Таңғы астан кейін жаттығу залына беттеймін. Күн құрғатпай, ұдайы жаттығамын! Бұған шамамен 1 сағат бөлемін. Қандай бұлшық ет тобына жүктеме түсіруім керектігін жақсы білемін. Сондай-ақ суда жүзумен айналысамын. Бүгінде сүйікті істеріме уақыт таба алатын болдым. Мысалы, кенепке сурет саламын. Сонымен қатар гитарада ойнауға үйреніп жүрмін. Сыртта серуендеп қайтуды ұнатамын. Оның үстіне коронавируспен ауырғалы бері дәрігерлер далада көбірек жүруге кеңес берген. Түскі астан кейін жұмысқа шығамын, адамдарды қабылдаймын, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешеміз. Осылай уақыт өтіп жатыр, – деп түйді Елбасы Н.Назарбаев.

Деректі фильмнің толық нұсқасын төменде көре аласыз.

Просмотров материала: 560

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 153 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 975 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 945 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 885 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 866 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 266 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 853 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 015 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 541 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 690 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930